Файл: 1. Солтстік азастанны топыра климатты жне жадайы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Топырақтың құнарлылығы деп оның биосфераның құрауышы ретінде қоректік, су-ауалық, температуралық, тотығу-тотықсыздандыру және басқа да топырақтардың режимін анықтайтын жер факторлары мен жағдайларын қамтамасыз ету
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т.б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл – ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді.
Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады.
Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі кере
Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары мыналар:
— егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;
— жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап орналастыру;
— органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу;
— көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.

2.Топырақтың қоректену режимі және Солтүстік Қазақстанның ауыспалы егістігіндегі тыңайтқыштар жүйесі.
Топырақта өсімдіктерге қажет су, ауа, жылумен қатар коректік заттардың

болуын оның коректік режимі дейді.

Көптеген анализдердің нәтижесінде өсімдіктер организмдерінде әртүрлі

элементтердің болатыны анықталды. Олардың ішіндегі басым көпшілігі C, H,

O, N, P, K, Ca, Mg, Fe макроэлементтер. Бұл элементтерді өсімдіктер жеке

молекула түрінде емес, олардың қосылыстары түрінде пайдаланылады.

Өсімдіктер үшін әр элеметтің өз орны бар.

Макроэлементтермен қатар өсімдіктерге микроэлементтерде қажет. Оларға

B, Mn, Zn, Cu, Mo, Al, J және басқалары жатады.


Өсімдіктерге ең көп қажет азот, фосфор және калий (N,P,K). Көптеген

зерттеулердің нәтижесіне қарағанда аталған элементтердің қоры топырақта

жеткілікті. Мысалы, Кравцовтың деректері бойынша қара топырақтардың бір

гектарында N–12 тонна, P -6 тонна, ал K -20 тонна екен. Осы келтірілген

қорды өсімдіктер топырақтан алып пайдаланылатын мөлшермен салыстырсақ,

ешқандай тыңайтқыш енгізбей-ақ жыл сайын жоғары өнім алуға болады екен деп

ойлауға болады. Бірақ, істің мәні басқаша. Бұл келтірілген қордың көбін

өсімдіктер пайдалана алмайды, өйткені олар көбіне органикалық қосылыс

түрінде кездеседі, ал оларды өсімдіктер тікелей ала алмайды. Азоттың

топырақта органикалық (10,4 т/га), нитратты (60 кг/га) және аммиакты (110

кг/га) түрлері кездеседі.

Өсімдіктер нитратты және аммиакты азотты сіңіре алатындықтан жоғарыда

келтірілегн барлық азот қорының (12т/га) әр гектардан тек 170 кг ғана

пайдаланады.

Фосфор топырақта аналық тау жыныстарында (аппатит, сильвенит),

органикалық (көңде, қида –0,2-0,3%) және жылжымалы түрлерде кездеседі.

Калий аналық тау жынысы құрамында (ортоклаз, далалық шпат және т.б.),

органикалық (қи, көң -0,6) және жылмалы минералдық түрде болады.

Қазақстан топырақтарында фосфор аз, ал калий көп мөлшерде кездеседі.

Өсімдіктерге қажет азот тұздарына NH4NO3, Ca(NO3)2, KNO3, NaNO3 жатады.

Азот тұздары пайда болу үшін топырақта нитрификация процессі жүру керек. Ол

екі фазада өтеді. 2 NH3 + 3 O2 = 2 HNO2 + 2H2O және 2 HNO2 + O2 = 2 HNO3+

43200 кал

Көптеген бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадан бос азоттты сіңіріп, оны

өздеріне қажетті коректік заттарға айналдырады, біраз бөлігін топырақта

қалдырады.

Топырақтың коректік заттар режімін реттеу үшін оған ораникалық

тыңайтқыштар (қи, көң, құстың саңғырығы, қорда) және жасыл тыңайтқыштар

беру, танапта сабан қалдыру керек.

Минералдық тыңайтқыштарды (азот, фосфор, калий тұздары) пайдалану

топырақтың коректік заттар режімін реттеудің басты жолдарының бірі.

Микротыңайтқыштар мен бактериалдық (азот бактерин, фосфоро бактерин)

тыңайтқыштарды пайдаланудың өсімдіктер үшін үлкен мәні бар.

Топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік қабілетін артыру үшін оларға

қолайлы жағдай туғызу (оптималды температура +25-30С, ылғалдылық -45-60%,

бейтарап топырақ ортасы, оттегінің топыраққа тұрақты келуі және тағы басқа)

керек.


Билет 5

1.Солтүстік Қазақстанда мәдени дақылдардың арамшөптермен күресу шаралары

1.Солтүстік Қазақстанда мәдени дақылдардың арамшөптермен күресу шаралары

 

  Арамшөптермен күрес шаралары. 

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:

Ұйымдастыру шаралары

     1.     Танаптардың ластануын анықтау.

     2.     Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.

     3.     Танаптардың ластануының картасын жасау.

     4.     Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.

      Алдын алу шаралары

    1.     Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.

    2.     Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.

    3.     Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.

    4.     Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.

    5.     Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.

      Жою шаралары

I. Агротехникалық шаралар

    1.     Сүрi танаптарды өңдеу.

