Файл: Химия пні бойынша оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 175

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




«Химия»

пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен

Атырау - 2016 ж

«Химия»: 9 сынып базасында барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне арналған.

«Химия» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені кіріспеден, нормативтік құжаттардан, дәріс материалдардан, тест тапсырмалары, емтихан билеттерінен, студенттердің өзіндік жұмысынан, зертханалық жұмыс тапсырмаларынан жинақталған.

Жаратылыстану пәндер бірлесті

отырысында қаралып, мақұлданды.

2017 ж.«_______»_________№_____

Колледжде қолдануға ұсынылған

ылды: Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

«Химия»: 9 сынып базасында барлық мамандықтың

1 курс студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен
Дайындаған оқытушы:

Жаратылыстану пәндер бірлесті

комиссиясының 2017ж.«_______»_________хаттама №____

Пән бірлестігінің төрайымы:

Мазмұны:

Кіріспе

1. Нормативтік құжаттар

1.1.Пән бойынша үлгілік оқу жоспары көшірмесі

1.2.Оқу жұмыс бағдарламасы

1.3.Күнтізбелік жоспар

2.Оқу-әдістемелік материал

2.1.Дәрістік материал

1.Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және периодтық жүйесі.

2. Элементтердің қасиеттері периодтылығының мәні.

3. Химиялық байланыс. Ковалентті байланыс.Иондық байланыс және металдық байланыс.

4. Бейорганикалық қосылыстар. Оксидтер. Қышқылдар. Негіздер. Тұздар.

5. Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

6. Тұздар гидролизі

7. Химиялық реакцияның жылдамдығы

8. Химиялық тепе-теңдік

9. Металдардың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысының ерекшеліктері.

10. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері. 11. І А топша элементтері. Жалпы сипаттама. Натрий

12. ІІ А топша элементтері. Кальций. Судың кермектігі.

13. p-элементтерге жалпы сипаттама. Алюминий.

14. ІV, V А топша элементтеріне жалпы сипаттама. Si,C,P,N

15. VІ , VІІ А топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. S,Cl

16. d-элементтері. Мыс. Мырыш.

17. Темір. Металдардың жемірілуі

ІІ семестр

1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы.

2. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар.


3.Қаныққан көмірсутектер. Алкандар мен циклоалкандар

4.Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер немесе этиленді көмірсутектер

5.Диен көмірсутектері. Ацетилен көмірсутектер немесе алкиндер.

6.Ароматты көмірсутектер (арендер). Бензол, толуол.

7.Көмірсутектің табиғи көздері. Кокстеу өндір

8.Мұнай. Мұнай құрамы, қасиеттері және алынатын өнімдері.

9. Бір атомды қаныққан спирттер және жай эфирлер.

10. Көп атомды спирттер.

11. Фенолдар.Альдегидтер мен кетондар. Карбон қышқылдары.

12. Күрделі эфирлер. Майлар.Көмірсулар. Дисахаридтер. Сахароза. Крахмал

13. Целлюлоза. Ацеттаты талшық. Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.

14. Аминдер. Аминқышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар.

15. Белоктар. Нуклеин қышқылы. Тірі организмдердің химиялық құрамы. Витаминдер.

2.2.Зертханалық-тәжірибелік сабақтар

2.3.Білімді бағалау

Бақылау жұмысы

Емтихан билеттері

Студенттердің өзіндік жұмысы

Тест сұрақтары

Есептер

3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Химия” пәнін оқытудың жалпы мақсаттары:

- Әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:

1) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

2) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы химиялық білімімен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистікбағыттылығын дамыту;


6) химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауылшаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға керіәсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

3. Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.

«Биология» пәнімен:

1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;

2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;

3) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі. «География» пәнімен:

1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;

2) негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер;

3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.

«Алгебра және геометрия» пәнімен:

1) заттың сандық құрамын анықтауда математикалық есептеулерді қолдану;

2) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;

3) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.

«Физика» пәнімен:

1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиактивтілік, ядролық реакциялар;

2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы;

3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар.

«Информатика» пәнімен:

1) электрондық оқулықтар, әдістемелер, виртуалды лабораториялармен жұмыс істеу;

2) компьютерлік бағдарламаларды қолданып, презентация, жобаларды жасау;

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:

  • Периодтық заңды пайдалана отырып, периодтық кесте құрылымдарының арасындағы байланыс себептерін аша білу, атомдардағы электрондардың орналасуын сипаттай білу, Паули, Хунд ережелерін пайдалан отырып кез-келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу, период бойынша және s-, p-, d-, f- элементтер қатары бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруін теориялық түрде сипаттап жазуға үйрену, дағдылану.

  • Термодинамиканың І – және ІІ – заңдарын тұжырымдай білу.

  • Реакцияның жүру бағытына орай, энергия түрлерін және олардың өзара айналуын айыра білу. «Жылдамдық константасы», «Ле-Шателье принципі» терминдерінің мәнін түсіндіре білу, оларды пайдалана отырып есептер шығару.

  • Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын білу, заттың молекулалық формуласын есептеу, химиялық теңдеу бойынша өнімнің шығымын есептеу кезінде теориялық білімді қолдана білу.

  • Маңызды органикалық заттар, табиғи қосылыстар, олардың классификациясы, құрылысы, олардың құрылымын анықтау методологиясы, химиялық қасиеттері және генетикалық өзара байланысын білу.


Пререквизиттері: оқылатын пәнді  игеру үшін студенттер орта мектеп бағдарламаларына сәйкес бейорганикалық химия, жалпы химияның негіздері, математика және физика пәндерінің негізгі ұғымдарын, теориялық қағидаларын білуге тиіс.

Постреквизиттері: пәнді  оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы –  элементтер химиясы, органикалық химия, физикалық және коллоидтық химия, химиялық технология.

«Химия»

Дайындаған: Жаратылыстану пән бірлестігінің оқытушысы

Багитова Айнұр Багитовна

Туған күні мен жылы: 17.03.1991

Мекен-жайы: Авангард ы/а, 3-53-11

Байланыс телефоны: 8 701 122 96 04

е-mail: b.ainur_90@mail.ru

Білімі: жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, биология мамандығы бойынша Жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Шығармашылық тақырыбы:

«Химия пәнінде өзіндік жұмыстың тиімділігі»

Жалпы еңбек өтілі: 5 жыл

Колледждегі еңбек өтілі: 5 жыл

Санаты (категориясы) - 2

Қ:Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Жаратылыстану пән бірлестігі

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

«Химия» пәнінен 9 сынып базасында барлық мамандықтың

1 курс студенттеріне арналған

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1

Семестр: І, ІІ

Барлығы: 78 сағат

Пән оқытушысы: Багитова А.Б

Атырау – 2016 ж.

Жұмыс бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24.05.2013 жылғы № 150 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрылған. Жұмыс оқу бағдарламасы «Химия» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес жасалған.

Жұмыс бағдарламасы «Жаратылыстану» пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № ____ «____»________2017ж


Пән бірлестігінің төрайымы: Сарсенова А.К

Құрастырған: Жаратылыстану пән бірлестігінің оқытушысы Багитова А.Б



  1. Түсінік хат

«Химия»оқу пәні «Жаратылыстанудың» білім беру саласына жатады. Кәсіптік білім жүйесіндегі оның рөлі оқушыларға табиғат туралы, қоршаған орта туралы ғылмыми білімдерін қалыптастыру, оларды ҚР қазіргі заманғы химиялық және металлургиялық өндірістердің ғылым-практикалық және технологиялық даму заңдылықтарымен таныстыру қажеттілігінен туындаған, атап айтқанда оқу пәнінің көмегіменн алдыңғы қатарлы және жоғары құзіретті Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу болып табылады.


Химия курсы қоршаған әлемнің химиялық ғылым негізіндегі жалпы сипаттамалары мен жалпы заңдылықтарын оқытады, ғылымның қолданбалы аспектілері-өмір мен оқу жағдайларында қызметтің тәсілдерін қалыптастыру мен дамыту негізі ретінде қарастырылады.

Білімдік және құзіретті нәтижелері қалыптастыру негізінг дүниетанымдық идеялар құрайды.

- органикалық және бейорганикалық әлемнің бірлігі туралы;

- химиялық құбылыстарды танып білу туралы;

- табиғатты заттардың өзара байланысы, олардың құрамы, құрылысы, физикалық-химиялық қасиеттер туралы;

- адам өмірінің барлық сферасында химиялық заттарды қолданудың, олардың құрылысы мен қасиетіне сай болуы туралы;

«Химия» пәнін оқытудың жалпы мақсаттары:

  1. Қоршаған әлемді құраушы химиялық білімдер туралы, осы салада қолданылатн тәсілдер мен әдістер туралы, ғылыми дүниетанымдық көзқарастар мен тұлғалық-мәнді қызметті жүзеге асыру құралының негізң ретінде білім жүйесін қалыптастыру;

  2. Оқу пәнінің көмегімен жалпы орта білім беерудің жоғары сатысының түлектерінің құзіретін дамыту.

  3. Өз бетінше жұмыс жасау арқылы және қажеттіктерін қанағаттандыру мен өздерін көрсете білулеріен сәйкес танымдық және интеллектуальдық қабіллеттерін дамыту;

«Химия» пәнін оқытудың міндеттері:

  • Білім, түсінік және түсініктерді, заңдылықтарды, заңдарды, теорияларды ұғымдарды және ғылымның әдістерінің қолданылу мүмкіндіктері мен түсініктері, білігі негізінде оқушылардың қоршаған әлем туралы жаратылыстану-ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;

  • Күнделікті өмірде және оқу процесінде маңызды химиялық аспаптарымен ұқыпты, қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • Ғылым мен өндірістің негізгі бағыттарының дамуымен, экономикалық проблемаларды шешуде химияның техникамен технологиядағы ролімен таныстыру;

  • Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісін ойлау мен қазіргі заманғы білімді, мәдениетті тұлғаға қажетті біліммен және қызмет тәсілімен қаруландыруда химияның маңызды үлес қосатынын түсіндіруді қамтамасыз ету;

  • Химияны оқу кезінде оқушылардың проблемаларды шешу тәсілдері мен ақпараттық және коммуникативтік қызмет тәсілдерін білуді қамтамасыз ету;

  • Химиядан өз бетінше білім алуды, сонымен қатар алынған білімді әртүрлі химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысмен қасиеттерін, қазіргі заманғы технологияларды практикада қолдануды түсіндіру үшін алынған білімдерді қолдана білуді қалыптастыру, жаратылыстану ғылыми және өзіндік білімді жалғастыруға мүмкіндігін қамтамасыз ету;