Файл: Малімні, пп мамандарыны, еб бар оушыны ата анасыны зара ісрекетіні адамды алгоритмі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мұғалімнің, ППҚҚ мамандарының, ЕБҚ бар оқушының ата- анасының өзара іс-әрекетінің қадамдық алгоритмі

Мұғалімнің, ата-аналардың іс- әрекеттері

Психологиялық-

педагогикалық қолдау қызметі мамандарының іс-әрекеттері

1. Мұғалім ЕБҚ бар оқушымен

танысады. ПМПК қорытындысы мен ұсынымдарын зерделейді. (қыркүйектің бірінші аптасы)

1. Мамандар ЕБҚ бар мектеп

оқушыларының тізімін жасайды. ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарын зерделейді (қыркүйектің бірінші аптасы). Форма 1.

2. Мұғалім ата-аналармен әңгіме

өткізеді, оқушы туралы мәлімет жинайды, оларға сауалнама (Форма 1а) және коммуникативтік паспорт (Форма 1в) толтыруды ұсынады. (қыркүйектің 1-2-ші аптасы)

2. Ата-аналармен әңгіме өткізеді,

оқушы туралы мәліметтер жинайды, әңгімелесу хаттамасына мәліметтерді енгізеді. Форма 1б.

(қыркүйектің 1-2-ші аптасы)

3. Мұғалім ЕБҚ бар оқушыны

бірнеше күн бақылайды, «сабақта оқушыны бақылау хаттамасы» ағымдық формасын толтырады (Форма 2а).

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы)

3. ЕБҚ бар оқушыны бірнеше

күн бақылап отырады, «сабақта оқушыны бақылау хаттамасы» ағымдық формасын толтырады (Форма 2а).

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы)

4. «Сабақта оқушыны бақылау

хаттамасы» (Форма 2б) қорытынды формасына бақылау нәтижелерін жинақтайды. (қыркүйектің 2-3-ші аптасы)

4. «Сабақта оқушыны бақылау

хаттамасы» (Форма 2б) қорытынды формасына бақылау нәтижелерін жинақтайды. (қыркүйектің 2-3-ші аптасы)

Форма 2 б жылдың басында, бірінші жарты жылдықтан кейін

және жылдың аяғында толтырылады, сонымен қатар оқушыны оқытудың табыстылығы мен дамыту динамикасы мониторингінің құралы болады.

5 Мұғалім оқушының оқу

жетістіктеріне критериалды бағалауды жүргізеді. Бағдарламаны меңгерудегі олқылықтар мен қиындықтарды анықтайды.

5. Оқушыны оқытудағы

қиындықтардың нақты себептерін зерттеуге бағытталған (психологиялық, педагогикалық, логопедтік, әлеуметтік) жеке тексеру жүргізеді. Хаттамаларды толтырады.





6. Ата-аналардың бақылау, әңгімелесу және сауалнама нәтижелерін жинақтайды және оқушының оқу жетістіктерін

«Оқушының сипаттамасы» (Форма 3) формасында зерделейді.

6. Ата-аналардың бақылау, әңгімелесу және сауалнама нәтижелерін жинақтайды және

«Оқушының сипаттамасы» (Форма 3) формасында тереңдетіліп зерттеледі.

Форма 3 жылдың басында, бірінші жарты жылдықтан кейін және жыл соңында оқушыны оқытудың табыстылығы мен дамыту динамикасы мониторингінің нәтижелерін тиянақтау ретінде

толтырылады.

7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін алқалық (мамандармен және ата- аналармен) талқылауға және психологиялық-педагогикалық

қолдау мазмұнын анықтауға қатысады.

7. Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін талқылауды алқалық (мұғаліммен және ата- анасымен) ұйымдастырады және өткізеді, оқушының

психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтайды.

8. Оқушы туралы барлық мәліметтерді талқылау нәтижесінде оқушыны оқытудағы қиындықтар, олардың пайда болу себептері мен механизмі белгіленеді. «Оқушының жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (Форма 4)

Бұл форма маманның жеке жұмысының тиімділігінің мониторингі

ретінде жылдың басында, бірінші жартыжылдықтан кейін және жылдың аяғында толтырылады

9. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын (оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларын) жасауға

қатысады. (Форма 5)

9. Психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын (оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларын) жасауға

қатысады. (Форма 5)

10. Жеке тәсілдемелер және оқытудың арнайы әдістері мен бағалау тәсілдерін қолдануымен қысқартылған немесе жеке оқу

бағдарламасына сәйкес оқытады.

10. Маманның оқушымен жеке жұмыс бағдарламасына сәйкес оқушымен жеке (кіші топтық) дамыту жұмыстарын жүргізеді.

11. Оқушының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және нәтижелерін жинақтайды.

11. Оқушының дамуы мен жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және оның

нәтижелерін жинақтайды.





12. Қажеттіліктер мен қол жеткізілген нәтижелерді қайта талқылауға қатысады. Келесі тоқсанға қысқартылған немесе жеке бағдарламалардың мазмұнын талқылайды (қажет болған жағдайда).

12. Қажеттіліктер мен қол жеткізілген нәтижелерді командалық талқылау қайта жүргізеді. Қолдаудың жеке бағдарламасына өзгерістер енгізеді, келесі тоқсанға (қажет болған жағдайда) жеке оқу бағдарламаларын қысқартуға

немесе жасауға қатысады.