Файл: Топ Зерек кіші тобы Жас шамалы тобы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы: «Семей қаласының технология колледжі» мекемесі қарамағындағы «Немере» балабақшасы

Топ: «Зерек» кіші тобы

Жас шамалық тобы: 2 – 3 жас

Циклограмманың қамтылу кезеңі: 2022 жылдың наурыз айының 06-10 аралығы



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау


Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Баланың бүгінгі балабақшаға келгенін сездіру. Баланың бүгінгі көңіл –күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланың жеке пікірін білдіруге баулу.

Ата-аналармен әңгімелесу.

Балалардың демалыс күндерін қалай, қайда өткізгендері жайлы әңгімелесу. Баланы үйде тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата –аналарға кеңес беру.

Ойындар (үстел үстінде ойнайтын, саусақты, т.б.)


«»

Суреттер әлеміне саяхат (қоршаған орта, сөйлеуді дамыту)

Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын. «Кішкентай көмекшілер» ойыны.

Ойыншықтарды нұсқау бойынша орналастыру

(қоршаған орта, сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын:

«Әдемі пішіндер»

Балаларды әсемдікті көре білуге тәрбиелеу

(сенсорика)


«Менің балабақшам»

Топ бөлмелері, жиһаздарын атап, көрсету

(сөйлеуді дамыту, қоршаған орта)

Құрылымдаған ойын: «Үйшік құрастыр»

(сенсорика,құрастыру)

Таңертеңгі

жаттығу

Жаттығуларр кешені (құралмен)
Б.қ..: негізгі тұрыс. Екі бүктелген секіртпені жоғары көтеру, иықтың артына түсіру, қайтадан көтеру және төмен түсіру. 7-8 рет қайталау. 
2. Б.қ. аяқ алмақ қойылған, секіртпе екі қолда. Тізеде бүгілген оң (сол) аяқты көтеріп, кеудеге тарту. Бастапқы қалыпқа қайта оралу. Әр аяқпен 4-5 рет қайталау. 
3. Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпе бір қолда. Екігі бүктелген секіртпені бір жағында айналдыру, келесі қолмен айналдыру. 
4. Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпелер нықтың артында. Алға еңкею, секіртпені жоғары көтеру, түзелу, секіртпені нықтың артына ұстау. 7-8 рет қайталау. 
5. Орында тұрып, екі аяқпен секіртпе арқылы секіру. 
6. Аяқтың ұшына көтеріліп, секірпені жоғары көтеру. Секірпені түсіру, табанға тұру 5-6 рет қайталау. 
7. Алға жылжи отыра, секіртпеден секіру жеңіл, аяқтың үшімен секіру, аяқты шамалы бүгу. 


Таңғы ас

Мақсаты: мәдениеттік-гигиеналық дағдыларына, үстел басындағы мінез-құлық дағдыларына үйретуді әрі қарай жалғастыру. Асхана аспаптарды , қағаз майлықтарды дұрыс қолдану іскерліктерін дамыту. Үстел басында өзіне-өзі қызмет ету,

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениеттік тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; этикет ережелері.


Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ-не) дайындық

«Не өзгерді?»Мақсаты:Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.


«Ойыншықтар»

әнін тыңдау


«Көктем келді» видео ролик көру.


Тәрбиешінің жетекшілігімен жүргізілетін ойын.

«Менің тобым» (ойын әрекет)

«Балабақшаға кіммен келдің?»(қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, жеке жұмыс)

ҰОҚ

(кесте бойынша)

Негізгі қимылдар: тепе-теңдікті сақтау. жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м), гимнастикалық орындықтың үстімен, еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру

Қимылды ойын: «Дәрумендер жолындағы кедергілер»

(дене шынықтыру)
Тақырыбы: «Көктемгі ағаштар»

Мақсаты: Қылқаламмен дайын үлгідегі суретке сүйкей отырып жапырақтар салуға үйрету. Ойын жаттығу: «Ағаштардағы бүршіктерді орналастыр (сурет салу, сөйлеуді дамытру)


Тақырыбы:

«Көктем» (өлең)

Мақсаты: Өлеңді тыңдай білуге, қайталап айтуға үйрету.

(көркем әдебиет)

Тақырыбы: «Анама гүл»

Мақсаты: қыйылған гүлді алып желімдеу техникасымен жапсыруға үйрету (жапсыру)

Тақырыбы:

«Жемістер. Алма»

Мақсаты: Балаларды жемістердің түрлерін атауға және алманың түсін, дәмін ажыратып айта білуге үйрету. (сөйлеуді дамыту)
«Тостаған»

Мақсаты: Үш бөліктен тұратын тостағанның суретін қағаздан кеңістікте дұрыс орналастыра отырып құрастыруға үйрету. (құрастыру)


Заттарға шығу гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және тағы басқа) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу, заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау

Қимылды ойын: «Допты қуып(дене шынықтыру)

«Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы әңгімелесу. (қоршаған орта, сөйлеуді дамыту)

Төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.

