Файл: Рахат Жайдарды істжірибесіне.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетісу облысы Талдықорған қаласы «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі

Рахат Жайдардың іс-тәжірибесіне

ПІКІР

Рахат Жайдар, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етеді. Математикадан ұзақ жылдардағы білім беруде алдында отырған оқушының ойлау жүйесінің, логикалық ойлау қабілетінің дұрыс дамуына, теорияны практикамен ұштастырып, түрлі деңгейдегі есептерді өз бетімен шығарып, дағдылануларына көп көңіл бөледі.

Оқушыламен ынтымақтаса жұмыс жүргізеді. Мұғалім өзі сабақ беретін сыныптың сынып жетекшісі арқылы ата-аналарымен де тығыз қарым-қатынаста, сондықтан сыныптардағы әр ата-ана өз жауапкершіліктерін терең сезініп, үнемі сабақтарға келіп қатысып тұрады.

Рахат Жайдар әр ісіне тиянақты, сабырмен, жауапкершілікпен қарайды. Мінезі ашық, шәкірттерімен тез тіл табысып, олармен ашық сөйлеседі. Әр кезде көмектесуге дайын тұрады.

Мұғалімнің тәрбиелеп, білім берген шәкірттері қоғамның әр саласында мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесін қосуда. Мұғалімнің алдағы уақытта да жас ұрпаққа білім беріп, өз үлесін қоса беретініне сенемін.

10 «Б» сынып оқушысы Адлгазиева Аминаның ата-анасы: Жадыра Дуйсенбаевна.