Файл: лысты лы кні Наурыз мейрамына арналан концерттік бадарлама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.

1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................

Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................

2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.

1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.


1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.

2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.

Наурыз мейрамы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу


Наурыз мейрамы



Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы

Басқаша аталуы

Ұлыстың Ұлы күні

Қайда өткізіледі

Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б.

Түрі

Халықаралық деңгейдегі мейрам

Мағынасы

Жаңа жыл мейрамы

Күн-айы

наурыздың 22-і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20-сында, наурыздың 21-інде болуы мүмкін)

Мейрамдауы

Наурыз көже, Хафтсин - Иранда, т.б.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.


2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.[2]

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Мазмұны

 [жасыру] 

лыстың Ұлы күні 22 наурыз  мерекесіне арналған«Төрлет, төрлет Наурыз!»  ересек топтарға ертеңгілік

Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.

Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.


Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән «Нұрлы көктем»

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!

Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                      Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)

Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Тақпақтар

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы

Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

 

Ән: «Наурыз» хор

Би: «Шашу»


Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар  ұлттық ойын ойнап береді.

Ойын: «Қыз қуу»  бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?

Әже: Баланы қырқынан шығарады.

Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?

Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі

Жүргізуші: Наурыз әже осы ойынды біздің балалар ойнап берсін

Ойын: Бір бала ит болады оның мойнына кәмпит түйіп байлайды. Ол қашады оны балалар қуады. Ит болған балаға жеткен бала кәмпитті үлестіріп береді.

Би: Қара жорға

Ойын : Қол күрес

Әже: Менің балаларым  осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!

Қыдыр Ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым үлкен тойының куасі болдық тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын аман сау болыңдар!

Жалпы би биленеді «Наурыз думан»

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.