Файл: Бекітемін за мерзімді жоспарды тарауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Атадан қалған асыл сөз

Мектеп: Елек орта мектебі

Күні: 04.09.2019

Мұғалімнің есімі: Бухарбаева М.К.

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ислам дәуірі әдебиеті. Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж. 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың идеялық мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: . әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді және қосымша дерек келтіреді.

Бағалау критерийі

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Талдау арқылы шығарманың идеялық мазмұнын анықтайды.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Асыл мұра, көне жәдігер

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:


Құндылықтарға баулу

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы


Алдыңғы оқу

Бұл кіріспе сабақ, яғни бөлімнің бірінші сабағы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы. 5 минут


Ширату жаттығуы

Оқушыларды 4 топқа бөлу

  • Оқушыларды қағаз қиындылары арқылы «Бақыт», «Ақыл», «Әділет», «Қанағат» деп төрт топқа болу.

1-топ. «Бақыт»

2-топ. «Ақыл»

3-топ. «Әділет»

4-топ. «Қанағат»

  • Топ атаулары арқылы тақырыпты болжату.


Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Слайд
Қағаз қиындылары


Сабақтың ортасы 25 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Мағынаны таны!»

1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.


Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,
Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.
Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,
Білсін сонда басынан құс ұшпасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.


2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.

Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
Бір достық бар Тәңірді алған араға,
Болмайды онда қалтарыс та, нала да.



Тағы бірі тек пайда үшін достасар
Мұнда адамдық болмас түбі қоштасар.
Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,
Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.



Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,
Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.
Егер пайда үшін дос боп табысса,
Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.



3-топ. Үзіндідегі дос, туыс, жолдас, бауыр ұғымдарына түсінік беріңіз, автордың тұжырымын анықтаңыз.

Дос көңілін білгің келсе өзің де,

Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.

Білгің келсе, сені сүйер-сүймесін,

Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.
Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,

Сенен кетпес «шеше», «әке» деп айналып.

Тілегенін бермесе егер сұрланып,

Көрмегендей бойын тартар тұлданып.
Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,
Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.
Дос, туыс сол қуанышта қуанар,
Қайғы келсе, қасында боп уатар.
Сүйсін десең көп достарың өзіңді,

Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.


4-топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларын жинақтап, автордың түйінді ойын білдіріңіз.

Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.

Тіл - арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!
Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ер
Құлақ салып, амал қылып, есті елер.

«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,
Бас кесілмес үшін тілді кесемін.
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

Аударған Асқар Егеубай

Мұғалім тарапынан топтарға кері байланыс беріледі.
2-тапсырма. С. «Құтты білік» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыздар.


Сюжеттің басталуы:





Сюжеттік байланыс:





Сюжеттік даму:





Шарықтау шегі:





Шешім:





Бағалау. Өзін-өзін және өзара бағалау жүргізіледі.

Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді.


Оқулық

Аудио материал


Аяқталуы 10 минут

3-тапсырма. Үзінділермен жұмыс. «Құтты біліктен» алынған нақыл сөзді талдай отырып, қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен сәйкестендіріңіздер, мақалдардың мағынасын ашыңыздар.

Үзінді

Мақал-мәтел

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде болса, сол білікті болады.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Тіліңді бақ, басың аман қалады,
Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.

Есік баққан тіл – арыстан, ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.

Білекті бірді жығар,   

Білімді мыңды жығар.

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын, Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын

Басқа пәле – тілден. 


Бағалау. Өзара бағалау жүргізіледі.





Үйге тапсырма. «Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкерге ойтолғау жазу.




Рефлексия

«3-2-1» стратегиясы

1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс;

Денсаулық және қауіпсіздік;

АКТ-мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс (тәрбие элементі)

Барынша қолдау көрсету:

Оқушыларға әртүрлі таңдау арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін ---- пайдаланыңыз.
Орташа қолдау: Тапсырманың бастама нұсқауларын ғана пайдаланыңыз.
Қолдау көрсету аз:

Тапсырманың орындау жолын өзі табу үшін толтырылмаған күйде қалдырыңыз және сол бос жерлерді өз бетінше толтыруға тапсырма беріңіз.





Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ме?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат біілдім?




Бекітемін


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Атадан қалған асыл сөз

Мектеп: Елек орта мектебі

Күні: 27.09.2019

Мұғалімнің есімі: Бухарбаева М.К.

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұқар жырау "Тілек"

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Шығармадан алынған деректер арқылы автор рөлін талдайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Автор пікіріне өзгенің көзқарасымен салыстыра отырып, өзіндік бағасын береді.

Кейбір оқушылар орындай алады: автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдайды.

Бағалау критерийі

Шығармадан алынған деректер арқылы автор рөліне талдау жүргізеді;

Автор пікіріне өзгенің көзқарасымен салыстыра отырып өзіндік бағасын береді;

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Тілек, автор, идея, стилистика

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тілек айта аламыз ба?

Құндылықтарға баулу

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы.


Алдыңғы оқу

«Балаби мен Сырым»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы. 5 минут


Ширату жаттығуы

Сынып оқушыларын шеңберге тұрғызып оң жақтағы көршісіне бір тілек айтқызу, тілек тілеудің маңызы мен мағынасы туралы сұрай отырып, сабақ тақырыбына болжау жасау.

Оқушыларды 4 топқа бөлу

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Сөздік жұмысы.

Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау (абыздың бір міндеттерін атқару) – көне дәуір жырауларына тән қасиет.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Жортуыл сәуегейі болған.

Слайд
Қағаз қиындылары


Сабақтың ортасы 25 минут

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Шығарманың аудионұсқасын тыңдау, тыңдай отырып маңызды ақпаратты түртіп отыру.
1 тапсырма

Топ құрамындағы оқушылардың әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ – шығармадан автор бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– автор туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– автор тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың өз көзқарасын білдіруде қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет













Дескрипторлар:

Шығармадан деректер табады;

Автор тұлғасын ашатын сұрақтар құрады;

Автордың бейнесін анықтайды;

Автор турал өз пікірін білдіреді;

Бағалау. Бағалау критерийлері, дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
2 тапсырма

Р. Кенжемолдаевтың шығарма туралы талдау мақаласымен таныса отырып, түпнұсқамен салыстырады. Әр топ өзіне берілген тілек нөмірі бойынша жұмыстанып, топқа таныстырады. (Түпнұсқа да, мақала да оқушыларға таратпа материалдармен таратылады. )


Топ

Тілек нөмірі

Түпнұсқадағы үзіндісі

Мақаладағы үзіндісі

Оқушы пікірі

1

1,2,3










2

4,5,6










3

7,8,9










4

10,11











Дескрипторлар:

Автор пікірін түсінеді;

Бағалай алады;

Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Өзгенің пікірін саралайды;

Бағалау. Бағалау критерийлері, дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

Мұғалім тарапынан топтарға кері байланыс беріледі.



https://www.youtube.com/watch?v=Z1AZbb439h8

Аудио материал


Аяқталуы 10 минут

«Жолаушының қойын дәптері» әдісі

1 – қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.

2 –қадам: Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.

Бағалау. Өзара бағалау жүргізіледі.





Үйге тапсырма.




Рефлексия «4 күйім» әдісімен кері байланыс жүргізу.

Оқушы сабақ барысындағы өзінің 4 күйіне баға береді.







Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілетті

оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс;

Денсаулық және қауіпсіздік;

АКТ-мен байланыс,

құндылықтармен

байланыс (тәрбие элементі)

Барынша қолдау көрсету:

Оқушыларға әртүрлі таңдау арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін ---- пайдаланыңыз.
Орташа қолдау: Тапсырманың бастама нұсқауларын ғана пайдаланыңыз.
Қолдау көрсету аз:

Тапсырманың орындау жолын өзі табу үшін толтырылмаған күйде қалдырыңыз және сол бос жерлерді өз бетінше толтыруға тапсырма беріңіз.





Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ме?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат біілдім?