Файл: Бірыай орфографиялы жне сйлеу режимі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимі

     Бұл ереже оқушы дәптерінің жүргізілуі мен рәсімделуіне, дәптерлердің пәндер бойынша саны мен пәнге арнауы, оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру тәртібіне бірыңғай талап қояды.

1-11 сынып оқушыларына бүкіл пәндер (1-3 сыныптарда дене шынықтыру мен бейнелеуді қоспағанда) бойынша дәптерлер жүргізіледі.

Дәптерлерге сынып жұмыстары да, үй жұмыстары да жазылады.

 Оқушы дәптерлерінің жүргізілуі мен ресімделуі

Пән

Жұмыс дептері (дәптер беттерінің саны)

Бақылау жұмыстары дәптері

(12-18 бет)

Шығарма жұмыстары дәптері

(36-48бет)

бастауыш

мектеп

қазақ тілі

2 (12-18)

1 (12)

 

математика

2 (12-18)

1 (12)

қазақ тілі (5-11 сынып.)

2 (12-18)

1

+ ереже дәптері

әдебиет

1 (48)

 

1

орыс тілі

2 (12-18)

1 (12)

 

математика

2 (12-18)

1

 

алгебра

2 (48)

1

 

геометрия

2 (48) сынып жұмыстарына, үй жұмыстарына – 12-18 бетті

1

 

Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, қоғамтану, құқық

1-ден (48)

 

 

жаратылыстану пәндері

(биология, география)

1-ден (48)

1

 

шетел тіл

2 (18)

1

 

өнер

 

 

1 (48 формат А4)

ән-күй

1

 

 


Бейнелеу өнері бойынша жұмыстар А4 форматты парақтарда орындалады.

Тест тапсырмалары бақылау жұмыстарының немесе пәндік жұмыс дәптерлерінде орындалады. Бағаланатын тапсырмалар (жылдық атестациялау жұмыстарынан басқа) жеке парақтарға жазылмайды.

Пән дәптерлері таза және сыртқы келбеті жинақы болу керек. Оқушылар жазуды жинақы және анық жасау тиіс.

Дәптердің титул бетіне пән, дәптердің арналуы, оқушының аты-жөні туралы мәлімет болуы тиіс.

Мысалы: № 48 мектеп-лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Аханова Әйгерімнің математика дәптері

Дәптерлер бетінің сыртқы жағына, болмаса, жиек (поля) сызу керек. Ені – 5 торкөз. Оқушыларға жиекке жазуға болмайды.

Бүкіл пәндер бойынша дәптерлерде «азат жол» ережесі сақталады.

Бүкіл дәптерлерде мерзім, жұмыс жасаған жері (сынып жұмысы, үй жұмысы), жұмыс түрлері (бақылау, зертханалық жұмыстар). Сынып жұмысында сабақ тақырыбы жазылады.

1-6 сыныптарда математика дәптерлерінде орындалып жатқан жұмыс күні араб цифрларымен жазылып, айы қосылады; 1-11 сыныптарда гуманитарлық пәндерге арналған дәптерлерде мерзімі жазба түрінде жазылады, ал басқа пәндерге арналған дәптерлерде жайығына цифрмен жазылады.

Тапсырмалар орындағанда әр жұмыс түрін, жаттығу, есеп, сұрақ нөмірін көрсетеді.

Торкөз немесе ұзын жол дәптерлерінде бос қалдыру төмендегі тәртіппен орындалады:

  • математикадан (алгебра, геометрия) жазу ең жоғарды торкөзден басталады, тапсырмалар арасында 2 торкөзден қалдырылады; үй және сынып тапсырмаларының арасында – 4 торкөз, мерзім мен жұмыс атының арасында 2 торкөз қалдырылады.

  • қазақ, орыс, шетел тілдерінің дәптерлерінде бір жұмыс арасында бос орын қалдырылмайды, үй және сынып тапсырмаларының арасында – 2 жол қалдырылады.

  • Әр жаңа жұмыс мәтіні азат жолдан басталады.

  • Бақылау жұмыстары арнайы дәптерлерде орындалады.

