Файл: Блім 3e микробиология жне биотехнология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін


Бөлім:

9.3E Микробиология және биотехнология

Педагогтің аты-жөні:

Қыдырәлі Айнұр Нұрланқызы

Күні:

15.03.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Биотехнологиялық үдерістін жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері (медицинада, өнеркәсіпте және ауылшаруашылықта). Инсулин өндірісі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.3.1 - инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау

9.4.3.2 - биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру

Сабақтың мақсаты:

-Биотехнологияның жануарлар селекциясындағы маңызын сипаттау

-Биотехнология нысаны мен қызметінің құрылымдық деңгейін анықтау

-Биотехнология әдісі арқылы алынатын өнімдерге мысал келтіру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығу-шылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1)ДНҚ дегеніміз не?

2) Оның құрылысын кім ашты?

3) Бұл молекула не үшін керек? Оның құрылысы қандай?

4.Биотехнология ұғымына анықтама

5.Клондау әдісі дегеніміз не?

6. Клондауды биологияның қандай салаларында қолданамыз?

7.Жануарлар селекциясы және оның өзіндік ерекшеліктері

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік-пен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Биологиялық үдерістің жалпы сызбасы жайлы интерактивті тақтада презентация сабағы түсіндіріледі.

Жаңа тақырып бойынша оқушылар презентацияда түсіндірілетін ақпараттарды дәптерлеріне керек жерлерін жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Биотехнология әдісі арқылы алынатын өнімдерге мысалдар келтіреді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.



Білу, түсіну және қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады

«Валюта» әдісі бойынша әр топ постермен жұмыс жасайды. 1-топ қорғағаннан кейін 2-3 топтар 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтып, валютамен қызықты, ұнаған жерлерін сатып алады.

Әр топтада осылай жұмыстанады.

1-топ: Биотехнологияны жануарлар селекциясында қолдануын айтады.

2-топ: Биотехнология нысандары мен олардың қызметі.

3-топ: Биотехнологияда саңырауқұлақтар мен қарапайымдарды пайдалану.

Әр топқа валюталар үйлестіріледі.

ҚБ: «Қол шапалақ» әдісі арқылы топтардың бағалауы.








Caрaлay: Нәтиже немесе жауап, ресурс немесе мәтін, диалог, оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы, сабақтағы жылдамдық, оқушының дербестігі мен жауапкершілігі, оқыту ортасы, таңдау, қарым-қатынас бойынша саралау жүзеге асады.

«Таза тақта» әдісі бойынша мұғалім бүгінгі тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны толтырады, содан кейін оқушылар жеке әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

-Қазіргі кезде кейбір елдерде жыл сайын неше трансплантант-бұзау алынады?

-Долли атты қойдың клоны қай жылы қашан кімнің басшылығымен алынды?

-Бактериялардың метелдар биотехнологиясындағы маңызы қандай?

-Биотехнология нысыандарына сипаттама бер?

-Биотехнологияда саңырауқұлақтарды қалай пайдаланады?

-Қарапайымдардың биотехнологиядағы орны?

ҚБ: мұғaлiмнiң ayызшa кoммeнтaрийi.

Caрaлay: Нәтиже немесе жауап, сабақтағы жылдамдық, дербестігі мен жауапкершілігі, оқыту ортасы, таңдау бойынша саралу жүзеге асады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары


  1. Биотехнология ғылымы адам денсаулығын нығайту мақсатында не жасайды?

 




  1. Ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың көбеюін тежейтін саңырауқұлақтан қандай антиботик алынған?

 




  1. Биотехнология саласының бірі тамақ өнеркәсібі. Суреттен көріп тұрғандай қандай тамақ түрлерін аламыз?

 





Дескриптор:

  1. Биотехнология ғылымының адам денсаулығын нығайту мақсатындағы жетістіктерін атайды.

  2. Ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың көбеюін тежейтін саңырауқұлақтан қандай антиботик алынатынын атайды.

  3. Биотехнологияда алынатын тамақ өнімдерін атайды.


2 Тапсырма:

Берілген кестеге биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысалдар келтіріп жаз.

жануарлар

өсімдіктер

саңырауқұлақтар










Дескриптор:

1. Жануарлардың биотехнологияда қолданылуына мысал келтіреді.

2. Өсімдіктердің биотехнологияда қолданылуына мысал келтіреді.

3. Саңырауқұлақтардың биотехнологияда қолданылуына мысал келтіреді.

ҚБ:Дескрпиторды ескере отырып өзара бағалау.

Caрaлay: Нәтиже немесе жауап, тапсырма бойынша саралау, сабақтағы жылдамдық, дербестігі мен жауапкершілігі, оқыту ортасы, таңдау, қарым-қатынас формалары бойынша саралу жүзеге асады.

«Кір жаятын жіп» әдісі бойынша оқушыларға тақтаға сұрақтар беріледі. Қол көтеріп жауап беру арқылы жауаптарын стикерлерге жазып, кір жаятын жіптерге іледі.

1. Қазіргі кезде кейбір елдерде жыл сайын қанша трансплантан-бұзау алады?

2. Долли атты қойдың клоны кімнің басшылығмен алында?

3. АҚШ-та эмбрион жасушаларын клондаудан алынған Ген атты бұзау қай жылы туды?

4. Субжасушалық құрылымдарға нелер жатады?

5. Биотехнологияда саңырауқұлақтардан қандай өнімдер алады?

6. Ашытқының белгілі 500 түрінен адам ең бірінші нелерді пайдалануды үйренді?

7. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың жіпшелерін қандай ортада өсіреді?

8. Биотехнологияның дәстүрлі емес нысандарыныңқатарына не жатады?

9. Клондау қызметін сипатта?

ҚБ: «Мадақтау әдісі» бойынша бағаланады.



Жеке парақтар

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.