Файл: Баалауды баса трлеріне дістемелік сынымдар (кейс, эссе, рефлексиялы есеп жне т б.).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бағалаудың басқа түрлеріне әдістемелік ұсынымдар

(кейс, эссе, рефлексиялық есеп және т. б.)

Тест тапсырмаларына әдістемелік ұсынымдар
1-Модуль. Заманауи білім беруді дамытудың психологиялық-педагогикалық және нормативтік аспектілері

1. Қазақстан Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының қай тарауы білім беруге қатысты?

А) қарқынды дамыған және инклюзивті экономика;

В) азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

С) әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі;

Д) еліміздің экономикалық дамуы;

Е) еліміздің әл-ауқатын арттыру.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты...

А) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру, қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту;

В) қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты сақтау;

С) педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ете отырып, олардың жалақыларын жоғары деңгейге арттыру;

Д) оқу-тәрбиелік процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім жеке тұлғаны, азаматты, патриотты қалыптастыру;

Е) педагогикалық білім беруді жаңғырту және үштілділік саясатты жалғастыру.

2-Модуль. Білім беру сапасын арттыру мәнмәтінінде оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру

3. «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» нақыл сөзін кім айтып қалдырған?

А) Әл-Фараби;

В) Ибн Сина;

С) Абай;

Д) Қадыр Мырзалиев;

Е) Ахмет Байтұрсынов.

4. Елбасының «Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен форматын өзгерту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру» туралы нұсқауы қай құжатта көрсетілген?

А) «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»;

В) «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: «жалпыға ортақ еңбек қоғамы»;

С) «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»;

Д) «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы;

Е) «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы».

5. Елбасы Н.Назарбаевтың тарихты оқыту бойынша жасаған кемшіліктері:

А) «Жалпы, барлық оқу-тәрбиелік процесс ескі әдістемелерге негізделген»;

В) «Оқу-тәрбиелік процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім жеке тұлғаны, азаматты, патриотты қалыптастыруға бейімделмеген»;


С) А және В нұсқалары дұрыс;

Д) Оқу мақсаттары тарихи концептілерге негізделуі басты кемшілік болып табылады;

Е) В және Д нұсқалары дұрыс.

6. ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы қай жылы қабылданды?

А) 1991 ж.;

В) 1995 ж.;

С) 2001 ж.;

Д) 2002 ж.;

Е) 2010 ж.

7. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» бойынша тарихты оқып, білу.....

А) болған тарихи оқиғалардың хронологиялық сабақтастығын есте сақтау үшін қажет;

В) таптық төңкерістер мен әлеуметтік мәселелерге негізделген оқиғалар мен құбылыстарды ғана зерделеу үшін қажет;

С) тарихи үдерістің логикасын зерделеу ретінде қарастырылу қажет;

Д) тарихи даталарды нақты, әрі өзгертпей қолдану үшін қажет;

Е) елдің мүддесіне сай жазылуы үшін қажет.

8. Мектептегі тарих пәнінің негізгі мақсаты...

А) оқушыларда тарихи сананы қалыптастыру;

В) оқушыларды әлеуметтендіру;

С) тарихи оқиғалар мен құбылыстар туралы әңгімелеу;

Д) құбылыстар мен оқиғаларды фактілеу;

Е) деректер мен дәйектер жинастыру.

9. Тарихи сана дегеніміз –

А) бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау;

В) заманауи кезеңде патриоттық және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу;

С) сол жердің флора, фауна, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын зерттеу;

Д) Тарихи сананы қалыптастыруға әсеру етуші факторларды анықтау;

Е) Жағдаяттың зерттелуі, қанағаттандырушылық қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау.

10. Тарихи сананы қалыптастыруға әсеру етуші факторлар:

А) ғылым, білім, отбасы тәрбиесі;

В) мәдени-ағартушылық шаралар,саяхат жасау, тарихи ескерткіштер;

С) музей,мұрағат,өлкетану жұмыстары;

Д) бұқаралық ақпарат құралдары,әдебиет, өнер;

Е) барлық жауап дұрыс.

11. Белсенді оқыту әдістері:

А) рөлдік ойындар, интерактивті лекциялар, дискуссиялар;

В) тірек сызбаларды құрастыру, конференцияларды ұйымдастыру, постер;

С) талдау стратегиялары, тұжырымдамалық карталар, дебат;

Д) модельдеу, диалогтік тәсілдер, кластер құрастыру;

Е) барлық жауап дұрыс.

