ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қанды бұлақ оқиғасы

Автор: Ия, бұл шынында да қанды бұлақ,

Бұл жерде сан шаңырақ қалды құлап.

Басында бұның аты бастау бұлақ екен. Ауылды қысы жазы аңшылықпен қамтамасыз етіп отырған Әлім деген 19 жасар жігіт болыпты. Оның жүйрік ала айғыры, құмай деген тазысы болыпты. Сол кезде аймағына айтқанын екі еткізбейтін Зекет деген бай болыпты.

Ортаға ( Әзімбай) би сұлтаны шығады: қабағы қатулы әкеліңдер дейді зілді үнмен. ( Қолы байланған Зекет пен баласы ортаға тізерлеп отырғызылады.)

Әзімбай: ешқайсыңа тиіспеймін, Зекетке оның қолшоқпарларына және баласына қандай жаза бұйырасыңдар?

Халық: өлім, өлім жазасы берілсін.

Автор: бұл жиынға Әлім мен Жаппаста, Құралай да естіп келеді.

Ақсақал: зәлім Зекетке қандай жаза берсе де ылайықты. Себебі: жүйрік жылқыға бола бүтін бір ауылды отқа орап, шаңырағын ортаға түсіргені үшін өлім жазасы, немесе тірілей тулаққа орап ит құсқа тастаған Әлімнің жазасын өзіне қолдансада артықтық етпейді.

(Ортаға суырылып қыз шығады, Әзімбайдың алдына қолын кеудесіне қойып, тізерлеп) «Дат тақсыр» дейді:

Әзімбай: датың болса айта ғой қарағым

Қыз: Уа халайық, ардақты аталарым: «Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деген мақалды білемін, менің әкем де, анам да, ауылымда, бауырларымда осы жауыздықтың құрбаны болды. Азалы ауылымыздың жазықсыз өлген жандарын аза тұтпақ түгілі, осы уақытқа дейін өлігімізді жерлей алмай жасырынып күн өткіздік. Я, бұл ештеңемен салыстыруға болмайтын жауыздық, Зекетті Әлім мен Жаппас үшеумізге беріңіздер, оның жазасын өзіміз берейік. Ал баласы Жанай әкесінің айтқанын істейт ол оның балалық апрызы еді, сол парызын орындады, оған кешірім жасалса. Ал қолшоқпарлары күнкөріс үшін отбасын асырау үшін, мына сұмырайдан қорыққандары үшін амалсыздан қылмысқа барды, өлім жазасынан босатылып елден алыстатылса деймін. Байдың малының үштен бір бөлігі сол ауылдан тірі қалған үшеумізге, қалған бөлігі байдың ісінің қателігін бетіне айтып соққы алған бәбішесі Хадиша анамызға берілсе деймін. Артық айтсам ашынғандығым болар, сіздердің алдарыңызда сөйлегенім ашынудан ашылғандығым болар, Халқымнан, ел билеген аталарымнан кешірім сұраймын.

Әзімбай: шырағым ел аузында жүретін жас боларсың. Өскенде елдің анасы, елсіздің панасы болайын деп тұр екенсің!

Автор: содан бастап әжеміз би ханым атаныпты. Ел азан шақырып қойған атының Құралай екендігін ол кісі қайтқанда бірақ білді. Міне, еліміздің ұлан байтақ өлкесінде талай тарихи оқиғалар өткен. Олардың ашылғанынан әлі де сыры ашылмағаны қаншама. Сондықтан туған тарихымыздың тереңіне үңіліп, тағылым алуға ешқашан ерінбеңіздер. «Бүгінгі күн ертеңгі тарих» екенін естен шығармайық!!