    2.     Күзгi топырақ өңдеу.

    3.     Топырақты көктемгі өңдеу.

    4.     Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.

    5.     Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.

    6.     Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. 

II. Химиялық шаралар

    1.     Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.

    2.     Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

    3.     Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

   4.     Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану. 

           III. Биологиялық шаралар

    1.     Фитофаг жәндiктердi пайдалану.

     2.     Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.

 

IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану


    1.     Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.

    2.     Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.

 

V. Физикалық шаралар

    1.     Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.

    2.     Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.

Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.

2.Солтүстік Қазақстанның егіншілік жүйесінің ерекшеліктері Дәстүрлі технология.
Егіншілік жүйесі дегеніміз ауылшаруашылығынын ғылыми тұрғыдан жүргізу деген сөз. Егіншілік жүйесі жайында түсінік агрономия ғылымы мен бірге пайда болды.

 Республикамыздың солтүстігінде орналасқан жауын – шашын молырақ далалық,орманды – далалық аймақтарда төрт – бес танапты дәнді – парлы ауыспалы егіс қолданылады,бұл ауыспалы егістерде пардан кейін дәнді масақты дақылдар үш – бес рет егіледі.Кейде алты – жеті танапты дәнді – парлы – отамалы ауыспалы егістер қолданылады.Бұл ауыспалы егістерде көбінесе пар бір танапты,дәнді масақты дақылдар бес – алты танапты,сүрлемге арналған жүгері бір танапты алып жатады.
Билет 6

1.Солтүстік Қазақстандағы минемалды және ресурстарды үнемдейтін технологиялар.

Ресурстарды үнемдеитін технологиялар(Ресурсосберегающие технологиигрек, techne — өнер, шеберлік және ...логия) — отынды және энергияның басқа да кездерін (энергия үнемдейтін технология), сондай-ақ шикізатты, материалдарды, суды, ауаны, т.б. ресурстарды технологиялық мақсат үшін барынша аз тұтынып, өнім өндіруді қамтамасыз ететін технологиялық операциялардың жүйелі жиынтығы. Ресурстарды үнемдеитін технологияларда табиғи ресурстарды қолданудың меншікті нормалары біршама төмен; оларда кешенді өңдеу (өндірістің қалдыктарын пайдалануды қоса), екінші реттік ресурстарды (металлолом, шыны сынықтарымакулатура, т.б.) пайдалану, сондай-ақ жылуды, баска энергияны, суды, т.б. айналымға жіберу маңызды орын алады. Ресурстарды үнемдеитін технологиялар табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаның ластанбауына мүмкіндік береді.


2.Топырақтың агрофизикалық, ылғалдылық қасиеттерін анықтау.

Топырақтың агрофизикалық қасиеттері оның құнарлылығының ең маңызды шарттары болып табылады. Топырақтың қасиеттері олардың жай-күйін анықтайды және сипаттайды: өлшемдері бойынша бөлшектердің арақатынасы, өзара орналасуы (қосудың тығыздығы мен иілгіштігі, құрылымды қалыптастыру қабілеті және т.б.), барлық су-ауа қасиеттерін және, демек, топырақ құнарлығын анықтайды.

Топырақ тығыздығы (көлемдік масса) - табиғи құрамда алынған, текше сантиметрге (г/см3) граммен көрсетілген абсолютті құрғақ топырақтың бірлік көлемінің массасы. Топырақтың тығыздығы минералды-механикалық құрамына, органикалық заттардың құрамына, құрылымы мен құрамына байланысты. Қатты фазаның тығыздығы топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің бірі болып табылады.

Кеуектілік – барлық кеуектер мен топырақтың қатты фазасының бөлшектері арасындағы кеңістіктердің жалпы көлемі, топырақтың жалпы көлеміне пайызбен көрсетілген. Топырақтың кеуектілігі топырақтың құрылымына, тығыздығына, механикалық және минералогиялық құрамына байланысты.

Кеуектіліктің ең агрономиялық қолайлы қатынасы қара топырақта байқалады: жалпы кеуектілік 58 – 64%, жеке агрегаттардың кеуектілігі – 38 – 40%, ауа алып жатқан кеуектер – 20 – 27% дейін, белсенді емес кеуектер 10%-дан аз. Топырақтың агрегаттарға ыдырау қабілетін құрылым деп, ал мөлшері, пішіні және сапалық құрамы әртүрлі агрегаттардың жиынтығын топырақ құрылымы деп атайды. Құрылымның агротехникалық маңыздылығы оның топырақтың физикалық қасиеттеріне, тотығу-тотықсыздану, микробиологиялық және қоректену режиміне, физикалық-механикалық қасиеттеріне, топырақтың эрозияға төзімділігіне оң әсерін тигізуінде.

Билет 7
1.Топырақ құрылымы – топырақтың жетілген кезде көлемі мен пішіні, құрамы әр түрлі болатын жеке бөліктерге (құрылымдық бөліктер, агрегаттар) бөліну қабілеті. Топырақ құрылымы түзілген кезде өсімдік тамырлары мен топырақтың коллоидтарының жабысқақтық қасиеті үлкен рөл атқарады.