Файл: лихан Бкейхан атындаы гимназиясы кмм бойынша дарынды оушылармен жмыс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ бойынша дарынды

оқушылармен жұмыс.
Гимназия бойынша 2021-2022 оқу жылына дарынды оқушыларды дамыту мақсатында жоба құрылды. Жоба жетекшілері: Тургынбаева Индира Сакеновна, Естекбаева Зерегүл Абеновна, Мадиева Инкар Акбергеновна, Искакбекова Арай Рымбековна. Дарындылықтың мақсаты - оқушылардың жеке басындағы ерекше қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда қолдау көрсету.

Жалпы дарындылық жобасы бойынша жұмыс түрі үш кезеңді қамтиды: 1-кезең анықтаушылық; 2-кезең дарынды оқушылармен іс-әрекет барысы; 3-кезең қорытындылау. Анықтаушылық кезеңі бойынша гимназияның педагог-психологтарымен 2-11 сынып оқушылардың аралығында интеллектуалдық мінез-құлқын анықтауда МЭДИС, ШТУР, Амтхауэр, Зактың «22 есеп» сауалнамасы, Айзенктің IQ; бағыттылықты анықтау бойынша тұлға типін анықтау Д.Голланд тесті, С.Ж.Жексенбаева, А.Е.Голомштоктың «Қызығушылық картасы», «Бейін» әдістемесі, «Равен матрицасы» тесті және т.б. әдістерді пайдалана отырып, дарындылықтың 6 бағыты бойынша оқушылар тізімін анықтап берілді. Әр бағыттардың өз жеке эмблемалары, мақсат-міндеттері айқындалып, соған орай жоспарлары құрылды.

Talant

«Көркем өнер орындаушы» бағытының мақсаты: ерекше дүниелерді жасауға қабілетті, өзіндік дарыны бар, көркем шығармашылықпен айналысатын тұлғаның қасиетін дамыту.

ShyŃ

«Лидерлік» бағыттылықтың мақсаты: заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Shabyt

«Шығармашылық» бағыттылық мақсаты: жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

SUNQAR

«Психомоторлық» бағыттылықтың мақсаты: оқушы бойында түрлі қозғалыс белсенділігін спорт түрінің сан алуан қырынан танытып, нақты бір спорт түрімен шұғылдану арқылы бала дарындылығын дамыту.


Semser

«Академиялық» бағыттылықтың мақсаты: заман талабына сай жаңа технологияларды жылдам игеретін, есте сақтау қабілеті жоғары, көшбасшылыққа ұмтылатын оқушыны қалыптастыру.

Zangar

«Интеллектуалды» бағыттылықтың мақсаты: алға қойған мақсатына жете білетін, ақылды, зерек, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан тұлғаны дамыту.
Екінші кезең нақты іс-әрекет кезеңі бойынша 2021-2022 оқу жылының аралығында гимназия бойынша әр айдың төртінші аптасының сенбі күні, яғни 3 рет бағыт жетекшілерінің бастауымен оқушылардың өз бағыттары бойынша есеп беріледі. Нәтижесінде әр бағыт бойынша «Бағыт жетекшісі-жетекші-дарынды оқушы» тізбегі қарқынды жұмыс жасауда.
Оқушылардың жұмыс жасау барысындағы көрініс