            Оқушылар дәптерде жазба жұмыстарын орындау үшін көк немесе күлгін түсті сиялы қаламдарды қолданады, ал қара, жасыл түсті сияларды графиктер құру, сөздердің астын сызу үшін қолданылады. Оқушыларға қызыл түсті сия қолдануға болмайды.

Пән

сынып

Оқыту жұмыстары

Бақылау жұмыстары

Шығармашылық жұмыстары

бастауыш сыныптар (қазақ, орыс, ағылшын тілдері математика)

1 - 4

әр сабақтан кейін бүкіл оқушылардан

келесі сабаққа

-

қазақ, орыс, тілдері 

5 сынып, 6 сынып І ж/жылдық

әр сабақтан кейін бүкіл оқушылардан

келесі сабаққа

7 күнтізбелік күннен асырмай

6 – 9 сыныптар

II ж/жылдық

әр сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардын, ал білімі жоғары оқушыларда кем дегенде аптасына 1 рет тексеріледі.

келесі сабаққа

7 күнтізбеліккүннен асырмай

10 - 11

әр сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардын, ал білімі жоғары оқушыларда кем дегенде аптасына 1 рет тексеріледі.

келесі сабаққа

10 күнтізбелік күннен асырмай

математика (алгебра, геометрия)

5 сынып, 6 сынып І ж/жылдық

әр сабақтан кейін бүкіл оқушылардан

келесі сабаққа

-

6 – 11 сыныптар

II ж/жыл.

кем дегенде аптасына 1 рет

келесі сабаққа

-

Шетел тілдері

2 - 11

кем дегенде аптасына 2 рет

келесі сабаққа

-

информатика

3 - 11

келесі сабаққа

келесі сабаққа

 

басқа пәндер

5 - 11

келесі сабаққа

келесі сабаққа

келесі сабаққа


            1-4 сыныптарда мұғалім бүкіл қателерді түзетеді. Жұмыстарды тексеру барысында төмендегі ережеге сүйенеді:

  • емледен кеткен қателерді, цифрларды, математикалық белгілерді сызып тастап үстінен қажетті әріптер мен дұрыс матаматикалық әрекеттер нәтижелері жазылады;

  • қате тыныс белгілері сызылып тасталынады да, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

  • тіл пәндері бойынша қателерді түзеткенде жиекке қателер төмендегі белгілер түрінде жазылады: І – емле мен V – тыныстан кеткен қателер.

5-11 сыныптарда шығарма, эссе жазған кезде граматикалық және сөйлеу қателелері де тексеріледі.

5-11 сыныптарда үйрету бақылауларда қателер асты сызылады да жиекте қатесі белгілененді, ал қатені оқушы өзі түзейді.

Бақылау жұмыстарының бағаларын мұғалім міндетті түрде сынып журналына тіркейді. Өзіндік жазба жұмыстары да бағаланады.

Оқушылардың жазба жұмыстарының бағалануы олардың біліміне, біліктілігіне, дағдыларына сай қойылады.

  • Бақылау жұмыстары мен жұмыс дәптерлеріне баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

  • Мазмұндама, шығарма жұмыстарына екі баға қойылады, біріншісі- мазмұныныа, екіншісі- грамматикалық сауаттылығына, баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

  • Журналда бір бағанға, шығарманың екінші күніне, екі баға сызықша арқылы қойылады.

  • Баға қойылғаннан кейін үздік жазылған шығармаға міндетті түрде пікір жазылады.

  • Шығармаға басқа да ескертулер жазылуы мүмкін.

Оқушылардың жазба жұмыстарын тексергеннен кейін ұқсас қателерді жібермеуін алдын- алу мақсатында қатемен жұмыс істеу өткізіледі.

2 . Тексеру мектепішілік бақылау жоспарына сай жүзеге асырылады.

  • 2 сыныпта – 1 сағат;

  • 3 сыныпта – 1-1,5 сағат;

  • 4-5 сыныптарда – 1,5-2 сағат;

  • 6-8 сыныптарда – 2-2,5 сағат;

  • 9-11 сыныптарда – 4 сағатқа дейін

  1. Мұғалім үй тапсырмасын орындауын түсіндіре отырып, қоңырау соғылмай береді

  2. Мұғалім сабақтан кейін журналға берілген тапсырманы жазуы тиіс.

  3. Үй тапсырмалары ретінде пән бойынша шығармашылық жұмыстарды қолданған жөн.

  4. Қабілетті және үлгерімі төмен оқушыларға үй тапсырмасын деңгейлеп берген жөн.

  5. Үй тапсырмасын оқушылар күнделікке жазуға міндетті.

1)      Күнделік – оқушының құжаты. Оны жүргізу әр оқушының міндеті.

2)      Сынып жетекші жүйелі түрде жүргізілуінің дұрыс болуын бақылайды.

3)      Күнделік бір оқу жылына жетеді.

4)      Сынып жетекші оқушыларға қажетті ақпарат береді: сабақ кестесі, дәріс беретін мұғалімдердің аты-жөні, ағымдағы, тоқсандық және қорытынды бағалардың койылуы; аптасына 1 рет тексеріледі.


5)      Оқушы күнделікке міндетті түрде үй тапсырмасын жазады, ал мұғалім үй тапсырмаларын қадағалайды.

6)      Жазба жұмыстардың бағалары өткізген күнге қойылады.

7)      Қорытынды бағалар тоқсан соңында күнделікке еңгізіледі.

8)      «Күнделіктер тексеру ескертулері» парағын сынып жетекшісі толтырады.

9)      Күнделікте бүкіл жазулар таза және жинақы жүргізілуі керек.

10)  Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері ынталандыру, алғыс айту немесе кемшілігін көрсету арқылы ата-аналармен байланыс құрулары керек.

11)  Мектеп әкімшілігі күнделіктерді жарты жылда 1 рет тексереді.

  • сабақтардың нөмірі;

  • өткізу мерзімі;

  • бағдарлама тарауы мен сабақ тақырыбы;

Мұғалім таңдауына байланысты басқа да бағандар қоса алады:

  • оқушылардың ББД қалыптастыру;

  • жоспарланған нәтиже;

  • бақылау түрлері;

  • қолданылатын көрнекі және дидактикалық материалдар және т.б. - 4/5 (мазмұны/сауаттылығы).

            Журнал соңында төмендегі мәтінде «___ бетте _____ қате түзетілді» деп директордың және ОІЖ директор орынбасарының қолдары мен мекеме мөрі қойылады.

  • Тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бағалар ағымдағы бағалар жоқ параққа қойылмайды.

  • Журналда қарандашпен жазуға, нүкте қоюға тиым салынады.

а) тексеру мақсаты:

  • журналдың дұрыс толтырылуы;

  • бағалар қою негізі;

  • материалдың қайталауын ұйымдастыру;

  • бағдарламаның теориялық және практикалық орындалуы;

б) анықтау мақсатында:

  • мұғалімнің оқушыларды сұрау жүйесін анықтау;

  • қайта оқуға қалдырылған оқушылармен жұмыс жүйесін анықтау; үлгермейтін немесе қабілетті, дарынды оқушылармен істейтін жұсы жүйесін анықтау.

  • өткізген жазба жұмыстардан кейін оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді кезеңді түрде жою жұмыстары жүргізілмегендігі;

  • ауызша жауап берудің аздығынан баға қоры аз болады, осыған байланысты тоқсандық бағалардың әділсіз болуы;

  • үй тапсырмаларының жазылмауы;

  • бір сабақта көп қанататтанарлықсыз баға қою;

  • бүкіл сыныпқа баға қойылғанда жұмыс түрі журналға жазылмауы;

  • көптеген жағдайда сабаққа қатыспаған оқушылардың белгіленбеуі.

Мектеп әкімшілігі «Сынып журналын тексерудегі ескертулер» деген параққа журнал тексеру нәтижелері бойынша кемшіліктерін, бұзушылығын, ұсынысын, орындау мерзімін көрсетіп жазба енгізеді.