Файл: 78 сыныптара арналан дегейлік тапсырмалар Алматы 2008ж.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 109

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп

жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 6 8/3


А -ТОБЫ




  1. Өткізгіш арқылы 1,5 Кл заряд өтеді. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 2В болса, зарядтың орын ауыстырғандағы жұмысы неге тең?




  1. Ұзындығы 150 м, көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 темір сым арқылы 250 мА ток өтетін болса, сымының ұштарындағы кернеу неге тең болады? .




  1. Кернеуі 220В ток көзіне тізбектей кедергісі 400 Ом шам және кедергісі 40 Ом электр пеші қосылды. Шам мен пештің ұштарныдығы кернеуді анықта. Электір тізбегінің сызбасын салып көрсет.




  1. Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін және жалпы кернеуін тап.




Б-ТОБЫ




  1. Суретте өткізгіштерді аралас қосу сызбасы кескінделген: R13 Ом; R26 Ом; R34 Ом, UАС12В. RАВ және UВС мәндерін есептеп шығар.




  1. Кедергісі 10 Ом реостат жасау үшін көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин өткізгіштің массасын қандай етіп алу керек? 0,4 Омм, Д8,8103 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Тізбектің жалпы кедергісін тап. R1=R2=1,8 Ом, R3=R5=1 Ом, R4=R9=R10=3 Ом, R6=R8=1,2 Ом, R7=0,8 Ом, R11=R12=0,3 Ом, R13=0,7 Ом.






Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп

жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 7 8/3


А-ТОБЫ




  1. Электр тізбегіне қосылған амперметр 2 А-ді көрсетсе, бір минут ішінде тізбек арқылы өтетін зарядтың шамасы қандай болады?




  1. 4 А ток күшіне және 220В кернеуге арналған электр пешінің шиыршық (спиралі) көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 болатын никель сымынан жасалған. Осы сымның ұзындығы неге тең? .




  1. Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін және вольтметрдің көрсетуін анықта.




  1. Суретте берілгендері бойынша тізбектегі жалпы токты және кернеуді тап.



Б -ТОБЫ




  1. Суретте көрсетілген тізбекте R220 Ом; R315 Ом, ал R2 кедергі арқылы өтетін ток күші 0,3А-ге тең. Амперметрдің көрсетуі 0,8А. R1 кедергіні табу керек?




  1. Ұзындығы 1 км мыс сымның кедергісі 2,9 Ом болса сымның массасы қандай? 1,710-8 Омм, Дм8,9103 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Суретте көрсетілген тізбектің амперметрімен вольтметрдің көрсетулерін табу керек. Вольтметрдің кедергісі 1000 Ом, батарея ұштарындағы кернеу 110В, R1=400 Ом, R2=600 Ом. Амперметрдің кедергісі ескерілмесін.





Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп

жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 8 8/3


А -ТОБЫ




  1. Амперметрге қосылған өткізгіш арқылы 10 минутта 60мА ток жүретін болса, осы уақыт ішінде амперметр арқылы қандай заряд өтеді?




  1. Көлденең қимасының ауданы 3,6 мм2 мыссымы арқылы, 1,5 А ток өтсе және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 0,6 В-қа тең болса, сымның ұзындығы неге тең? .




  1. Суретте көрсетілген тізбекте вольтметрдің көрсетуі 3 В болса, амперметрдің көрсетуі неге тең? R1 кедергі ұштарындағы кернеу неге тең болады?



  1. Суретте берілгендері бойынша тізбектің жалпы кедергісін тап.




Б-ТОБЫ




  1. Бес кедергі суретте көрсетілгендей қосылған. R11 Ом; R21,5 Ом; R32 Ом; R43 Ом, R52 Ом. Жалпы кернеу 38В болса, ток күші неге тең?




  1. Кедергісі 6 Ом реостат жасау үшін алынған көлденең қимасының ауданы 2 мм2 темір сымның массасын анықта. 0,110-6 Омм, Дм7,8103 кг/м3.




С-ТОБЫ




  1. Суретте кескінделген тізбекте әр кедергі 2 Омнан деп алып, жалпы кедергіні тап.






Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп

жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 9 8/3


А -ТОБЫ




  1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 24В, ондағы токтың жұмысы 96 Дж-ға тең болса, өткізгіш арқылы қандай заряд өтеді?




  1. Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? .




  1. Тізбектегі жалпы кедергіні және амперметрдің көрсетуін анықта.



  1. Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы токты тап. Мұндағы вольтметрдің көрсетуі 3В, ал кедергілер R11 Ом, R21,5 Ом, R32 Ом, R43 Ом, R50,2 Ом.



Б-ТОБЫ




  1. Амперметр 6А көрсетіп тұрса, R13 Ом; R22 Ом; R34 Ом, R2 кедергідегі ток күшін тап.


  1. Тізбектің А және В нүктелерінің арасындағы кернеу 220В болса, (сурет) жалпы ток күші қандай?



С-ТОБЫ




  1. Суретте көрсетілген тізбектегі амперметр мен вольтметрдің көрсетулерін табу керек. Вольтметрдің кедергісі 1000 Ом, ток көзіндегі кернеу 110В, R1=400 Ом, R2=600 Ом. Амперметрдің кедергісі ескерілмесін.




Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектеп

жӘне параллель қосу.
НҰСҚА 10 8/3


А-ТОБЫ




  1. Өткізгіш арқылы 10 Кл заряд өткенде, істелетін жұмыс 5 Дж-ға тең болса, өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең?




  1. Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .




  1. Тізбектегі жалпы кедергіні және вольтметрдің көрсетуін анықта.



  1. Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу 10 В болғанда жалпы ток күшін тап.



Б-ТОБЫ




  1. Тізбектегі жалпы кернеу UАВ18В, R13 Ом; R26 Ом; R38 Ом; R415 Ом болса, жалпы ток күші неге тең (сурет)?



  1. Тізбектеп қосылған екі өткізгіштің жалпы кедергісі 50 Ом, ал сол екі өткізгішті параллель қосса, кедергісі 12 Ом болады. Әр өткізгіштің кедергісін тап.



С -ТОБЫ




  1. Суретте көрсетілген тізбектегі жалпы кернеу 12 В болса, жалпы ток күші неге тең?





Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 1 8/4


А-ТОБЫ




  1. Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген машинаның электр шамы 2 минут ішінде қандай жұмыс істейді?




  1. Электр шамының кернеуі 120 В және ток күші 0,5 А болса, оның қуаты неге тең?




  1. Электр шамындағы ток күші 0,6 А деп алып, осы шамды кернеуі 124 В желіге 2 минут қосқанда тұтынылатын электр энергиясын есепте.




  1. Кернеуі 220 В желіге қосылған электр пешінің үстіне ыдыс қойылған. Осы ыдыстағы көлемі 2 л суды 20 0С –тан қайнау температурасына дейін жеткізу үшін қанша уақыт қажет? Электр пешіндегі ток күші 5 А. С=4200 , t0қ=100 0С.




Б-ТОБЫ




  1. Қуаты 600 Вт электр шәйнегіндегі массасы 2 кг суды 20 0С – тан 100 0С – қа дейін қыздыру үшін қанша уақыт қажет? Шәйнектің ПӘК  80. С=4200 .




  1. Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.



С-ТОБЫ




  1. Электр шәйнегінің екі орамасы (обмоткасы) бар. Оның бірін электр желісіне қосқанда шәйнектегі су - 15 минутта, ал екіншісін қосқанда 30 минутта қайнайды. Егер екі ораманы желіге 1) тізбектеп 2) параллель қосса шәйнектегі су қанша уақытта қайнар еді?




Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 2 8/4


А-ТОБЫ




  1. Ток күші 3,5 А болғанда 12 В кернеуге есептелген машинаның электр шамының 20 секундта жұмсайтын электр энергиясын анықта.




  1. Электр шамының кернеуі 127 В және ток күші 0,5 А болса, оның қуаты неге тең?




  1. Кедергісі 250 Ом шамның қыл сымы арқылы 0,2 А ток өтеді. Осы шам 1 минут жанып тұрса, қанша жылу шығарар еді?




  1. Кернеуі 120 В, ток күші 2,5 А болатын желіге қосылған, дәнекерлегіштің массасы 0,5 кг. 5 минут ток көзіне қосулы тұрған дәнекерлегіш қанша градусқа қызады? С=380 .




Б-ТОБЫ




  1. Қуаты 600 Вт электр пешінде 2 л суды 150С – тан 1000С – қа дейін қыздыру үшін 40 минут қажет болса, қондырғының ПӘК-і қандай?




  1. Төртінші шамның тұтынатын қуатын анықта.



С-ТОБЫ




  1. Температурасы 90С болатын 600 см3 су құйылған, орамасының кедергісі 16 Ом электр шәйнегін электр желісінен ажыратуды ұмытып кетсе, (электр желісінің кернеуі 220 В, ал ПӘК. 60) шәйнектегі су қанша уақыттан кейін толығымен буланып кетеді? С=380 , L=2,3106






Тоқтың жұмысы мен қуаты.
НҰСҚА 3 8/4


А-ТОБЫ




  1. Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?




  1. Қуаты 300 Вт электр үтігімен 3 сағ бойы жұмыс істелсе, жұмсалған электр энергиясының шығыны қандай?




  1. Электр шәйнегінде массасы 1,43 кг суды 20 минутта 20 0С – тан 100 0С - қа дейін қыздырған болса, оның қуаты қандай? С=4200Дж/кгоС.




  1. Егер J2 =2 A болса, үшінші шамдағы қуатты анықта. (Сурет).




Б-ТОБЫ




  1. Қыздырғыштың ПӘКі 80. 5 минут ішінде 1­л суды 150С-тан қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыштағы ток күші қандай болады? С=4200Дж/кгоС.




  1. Қыздырғыштың ПӘКі 80. 10 минут ішінде ­2 л суды 200С-тан қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84мм2 никелин сымның ұзындығын қандай етіп алу керек? С=4200Дж/кгоС, 4210-8 Омм.




С-ТОБЫ




  1. Қуаттары 1 40 Вт және 2 60 Вт екі шам бірдей кернеуге есептелген. Егер екі шамды ток көзіне тізбектеп қосса, олардың тұтынатын қуаттары қандай болар еді?