Файл: Блім Жасспірім жне за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім: Жасөспірім және заң

Мектеп:


Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Жасөспірім кезеңнің ерекшеліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 -тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.2.3.1 -мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

Сабақ мақсаты

Тақырыпқа байланысты тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру, мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Сабақбарысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І . Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.

Жағымды психологиялық ахуал. Тақтадағы үш түстің қалағанын таңдату, таңдаған түсіне байланысты оқушыға психологиялық сипаттама беру.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Көк, көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ ТАПСЫРМА. ІІ. Қызығушылықты ояту.Тақырыпты болжау.

  • Жасөспірім кезеңі туралы не білеміз?

  • Жасөспірім шақта балалар тез ересек болуға тырысады, осы пікірмен келісесіңдер ме?

«Ассоциация тізбегі». Берілген мәліметті оқып, тірек сөздер тізбегін жазыңыздар.

Жасөспірімнің жеке басының әлеуметтік – моральдік ересектігінің дамуында қарым – қатынастың маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жасөспірім сыйлы, беделді, қайсібір салада озық сыныптастарымен қарым – қатынас жасауға ұмтылады.

  Жақын жолдастарының қарым – қатынасында әңгімелесу үлкен орын алады. Әр түрлі істе де, серуен кезінде де әңгіме үзілмейді, шындап келгенде оларды осы әңгімелесу ғана байланыстырады.

  Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан, достық қарым- қатынастарға өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Нағыз дос тауып, оған өзі де жалғыз досы болу – әрбір жасөспірімнің арманы.

  Жасөспірім достығының мұраты – «қашанда бірге болып, бәрін бірдей бөлісу». Жасөспірімдер дос-жолдасымен ортақ өмірге ұмтылады.

  Нағыз достықтық бірден шығуы сирек болады. Жасөспірімдер достықты қадірлегенімен, оған көп талап қояды, әрі өкпелегіш болады. Жақын жолдасымен, досымен қарым-қатынас туралы жасөспірім көп ойланып, толғанады. Ол осы қарым-қатынаста, өзіне жолдасының несі ұнап, несі ұнамайтынын білуге тырысады, өзінің оған, оның бұған қатынасын салыстырады.

  Достықтың қағидаларын меңгеру -  баланың жасөспірім шақта жететін маңызды жетістігі. Жасөспірім шақта ер балалармен қыз балалар арасындағы қарым – қатынаста айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою, ұнату, осыған байланысты өзінің сырт пішініне зер салып, ұнамды көрінуге ұмтылады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.

Жағымды психологиялық ахуал. Тақтадағы үш түстің қалағанын таңдату, таңдаған түсіне байланысты оқушыға психологиялық сипаттама беру.


Оқушылар бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді. «Ассоциация тізбегін» жасайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.



ҚБ





8-сынып «Қазақ тілі» оқулығы



Сабақтың ортасы



Мағынаны тану кезеңі.

ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

1,2-оқылым тапсырмасы. Мәтіндерді оқыңыз.

1-тапсырма. Графикалық кестелердегі мәліметтерді талдаңыз.

Кестені толтырыңыз.

1-мәтін «Кенжебектің күнделігі»



2-мәтін «Өмірдің кілті».



2-тапсырма.Екі мәтінді салыстырыңыз.


1-мәтін




2-мәтін




Мәтіннің стилі













Тақырыбы













Түрі













Құрылымы













Екі мәтіннің ұқсастығы










Екі мәтіннің айырмашылығы










Дескриптор:

  • графикалық кестелердегі мәліметтерді талдайды;

  • мәтіндерді салыстырады;

  • ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;




  • түрі мен стилін анықтайды;

  • тақырыбы мен құрылымынажыратады.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН.

5-тапсырма. «Өмірдің кілті» мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға жұпта кезекпен жауап беріп, сұхбаттасыңдар.

Дескриптор:

  • Жағдаятпен танысады;

  • Шығу жолын іздейді

  • Қорытынды шешімін ұсынады.

ҚБ

Үй тапсырмасы: 6-тапсырма


Мәтіндерді оқып,

графикалық кестелердегі мәліметтерді талдайды, кестені толтырыңыз.

Екі мәтінді салыстырады.

Графикалық кестелердегі мәліметтерді талдайды;

мәтіндерді салыстырады;

ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады;

түрі мен стилін анықтайды;

тақырыбы мен құрылымын ажыратады.

«Өмірдің кілті» мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға жұпта кезекпен жауап беріп, сұхбаттасыңдар.


ҚБ



ҚБ




Ғанибет Ғалымбекұлы
(Ел аузынан)


Сабақтың аяғы


Рефлексия

Оқушыларға рефлексия қағазы үлестіріледі.

3 Қ *Қызық *Қиын *Қонымды