Файл: Абай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Филология жне кптілді білім беру институты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
ЭССЕ
Тақырыбы: Қоғамдағы белгілі бір құбылысты әлеуметтанулық перспектива екі әдісі арқылы талдау
Орындаған:
Алматы қаласы, 2021 ж
Қашықтықтан оқытудың оқушылар үшін артықшылықтары мен кемшіліктері.
Артықшылығы: тапсырманы барлық жерде жасауға болады, таңертең тұрғыңыз келсе, бір бөлігін, содан кейін екіншісін жасауға болады, қайда және қашан қаласаңыз жасауға болады.Кемшіліктері: сайттар өте жай ашылады, ал тапсырманы орындау керек.
Мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың пікірлері бойынша материалды оқытудың осындай түрінде өзіндік білім алудың үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Яғни, мұғалімдердің қадағалауынсыз, уақыт бойынша ешқандай бақылау және шектеу жоқ. Бір жағынан, бұл артықшылық - уақытты тиімді пайдалануды, материалды жақсы меңгеруді үйренуге болады. Сонымен қатар, кейбіреулердің ешкімнің қадағалауынсыз тез, оңай үйреніп алатындығы да бар. Ол оқушыларды "өзегі бар" деп айтуға
болады. Екінші жағынан қашықтықтан оқыту жинақтылықты, ұйымдастыруды талап етеді.
Қазірдің өзінде аталған артықшылықтарды бөліп алуға болады, яғни оқушылар қашықтықта оқу барысында сабақтан қалуды немесе басқа да себептермен қалдырмауға мүмкіндік береді емеспе. Мысалы, егер оқушы ауырып қалған кезде. Тек компьютерді қосса болды, виртуалды конференцияға қосылады және сабаққа қатыса алады және бұл денсаулыққа зиянсыз. Сонда сабаққа қатыспау болмайды. Иә, интернетпен, кейде әртүрлі іркілістер орын алады, бірақ оларды тексеруге болады. Қашықтықтан оқыту тіпті ұзақ ауру кезінде немесе мектепке барудың мүмкін еместігі кезінде және басқа оқушылардан қалып қалмауға көмектеседі.
Тағы бір артықшылығы, әдетте көзге көріне бермейтін қиыншылық - бұл жайлы жағдайда оқыту. Көп жағдайда балалар мектепке барудан бас тартады. Олар өздерін ыңғайсыз, жайсыз сезінеді. Мұндай жағдайда оқыту мен сөйлеудің ешқандай да бір нәтижесі бола алмайды. Ал егер үйде болса сабақты жақсы қабылдар еді, ондай болса қашықтықтан оқыту - тамаша таңдау. Ол өздігінен білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әрдайым байланыста қалуға мүмкіндік береді, бірақ ешқандай ыңғайсыздық тудырмайды.
Теледидар мен интернет -платформалардағы сабақтар өте үлкен көмек көрсетіп жатыр. Өте қарапайым, қолжетімді және ақпаратталған. Кері байланыс алу және беру оңай.
Білім алудың осындай түрінің ең басты артықшылығы-бұл ыңғайлылық. Қандай себептерге байланысты болмасын - уақыт пен іс-әрекет еркіндігі немесе уақытты үнемдеу болсын, үйрету және үйрену оңай және ыңғайлы. Әсіресе, мұғалімдер үшін бұл нұсқа ең қолайлы. Өз шаруаларымен айналыса отырып, сабақ кезінде қосымша жұмыс істеуге болады. Иә, қашықтықтан білім беру жүйесін соңына дейін пысықтау маңызды. Бірақ, мұндай тәсіл барлық оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де қолжетімді болады деген шындықты жоққа шығармайды!
Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін!