Файл: Семинар масаты Жаартылан оу бадарламасы бойынша курстан ткен мектеп малімдері тсінік береді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: « Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту »

Семинар мақсаты:

  • Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша курстан өткен мектеп мұғалімдері түсінік береді;

  • іс тәжірибелерімен бөлісе отырып, білім беру үрдісінде педагогтардың дағдылары қалыптасады;

  • мұғалімдер педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.

  • Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктері артады.    

Көрнекілігі:  Бейне таспа: «Критериалды бағалау түрлері» және «Электронды журнал толтыру», презентациялар,  интербелсенді тақта , қалыптастырушы бағалау үлгілері, ватман, маркер, стикер   

Жоспар     

  1. Кіріспе

  2. Қысқа мерзімді жоспар құру (ҚМЖ)

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамыраимова А

  1. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Бастауыш мұғалімдері Даулетбаева Д.К пен Мухаметкалина Г.К

  1. Модерация деген не? Орыс тілі пәні мұғалімі Отарбекова М.К

  2. Қажетті құжаттар

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молтанова С.К

  1. Кері байланыс

Семинар барысы:

Кіріспе : Ұйымдастырушы І деңгей бойынша сертификатталған математика пәні мұғалімі , әрі тренер Жексенбаева Ж.И.( презентация бойынша)

Білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануына, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашу керек. Жаңартылған білім беру курстары негізінде жас ұрпақты тәрбиелей аламыз.


Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.

Бұл оқу бағдарламасы шиыршықтылығымен ерекше. Яғни оқытудың әр түрлікезеңдерінде пәнді әрқашан аса күрделі деңгейде және терең оқу болып табылады. Семинарға дайындық барысында мектеп мұғалімдерінің арасынан жаңартылған оқу курсынан өткен ұстаздарынан шығармашылық топ құрылды.Әр ұстазға мұғалімдерді толғандырып жүрген тақырыптар бөлініп берілді де, семинарға дайындықпен келді. Семинардың басынан негізгі бөліміне көшу үшін ортаға «Осы семинардан мен нені көбірек алғым келеді және неліктен?» сауал тасталды. Қатысушы мұалімдер өз ойларын айтты. Атап айтқанда, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаулар жайлы, оларды электрондық журналға толтыру, ҚМЖ-ны жазу, сабақ соңында рефлексия мен кері байланысты жүргізу, т.б.б.

Негізгі бөлім


1.Қысқа мерзімді жоспар құру (ҚМЖ)

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мамыраимова Асель Токановна:Дайындаған презентация негізінде мағлұмат берді . Қосымша өзінің жазған ҚМЖ ларын көрсетіп, толық түсіндірді.

2.Қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Бастауыш мұғалім Даулетбаева Д.К бағалау түрлерін бейне таспа негізінде түсіндірді. Ал Мухаметкалина Г.К Атлас теорияның сабақ барысындағы қолданысына тоқталды. Өзінің іс тәжірибесімен бөлісті.Қалыптастырушы бағалау -оқыту үшін қолданылатын бағалау түрі екенін көрсетіп берді.


3.Модерация деген не?

Орыс тілі пәні мұғалімі Отарбекова М.К презентация барысында модерацияға анықтама беріп, жүру жолын айтып берді.

4.Қажетті құжаттар

Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Молтанова С.К Жаңартылған оқу бағдарламасымен оқып жатқан сынып оқушыларына керекті құжаттармен таныстырды. Сынып журналын және электрондық журналды толтырутуралы мәлімет берді. Жиынтық бағалауды алу, оны жинақтау мен бағалауы туралы түсіндірді.

Ұстаздардың жекелеме талдауларынан кейін критериалдық бағалау мен журналдарды толтыру жайлы бейне таспалар көрсетілді.

Қорытынды

Семинарды «515» әдісімен қорытындылау жүргізілді. Онда бес минутта жаңартылған бағдарлама негізінде он бес сөз жазу тапсырылды. Мұғалімдер белсенділік танытып, шарт бойынша жауаптарын берді.

Семинардың соңында қатысушыларға «Кері байланыс» жасалды. Таратылған стикерге «Бәрінен бұрын маған ұнағаны...» немесе «Бәрінен де бұрын маған ұнамайтыны...» аяқталмаған ойды тұжырымдау арқылы семинардың құндылығын ажыратып берді. Атап айтқанда, «Бәрінен бұрын маған ұнағаны білімнің шиыршық арқылы берілуі, тәуекелшіл болады;оқушылар өз білімін бағалайды, өз деңгейін біледі;оқушы білімінің жоғарлауына септігі көп;оқушы нақты баға алады; оқушылар өз ойларын ашық айта алады; маған семинар өте ұнады»; Барлық мұғалімдер бірауыздан: «Бәрінен де бұрын маған ұнамайтыны қағазбастылық»- деп жауап берген.

Семинарға уақыт тауып қатысқандарыңызға рахмет!



Кері байланыс