12. Шығармашылық ойды белсендірудің әдіс-тәсілдері:

А) топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс;

В) сын тұрғысынан ойлауды дамытудың стратегиялары; зерттеу міндеттерін шешудің технологиясы;

С) хронологиямен жұмыс, даталарды, атауларды жаттау;


Д) бақылау жұмыстары мен диктант алу т.б.;

Е) Блум таксономиясының білу, түсіну, қолдану деңгейлеріне сай тапсырмаларды орындау.

13. Рефлексия - бұл өзіндік сана-сезім, адамның теориялық қызметінің.... бағытталған формасы.

А) Жұмыстың ұйымдастырылуына;

Б) Басқалардың жұмысын басқаруына;

С) Өз тәжірибелік жұмысында өз әрекеттерінің мәнін түсіну, соңғы нәтижесінде, тұлғаның дамуына үлес қосуына;

Д) қадағалау мен бақылауды тиімді ұйымдастыруына;

Е) дәстүрлі оқыту мен оқуды тиімді жүргізу жолдарын қарастыруға.

14. Талдау дегеніміз не?

А) тұтасты бөлікке бөлу, жіктеу, өзара байланыстарды анықтау, салыстыру;

В) терминнің анықтамасын айқындайды, оның шығу төркінін ажыратады;

С) талқылау, өзара пікір алмасу, диалогтік оқыту;

Д) зерттеушілік әңгіме жүргізу;

Е) кумулятивтік әңгіме түрі.

15. Мақсатты тұжырымдау - бұл.... негізінде іске асырылатын мақсатты құру үдерісі:

А) ахуалдың талдауы және сауалнаманың жүргізілуі;

Б) мониторингтік зерттеулер;

С) жағдаяттың зерттелуі, қанағаттандырушылық қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау, иеленген ресурсты анықтау;

Д) тілдік міндеттердің орындалуы мен ұғымдарды түсіндіру;

Е) тақырыпты сипаттау және мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

16. Блум таксономиясы –

А) қажеттіліктер иерархиясы;

В) таным мен ойлау деңгейлері;

С) «Мен» тұжырымдамасы;

Д) Мұғалімнің басты құндылығы;

Е) Кәсіби санат деңгейі.

17. «ЭСӘТ» талдауы мәселені қандай аспектілерге бөледі:

А) этикалық, саяси, әдістемелік, техникалық;

В) экономикалық, саяси, әскери, технологиялық;

С) экономикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық;

Д) эстетикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық;

Е) эмпирикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық.

18. Тарихи деректердің түрлері:

А) құжаттар, артефактілер, иллюстрациялар;

В) хаттар, газет материалдары, бейнетаспалар;

С) карталар, диагностикалық сызбалар,;

Д) естеліктер, қызықты романдар, жәдігерлер;

Е) мақалалар, көркем әдебиет туындылары, шежірелер т.б.

19. Оқыту келесі концептілердің негізінде құрастырылуы тиіс:

А) өзгеріс және сабақтастық, себеп және салдар, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация;

В) деректеме, өзгеріс және сабақтастық, себеп және салдар, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық;

С) сабақтастық, себеп және салдар, дәлел, ұқсастық, дәйек келтіру, даталар мен құбылыстар;

Д) өзгеріс және сабақтастық, себеп және салдар, дәлел және тұжырым;


Е) сабақтастық, себеп және салдар, тұжырымдама, маңыздылық, интерпретация.

20. Тарихилық принцип–

А) механикалық түрдегі фактілердің, оқиғалар мен құбылыстардың үйлесімі;

В) құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуы, олардың нақты жағдайлармен байланысында қарау;

С) қазақ ру-тайпаларының әдіснамалық негіздерін салыстыра зерттеу;

Д) проблемалық жағдаяттар туындату;

Е) зерттеушілік тапсырмалар санын арттыру.

21. Ғылымилық принцип–

А) проблемалық жағдаяттар туындату мен зерттеушілік тапсырмалар санын арттыру принципі;

В) ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелеріне сәйкестігін анықтау принципі;

С) ауызша тарих пен шежірелік деректерге негізделген ғылыми принципі;

Д) құбылыстарды олардың пайда болуы және дамуына негізделген принципі;

Е) оиғалар мен құбылыстарды нақты жағдайлармен байланысында қарау қағидасы.

22. Критериалдық бағалау – бұл:

А) жеке қалыптасатын және сабақта және сабақтан тыс жұмыс түрлеріндегі дайындық пен белсенділік деңгейін көрсететін оқушының тұлғалық жетістіктері;

В) оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге негізделген бағалау үдерісі;

С) сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат;

Д) диагностикалық тестілер, тәрбиелік деңгейін зерттеудің психологиялық-педагогикалық әдістері;

Е) тестілер, тәрбиелік деңгейін зертетудің психологиялық-педагогикалық әдістері, тұлғаның психологиялық дамуын зерттеу.

23. Дағды дегеніміз.......

А) адам бойында туа біткен қасиеттердің жиынтығы;

В) адам бойында туа біткеннен жоқ болып шыққан қасиеттер;

С) адам бойында қайталау арқылы пайда болатын автоматтандырылған икемділік;

Д) көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы;

Е) адамның бағыттылығын, белсенділігін анықтайтын басқарушы динамикалық үдеріс.

24. …………….. - әр түрлі пән саласында, түрлері мен формаларында пайдалануға арналған стратегиялар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады:

А) Ойын технологиясы;

В) Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру технологиясы;

С) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

Д) Блум таксономиясы;


Е) Қалыптастырушы бағалаудың М.Гершон ұсынған 72 түрі.

25. Халықаралық зерттеулердің негізгі мақсаты –

А) білім беру саласын жетілдіру үшін пайдалы ақпарат алу;

В) білім беру саласын жақсарту бойынша маңызды шешімдер қабылдау;

С) білім беру саласындағы себеп-салдарлық байланыстар туралы ақпарат алу;

Д) мектеп оқушылары арасындағы IT білімнің қалыптасу деңгейін анықтау;

E) оқушылардың оқуға, жұмысқа және өмірге дайындықтарын бағалау.

26. Ділдік саулық дегеніміз - адамның айналасына пайдасы әкелетін....

А) өз әлеуетін ашуға, өнімді еңбек етуге, өмірлік қиындықтарға оңтайлы қарауға қабілетті жағымды күйі.

В) өзінің шынайы сезімдерін, сыртқы факторлардың ықпалына жеңдірмеуге мүмкіндік беретін саналылықтың жоғары деңгейіне ие болуы;

С) өмірдің кез келген жағдаяттарына жағымды әрі сергек қарауға, өз арман-мақсаттарына сай өзін-өзі табысты жүзеге асыруға қабілетті күйі;

Д) өмірдің сыртқы әсерлеріне жеңіл бейімделуге, күйзеліспен күресуге күш табатын күйі;

Е) тұлға ретінде белгілі бір мән-мағынамен толығуы және өз әлеуетін жүзеге асыруы.

27. Оқушыларды жоба орындау және зерттеу әрекетіне үйрету барысында қойылатын міндеттердің ішінен артығын тап:

А) білімді күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптыстыру, функционалдық сауаттылықтарын дамыту;

В) оқуға және өздігінен ізденуге ынталандыруға жағдай жасау;

С) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту;

Д) тұлғаның бойында коммуникативтік дағдылар қалыптастыруға жағдай жасау;

Е) шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

28. Инклюзивті білім беру дегеніміз –

А) балаларды өздерінен ерекшеленетін құрдастарымен бірге оқыту;

В) балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару;

С) барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету;

Д) ерекше мұқтаждықтары бар балалардың мектепте оқыту үрдісін сипаттау;

Е) өсіп келе жатқан адамды қоғамның толыққанды мүшесі етіп қалыптастыру.

29. Hard skills - адамның қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығы. Олар:

  1. бағдарламалар тілін меңгеру;

  2. жауапкершілік;

  3. көшбасшылық;

  4. мәселені шешу мүмкіндігі;

  5. мәтін теру жылдамдығы;

  6. сыни ойлау

  7. шет тілін білу;

А) 1, 3, 5

В) 2, 4, 6

С) 1, 5, 7

Д) 3, 5, 6

Е) 2, 4, 7.

30. Soft skills («икемді» дағдылар) — мамандандырылмаған, бірақ өмір мен мансап жолында маңызды рөл атқаратын дағдылар жиынтығы. Олар: