Файл: Ойыл ауданы, Екпетал мектеп балабашасыны аза тілі мен дебиеті пніні малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ШЫҒАРМАШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Абдрахманова Гүлзия Жауынбайқызы
Ойыл ауданы, Екпетал мектеп –

балабақшасының қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

87024960724
Мемлекет болашағының кепілі –жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», - деген.

Қазіргі кезеңде білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой – өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан – жақты қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру. Бойында дарыны бар оқушы басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, танымдық қызығушылығымен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйретудің тиімді жолы –шығармашылық тұлға қалыптастыру.

Дарынды, ерекше талантты жасты ғылымға жетелеу, қабілетін шыңдау, өз жолын табуға көмектесуді ұстаз теріндегі парызым деп санап, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамытуды басты мақсат еттім.

Шығармашылық – бұл адам іс – әрекетінің түрі, бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.

Мектептегі оқу процесі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс –әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу –танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Сонымен қатар сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен жобалар, пәндік үйірмелер мен таңдау курстарының маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

«Әдебиет оқушының ақыл – сезімін тәрбиелеп жетілдіруден басқа сол оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін танытуға керек», - деп көрнекті жазушымыз М.О.Әуезов айтып көрсеткендей, орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде әдебиет пәнінің алар орны ерекше. Әдебиет сабақтарында ең бастысы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді көздейді. Көркем шығармаларды оқыту, түсіндіру, талдау барысында ұстаз әдеби біліммен сусындатып қана қоймай, әдемі сөйлей білуге жетелейді. Сонымен бірге оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Әдебиет сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамын.


Оқушыларға әр алуан шығармашылық тапсырмалар бергенде, олар суреткер жасаған көркем әлемге өзінің тұла бойындағы толықсып жатқан ойын қосады. Әдеби шығарма да жүректен шығып, жүрекке жетеді. Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар шынайы болып, шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауы ашылады.

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін жауапкершілік іс болып табылады. Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.

Қорыта айтқанда, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан – жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу – барша ұстаздың міндеті.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы,2007ж

2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі Алматы, 2000ж

3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж

4. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж