Файл: Тобы Мк315 Кні 30. 03. 2023 Cабаты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән атауы: Информатика теориясы және оқыту әдістемесі

Тобы: Мк-315

Күні: 30.03.2023

Cабақтың тақырыбы:Курстық жұмысты орындау үшін білім алушылармен алынған тапсырманың қалыптасуын келтіру. Курстық жұмыстың мазмұндық қойылымы


Курстық жұмысты орындауда:

  1. негізгі бөлімнің мазмұнын ашудан басқа – мәнжазба сипатта, зерттеуге алынатын, тәжірибеде қарастырылатын жұмыстың теориялық бөліміне назар аудару керек;

  2. Практикалық сипатта –практикалық бөлімдерді орындауға назарды ерекшелеу керек;

  3. Тәжірибеде теориялық бөлімнен басқа, жоспары, жұмыстағы әдістердің сипаттамасы, таңдалған әдістің нәтижесінің талдауы және өңдеуіне үлкен назар бөлу керек;

Курстық жұмысының құрылымдық элементтері болып табылатындар;

- алғашқы беті;

- курстық жұмыс (жоба) бойынша орындалатын тапсырма;

- мазмұны;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымша;

Алғашқы бет курстық жұмыстың (жоба) бірінші беті болғандықтан, керекті құжаттарды іздеуде хабарлама көзі болып табылады.

Алғашқы бетінің ресімделуі:

  • курстық жұмыс (жоба) қайда орындалды, ұйым атауы;

  • курстық жұмыс (жоба) орындалған бөлім атауы;

  • шектеулітаңба (керектіжағдайда);

  • оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісінің қорғауға жіберген не жібермегендігі туралықолы;

  • курстықжұмыс (жоба) «тақырыбы» депкөрсетіліпжазылады;

  • мамандықатауы, шифрі;

  • сол жағынан - «орындалды» деп, оң жағынан қарсы білім алушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

  • бір жол төмен «жетекші», оның тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы, дәрежесі, басқа да белгілері жазылады;

  • қала, жыл;

  • қосымшаларындаүлгіжалғанған;

Курстық жұмыс (жоба) мазмұнында кіріспеден бастап, барлық бөлім, бөлімше, пайдаланылған әдебиеттер және авторлары, қосымша атаулары, бет нөмірі көрсетіліп жазылады.

Кіріспе бөлімде курстық жұмыс (жоба) тақырыбының өзектілігіне шолу, тәжірибедегі маңыздылығы, мәселенің қазіргі кезеңдегі шешімі, мақсаты, міндеті, теориялық, әдістемелік негізі жұмыстың жазылу базасында сақталуы керек.

Негізгі бөлімде курстық жұмыстың (жоба) мазмұны мен маңызы ашылып, жұмыстың орындалу негізі және әдістемесі қорытындыланады.

Курстық жұмыстың (жоба) негізгі бөлімі ереже бойынша, бөлім, бөлімшелерге (тарау, бап) бөлінеді.

Қорытынды бөлімде курстық жұмысы зерттеуінің қысқаша қорытындысы, алға қойған мақсат шешіміне баға, зерттелген обьекті бойынша нақты ұсыныстар сақталуы тиіс.



Тапсырма:

  1. Курстық жұмыс мазмұнына талдау жасау.

  2. Курстық жұмыс жоспары бойынша Кіріспе, және негізгі бөлімде қарастырылатын мәселелерді көрсету.