Файл: Ж. Тобаяов атындаы орта мектеп мдшо мен кмм апарат Кілді стартэстафеталы ойын т туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Көңілді старт»эстафеталық ойын т туралы

Мақсаты: «Өзін – өзі басқару» ұйымының бастамасымен «Туберкулезге қарсы күрес» аясында оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру. «Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО-мен» КММ «Өзін-өзі басқару» ұйымының бастамасымен ЖҚТБ алдын алу, яғни туберкулезге қарсы күресспорт және салауатты өмір салты фракциясы бойынша «Көңілді старт» атты эстафеталық ойын 5-6 сыныптар арасында өткізілді. Іс-шарада оқушылар белсенді қатысты. Қаппен жүгіру кезінде Тұратай Даулет алға шықты. Шарға дәл тигізу кезінде Барыс тобы мен Қыран тобы ұшқырлық көрсетіп, Қыран тобы сегіз шарға дәл тигізіп алға шықты. Үздік ойын көрсеткен Барыс тобы І орын иеленді. Үздік ойын көрсеткен Тұратай Даулет, Абдугалимов Нұраян, Қонысбек Мирас мадақтамалармен марапатталды.



Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Интернеттің пайдасы мен зияны» атты сауалнама туралы

Мақсаты:Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтиже: 
Оқушылар интернет туралы толық мәлімет алады, интернеттің пайдасы мен зиянды жақтарын толық түсінеді және онымен қолдану, компьютермен жұмыс істеу ережелерін танысады.

Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Тұратай Сабина интернет жайлы ерекше сұрақтарымен «Ж.Тобаяқов атындағы орта мектептің» ұстаздарынан сауалнама алды. Сауалнама сұрақтары бастауыш сынып мұғалімі Сара Аманжолқызынан интернеттің пайдасы жайлы сұрақтар қойылды. Информатика пәнінің мұғалімі Жұмағалиұлы Жігер инетернетті қанша уақыт пайдалану керектігін және компьютер құрылғысында қалай отыру керектігін айтып өтті. Жас маманымыз ағылышын тілінің маманы Далабай Айжан интернеттің бейнеқоңырау жайлы оның қажеттілігін атап өтті.


Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Жемқорлықтың тарихи тамыры» туралы

Мақсаты:Жемқорлық кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық. Жемқорлықтың алдын алу масқатында оқушылардың жемқорлықсыз Қазақстан ұғымына бейімдеу.

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектебі МДШО-мен» КММ Адал ұрпақ ерікті клубының бастамасымен «Жалын» дебат клубның жетекшілігімен «Жемқорлықтың тарихи тамыры» атты дебат өткізілді. Дебатта оқушылардың Жаңа Қазақстан жобасы мен таныстырып және Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығын жете таныстырып өттік. Дебат кезінде 7-8 сынып оқушылары өз ойларын орта салып, жемқорлықтың алдын алу шараларын қозғада. Мектепте Жемқорлықсыз дүкен ашылып, оны тек білім мен тәрбиеге жұмсалуын көздеді. Ұлы даланың жеті қыры таныстырылып өтіп, Жаңа Қазақстан қарқынды дамып келе жатқаны түсіндірілді.




Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Экстремизм мен тероризмге жол жоқ» танымдық сабақтуралы

Мақсаты:Мектеп оқушылары арасында экстремизм мен тероризмнің алдын алу. Дін мақсатында өз салт-дәстүрін түсіндіру.

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО-мен» КММ 8-9 сынып оқушылары арасында «Экстремизм мен тероризмге жол жоқ» атты танымдық сабақ өткізілді. Оқушыларға қазіргі кезедгі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешім табуға тиісті мәселелелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен сақтану, жолдарында күресу, сақтану жолдарын пікірлесті. Діни-наным сенім мен олардың пайда зияны турасында өмірде нақты мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Ой –өрісін дүниетанымын кеңейтті.




Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Бағдаршам біздің – досымыз» сайыс туралы.

Мақсаты: Жас құтқарушылар тобының жол ережесін есте сақтап өз мемлекетіміздің ержесімен таныстыру.

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО-мен» КММ 4-5 сынып оқушылары арасында «Бағдаршам біздің -досымыз» атты сайыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында бастамасы бағдаршам түстерімен үш топқа бөлініп жасыл, сары, қызыл топтарға бөлінді. Слайд түрінде жол ержелерін Құлжабек Сымбат түсіндіріп сұрақ қою арқылы кері байланыс алды. Сергіту сәтінде жарайсыңдар балалар биін билеп сіргіп алды. Әр топ басшысы шығып «Бағдаршам» сконвордты шешіп төс белгілермен балл жинады. Келесі сәтте жол жүргіншілерінің жол қағидасы жайлы фотосуреттерді пазл бойынша жинап, онда не жайлы екенін түсіндіріп қорғап берді. «БАҒДАРШАМ» ойыны ойнталып балл жиналып үздік ойын көрсеткен Омарғали Айым, үздік топ жасыл бағдаршам тобы І орынға ие болды.








Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ
АҚПАРАТ
«Жас Ұлан белсенділерінің рейді» тексеріс туралы.

Мақсаты: Жас Ұлан белсенділері оқушылардың тазалығын, салауатты өмір салтын ұстануды бағыттауы.

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО-мен» КММ 1-11 сынып оқушылары арасында тазалығын тексеріп шықты. Оқушылар арасында киім тазалығын, шаш және тырнақ тазалығын тексерді. Оқушылар киім әдебін, шаш үлгісін сақтаған.





Жетісу облысы Кербұлақ ауданы

«Ж.Тобаяқов атындағы орта мектеп МДШО- мен» КММ

« Ризашылық-мейірімділік бұлағы»жалпыұлттық білім беру жобасы туралы

Ақпарат

« Ж. Тобаяқов атыныдағы ОМ МДШО-мен»КММ бойынша мектепте 1-наурыз күніне орай « Алғыс айту-парызымыз» тақырыбында іс-шара өтілді. Іс –шара барысында оқушылар анаға,атаға,ұстазға,дәрігерге,қоғамға өз алғыстарын өоең шумақтармен өрнектеп айтып өтті. Сонымен қатар 8-сынып оқушылары « Алғысымыз шексіз» атты ән шырқалды. Мектеп оқушылары 8-10 сынып оқушылары алғыс күніне орай « Алтын жүрек» атты челлендж ұйымдастырды.Челлендж барысында оқушылар ұстазға,досына,анасына, әкесіне жалпы қоғамға деген ризашылықтарын ,риясыз алғыстарын жолдағаны көрініс тапты. Бұл челлендж арқылы оқушылар әр мамандықтың жұмысын қадірлеуге,құрметтеуге үйренді. Сонымен қатар 5-сынып оқушыларымен жетекшісі А.Нурбекованың жетекшілігімен танымдық сабақ өтілді. Сабақ барысында алғыс айту күнінің шығу тарихына тереңінен мағлұматтар беріліп,оқушының барды бағалай білуге ,бір-біріне деген қамқоршы болуға бағыт-бағдар берілді.

https://www.instagram.com/reel/CoogA77gBp6/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/CoogA77gBp6/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/CpPLj0pMbdM/?igshid=YmMyMTA2M2Y=