ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыңдаушының өздік жұмысы
06.09.2021
Аты-жөні: Кеңшілік Бақытжамал Маратқызы
-
Педагогтерді аттестаттау рәсімі және кәсіби стандарт талаптары аспектінде (психологиялық-педагогикалық аспект) қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру.
-
Кәсіби құзыреттілігін арттыра отырып, біліктілікке қол жеткізеді. -
Қазіргі талапқа сай оқу- тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыруға бағытталады. -
Әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану жолдарын игереді. -
Әр тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жүргізуді жүзеге асырады. -
Білім мен тәрбие үдерісінде тұлғаның эмоциялық саулығын тиімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйесін игереді. -
Қарым-қатынас, ынтымақты орта және реттеу, қорытынды жасау, түзету, тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыруда көмек көрсету және көмек алу жолдары қарастырылады. -
Өз-өзіңді жетілдіру. Аудан, облыс, республика деңгейінде іс-тәжірбие алмасу, ғылыми жобалау дағдыларын дамыту, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік оқу құралдар жасап оны дамытуды қамтамасыз етеді.
-
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні бойынша қалыптастырушы, жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Жиынтық бағалау тапсырмаларын жасауда неге сүйенеміз?
-
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндет – мектептегі білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу; -
Бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі; -
БЖБ-ды қандай түрде (бақылау,практикалық, шығармашылық жұмыс, -
ауызша сұрау, эссе тағы басқа) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтайды; -
БЖБ тапсырмаларын құруда тек өтілген материалдарды ғана қамтып қарастыру керек; -
БЖБ-дың максималды балы 7-ден төмен болмауы тиіс; -
БЖБ саны бір тоқсанда 3-тен артық болмауы тиіс, бір тоқсанда 4 және оданда көп бөлімдерді меңгерту қажет болған жағдайда, мұғалім оқу мақсаттарын есепке ала отырып, бөлімдерді біріктіреді; -
Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанында 2 рет өткізіледі; -
Бөлім бойынша соңғы жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1 аптадан кем емес кезеңде өткізу жоспарланады;
Бөлім бойынша жиынтық бағалау құрастыру алгоритмі
-
Қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттары 4 дағдыға негізделеді -
Оқылым -
Жазылым -
Тыңдалым және айтылым -
Әдеби тілдік нормаларды сақтау -
Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу мақсаттары 3 дағдыға негізделеді -
Түсіну және жауап беру -
Анализ және интерпретация -
Бағалау және салыстыру -
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін -
Бағалауға негіз болатын белгі -
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. -
Білу және түсіну -
Қолдану -
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау)
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.