Файл: ркен жалпы орта білім беретін мектебі. 511 сыныптарды информатика сабатарыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өркен жалпы орта білім беретін мектебі.

5-11 сыныптардың информатика сабақтарының

жүргізілуі бойынша анықтама.
2014 жылдың сәуір айында информатика сабақтарының жүргізілуі тексерілді.

Мақсаты: пәндік сабақтардың өтілуін қадағалау.

Бақылаудың түрі: тақырыптық.

Сабақтар бәрі сабақ кестесіне сай, уақытында өтеді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары бағдарламаларға сай келеді. Мұғалімдер сабақтарында оқушыларды бағдарламадан тыс материалмен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар береді. Мысалы: 5 сәуірде 9 сыныпта « Модельдеу. Модель ұғымы» тақырыбында және 10 сыныпта «Программа интерфейсі» тақырыбы сабағында оқушыларды модель ұғымы мен программа интерфейсі жөнінде мағлұмат бере отырып, модельдеу түрлерімен таныстырды. Оқушылар негізгі тақырыпппен таныса отырып, практикалық жұмысты жүзеге асырды.
Ұсыныс: жаңа технология элементтерін пайдалану.
7.04.2014 ж.

Өркен жалпы орта білім беретін мектебі.

Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың ұйымдастырылуы туралы анықтама.

2015-2016 оқу жылы.

Қыркүйек айында мектепішілік бақылау бойынша оқуға деген қызығушылығы жоғары деңгейіне ие оқушылармен және оқуға деген қызығушылығы төмен оқушылармен жұмыстың ұйымдастырылуы тексерілді.

Мақсаты: жаратылыстану – математика пәндер бойынша үлгерімі нашар және қызығушылығы жоғары оқушыларды анықтау.

Тексеріс барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен үлгерімін көтеру мақсатында пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен және дарынды оқушылармен жылдық жұмыс жоспарларын дайындады.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстанатын мұғалімдер:

Кабиева А.Е. физика пәнінен 8 сыныптағы Кадрбай С және 9 сынып – Кадрбаева Т.

Утешов Х.Х. математика пәнінен 8 сыныптағы Кадрбай С және 9 сынып – Кадрбаева Т.

Имагамбетова Ж.Е. математика пәнінен 5 сыныпта Туркин А, 6 сыныпта Мажитова А, 7 сыныпта Тлек Ж.

Усагалиев Е.З. география пәнінен 7 сыныпта Тлек Жаскайыр, 8 сыныпта Кадрбай С.

Халиоллина А.З. биология пәнінен 8 сыныпта Кадрбай С, 9 сыныпта Кадрбаева Т.

Сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс жоспары жасады.

Усагалиев Е.З. география пәні бойынша 7 сыныптағы Муканова Алтыншашпен жұмыстанады

Утешов Х.Х. математика пәні бойынша 8 сыныптағы Джумагалиев Маратпен жұмыстанады.

Халиоллина А.З. география пәні бойынша 10 сыныптағы Анесова Камшатпен жұмыстанады.


Кабиева А.Е. физика пәні бойынша 8 сынптағы Джумагалиев Маратпен жұмыстанады.

Ұсыныс: Пән мұғалімдері үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыс есебін жарты жылдық қорытынды бойынша тапсырсын.


Әдістемелік бірлестік жетекшісі: /Кабиева А.Е./