Қимылды ойын: «Дәрумендерді тап» (дене шынықтыру)
«Ыдыстағы көкөніс»

Мақсаты: Дөңгелектің ішіне кішкентай көлемді сопақша пішіндерді орналастыра білуге үйрету. (жапсыру)


Серуенге дайындық

Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды бақылау, киіміндегі олқылықтарды ретке келтіруге баулу. Киімді шкафқа ретімен жинау.


Серуендеу

Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру ( сөйлеуді дамыту)

1.Ауа райына бақылау жасау 

Көктемнің алғашқы айы мен соңғы айын салыстыра білуге үйрету. Ауа райының өзгерісін анықтап оны ажырата білуді жалғастыру. Балалардың байқампаздығын,табиғат пен қарым-қатынасын дамыту. Қимылды ойын«Қасқыр мен лақтар» (дене шынықтыру)

Белгі бойынша ұзындыққа секіруді жалғастыру(лақтар алаңда жүгіреді);жүргізуші қасқырдың көзіне түспей, алаңда жүреді.Ойын шартын бұзбау,ұсталғандары шетке шығады. Шапшаңдық пен бейімділікті дамыту.

Еңбек іс-әрекетіТопырақты тұқым салуға дайындау.Еңбектенуге деген қабілетін дамыту,бастаған ісін аяқтау,үлкендерге көмектесу. (қоршаған орта)

Өзіндік іс-әрекет

Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау, олардың іс-әрекеті мен қылықтарын білдіру,өз ойын іске асыру.   

Серуеннен оралу


Балалардың реттілікпен киімдерін шешіп, жинастыру, қолдарын жуу, тазалыққа баулу.(Физикалық қасиеттері мен өзіне-өзі қызмет ету дағдылары)

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; этикет ережелері.

Ойынды жаттығу «Біз тәртіпті баламыз» ( сөйлеуді дамыту)


«Тәтті ұйқы»


Баяу әуен тыңдату

(Музыка)

«Шұбар тауық» ертегісін оқып беру (көркем әдебиет)

«Әлди-әлди» тыңдау

(Музыка)

«7 лақ» ертегісін оқып беру (көркем әдебиет)

«Бесік жырын» тыңдау

(Музыка)

Біртіндеп ұйқыдан ояту,шынықтыру шаралары

Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. (дене шынықтыру)

Қайық жаттығуы. Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жоғары тартылып, еңкею, тербелу(дене шынықтыру)

Ашулы мысық. Тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру. Мейірімді мысық. Белді бүгіп, басты жоғары көтеру.(дене шынықтыру)


Бесін ас


Балалардың назарын тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет


«Әдемі ою» (сурет, мүсіндеу, )

Қуыршаққа орындық жасау

(мүсіндеу)

Кітап бұрышында боямақ бояу, қалауы бойынша мүсіндеу, жапсыру.

(сурет, жапсыру, мүсіндеу)

Қимылды ойын:

«Сұр көжек»

Мақсаты: балаларды аңдардың жүрісін келтіріп жүруге үйрету. (дене шынықьыру)

Топтық жұмыс:

Аналарымызға моншақ суретін бояу, мүсіндеу, жапсыру.

( мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, сөйлеуді дамыту)

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

Жеке баламен жұмыс: Әділ мен жеке тақпақты қайталау.(көркем әдебиет)

Әңгіме құрастыру Мақсаты: баланың сөздік қорын байыту. ( сөйлеуді дамыту)

«Қошақан» өлең жаттау(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)

Құрылымдалған ойын «Атын атап бер»

Түсті қабылдауы және қолдың ұсақ моторикасын дамытады. (сенсорика)

Ойын «Балабақшадағы достарымның заттары?» (қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, сенсорика)

Серуенге дайындық

Серуенге деген қызығушылықтарын туғызу.Серуен (таңертеңгі бақылауды жалғастыру).

«Айналадағы құбылыстар» тақырыбына балалармен жеке әңгімелесу. Киіну: реттілігі, серуенге шығару. (қоршаған орта)


Серуендеу

Балалардың дербес ойындары. Серуенге қызығушылық туғызу,балалармен жеке әңгімелесу.

(сөйлеуді дамыту)
Қыймылды ойын ; «Қояндарша секіру» (дене шынықтыру)

Киіміндегі ұқыпсыздығын байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға дағдыландыру.

Балалардың дербес әрекеті.» (ойын әрекеті)


«Түстерді ажырат»

Баланың сөздік қорын заттардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Қимылды ойын: «Қуып жет» (дене шынықтыру)

Табиғат маусымы туралы әңгімелесу.

Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

(қоршаған орта, сөйлеуді дамыту.)


Балалардың дербес ойындары. Серуенге қызығушылық тұғызу; балалармен жеке әңгімелесу. (сөйлеуді дамыту)

Қимылды ойын: «Пойыз» (дене шынықтыру)


Балалардың үйге қайтуы


Кеңес:

«Бала өмірінде дәрумендердің пайдасы».

Ембикенің кеңесі:

«Дәрумендер -денсаулық кепілі»

.

Өзара дербес әрекеттер

Ата-аналарға кеңес: Балалардың тазалағы жәйлі әңгімелесу

Апта нәтижілері: Ата-аналарға балалардың тазалықтарына, денсаулықтарына назар аударуларын сұрау.




Тәрбиешілер:Рыскельдинова А.Б

Даниярова Т.Т