Файл: Малімні атыжні Аглакова Айнаш Алибековна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Мұғалімнің аты-жөні

Аглакова Айнаш Алибековна

Пән/Сынып:

Қазақстан тарихы, 9 сынып

Сабақ нөмірі:

4- тоқсан, № 4 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Қазақстан - халықаралық құқық субъектісі

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі қалай жүзеге асты?

Оқу мақсаттары

9.3.2.2 Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беру;

9.3.2.3 Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдау.

Бағалау критерийі:

Аталмыш ұйымдарда Қазақстанның кірігуінің маңызы;

Көздеген мақсаты;

Халықаралық ұйымдарда жасаған іс-әрекеттері;

Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы болашақ бағдары

     

Уақыты

Кезеңдері

Саралап оқыту тапсырмалары

Педагогтің әрекеті

Оқушы

Бағалау

Ресурстар

3-минут

15 минут


5-минут

Ұйымдастыру

Жаңа сабақ

Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта:

  • Қазақстанның халықаралық сахнаға шығуын, оның жетістіктерін бағалайсыз;

  • Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысын талдайсыз.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі қалай жүзеге асты?

Сабақтың барысы:

Бүгінгі сабағымызда кездесетін тірек сөздердің мағынасын білейік:

  • Сыртқы саясат – халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат.

  • «Бейбітшілік эпицентрі» - Қазақстан басшылығының қауіпсіздікті нығайтудағы жүйелі дана саясаты.



1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған соң, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары біздің елге назарын аударды. Әлемнің біздің ел туралы хабары аз болғандықтан, баспасөз құралдары Қазақстанды адамзатқа қауіп төндіретін ядролық қаруы бар мемлекет, экстремистік ел ретінде көрсететін жағымсыз бейне қалыптастырды. Республика алдына өзіне деген жағымсыз қатынасты еңсеру міндеті қойылып халықаралық сахнаға шығу керек болды.

Біріншіден, жас мемлекетімізді әлемге таныту.

Екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету.

Үшіншіден, әлемдік шаруашылыққа кіру және басқа елдермен экономикалық байланыстар орнатуға белсенді қатысу керек болды.

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруі осындай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды. Осы жұмыстар Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен -ақ өз жемісін бере бастады.

1991 жылдың соңында Қазақстанды 108 мемлекет таныды, 70 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ),2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлер кеңесіне, Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымына (ОАЫҰ) және т.б. көптеген халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі болды.

Нені меңгергенін білу үшін
Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация №-1-2 бет



Презентация №-3-4 бет

7-минут


Тәжірибе


1-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс

Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа енуінің тарихи маңызын талдаңыз.

БҰҰ

ШЫҰ

ЕҚЫҰ

ТМД













Маңыздылығы





Дескриптор

Білім алушы

  • Қазақстан халықаралық ұйымдармен мүшелігін анықтайды;

  • Қазақстан халықаралық ұйымдарда жасаған іс-әрекеттерін талдайды.


2-тапсырма. «SWOT» талдауы

Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнына SWOT-талдау жасаңыз.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критериі

А4, конспект

Презентация №6-7 бет



2-минут


Қорытынды

Күшті жағы

Әлсіз жағы

Мүмкіндіктері

Қаупі


Дескриптор

Білім алушы

  • Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы 1 күшті жағын көрсетеді;

  • Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы 1 әлсіз жағын анықтайды;

  • Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орнының 2 мүмкіндігін жазады;

  • Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы болудағы қауіп-қатарлердің алдын-алуын қажеттігін атайды.



«Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуінің маңызы неде?» деген сұраққа тұжырым жасайды.










Презентация №8-9 бет