Файл: 1 Lesson Study дерісі бойынша рефлексивті есеп 9желтосан кні тадап алынан 9 В сыныппен Арифметикалы жне геометриялы прогрессиялар 10саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Lesson Study үдерісі бойынша рефлексивті есеп

9-желтоқсан күні таңдап алынған 9 «В» сыныппен «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 10-сабақ» тақырыбындағы 1-ші зерттеу сабағын өттім. Зерттеу сабағында Жакаш Г, Адырбекова Г, Байтелиева Н, Байтуреева Б бақылаушы болды.

Сабақ ынтымақтастық атмосферасын құрумен басталды. Оқушылар назарларын сабаққа аударды. Үй жұмысын «Көршіңмен ақылдас!» әдісі бойынша тексердім. Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, үйден шығарып келген есептерін тексерді. Тақтадан дұрыс шығарылу жолын көрсеттім. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап» ойынын ойнаттым. Бұл ойында В деңгейлі ДС оқушы жақсы қатысты. Ойын жинақтап жеткізе алды. Бұл ойын ДС-ға қызық әрі оңай болды. А деңгейлі ҚА сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты. “QAZ MATH” бағдарламасы арқылы сыныпты 3 топқа бөлдім. Жаңа сабақты бастау үшін тақтаға сандар тізбегін жазып оқу мақсатын аштым. «Ойлан, жұптас, бөліс» жұптық жұмысында С деңгейлі ЖМ оқушы жанындағы оқушымен бірге тапсырманы жақсы орындап шықты, сәл де болса толықтыратын жерлері болды. Сынып жақсы қатысты. Оқушылар өз ойларын айтты, сол бойынша есептерін тақтада орындады. А деңгейлі оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгерген, тәжірибелік жұмысты жақсы орындап шықты, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейдегі оқушы топта белсене жұмыс жасады және өзі өзгелерге түсіндіре алды, тапсырманы толық көлемде меңгерді, тек күрделі тапсырмаларды орындағанда қателер жіберді. Топтық жұмыс кезінде бұл оқушының белсенділігі мен қызығушылығының артқаны дәлел болды. Жеке басына арналған тапсырмалар орындау кезінде ерекше белсенді болды. С деңгейдегі оқушы ЖМ сабақ барысында қысылып сабаққа атсалыспай отырды.

Бұл сабақтағы тапсырмалар орындауда жұппен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен жеке жұмыс ерекше орын алды. Бұл кезеңде оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, АВС деңгейіндегі оқушыларға жекелеген тапсырмалар дайындау сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл айтылған пікірлер келесі өткізілетін зерттеушілік сабақ жоспарларына енгізілді.

Сабақтан соң таңдап алынған оқушылардан сұхбат алынды. Олар сабақ туралы өз ойларын айтты. Осы зерттеу сабағын ескере отырып, өз сабақтарымда көбірек осылай жүргізсем оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артатынына сенімді болдым. Қызығушылық болған жерде білім сапасы да артатынына күмәнім жоқ


Пән мұғалімі: Бурибаева Г.А.

2 Lesson Study үдерісі бойынша рефлексивті есеп

12-желтоқсан күні таңдап алынған 9 «В» сыныппен «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 11-сабақ» тақырыбындағы 2-ші зерттеу сабағын өттім. Зерттеу сабағында Жакаш Г, Адырбекова Г, Байтелиева Н, Байтуреева Б бақылаушы болды.

Сабақ психологииялық ахуал орнатумен басталды. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңіл-күйлерін, назарларын сабаққа аударды. “QAZ MATH” бағдарламасы арқылы сыныпты 3 топқа бөлдім (арифметика, геометрия, прогрессия). Үй жұмысын «Мен саған, сен маған» әдісі бойынша тексердім. Оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырып, үйден шығарып келген есептерін тексерді. Тақтадан дұрыс шығарылу жолын көрсеттім. Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнаттым. Бұл ойында С деңгейлі оқушы жақсы қатысты. Ойын жинақтап жеткізе алды. Бұл ойын оған қызық әрі оңай болды. А деңгейлі ҚА сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты. Жаңа сабақты бастау үшін тақтаға сандар тізбегін жазып оқу мақсатын аштым. «3-тен 4-ке көтеру» стратегиясы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арналған тесттік тапсырма бердім. ZipGrade бағдарламасы арқылы көздерінше тексердім. С деңгейлі оқушы тапсырманың екі бөлігін ғана орындаған. А деңгейлі оқушы тесттік тапсырманың бәрін толық орындаған, демек, тақырыпқа толық түсінген. «Тапқыр болсаң тауып көр» жұптық жұмысында В деңгейлі оқушы жанындағы оқушымен бірге тапсырманы жақсы орындап шықты. Жалпы сынып жақсы қатысты. А деңгейлі оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгерген, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. В деңгейдегі оқушы топта белсене жұмыс жасай алмады, себебі берілген тапсырма оған қиындық туғызды, күрделі тапсырмаларды орындағанда қателер жіберді. Топтық жұмыс кезінде бұл оқушының белсенділігі мен қызығушылығының төмендігі байқалды. Жеке басына арналған тапсырмалар орындау кезінде ерекше белсенді болды. С деңгейдегі оқушы ЖМ сабақ барысында тек өзіне берілген жеке тапсырмаларды ғана орындады. Ізденіп топтан көмек сұрамады. Келесі сабақта осы С деңгейлі оқуыға арналған қосымша оңайлатылған тапсырма дайындап келу керек екенін түртіп алдым. Бұл сабақтағы тапсырмалар орындауда жұппен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен топтық жұмыс ерекше орын алды. Бұл кезеңде оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, АВС деңгейіндегі оқушыларға жекелеген тапсырмалар дайындау сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл айтылған пікірлер келесі өткізілетін зерттеушілік сабақ жоспарларына енгізілді.


Сабақтан соң таңдап алынған оқушылардан сұхбат алынды. Олар сабақ туралы өз ойларын айтты. Қызығушылық болған жерде білім сапасы да артатынына күмәнім жоқ, сондықтан оқуышыны қызықтыратын тапсырмаларды көбейту керек, WordWall, LearningAps бағдарламасы арқылы ойындарды көптеп ұйымдастыру қажет.

Пән мұғалімі: Бурибаева Г.А.

3 Lesson Study үдерісі бойынша рефлексивті есеп

14.12.22ж күні үшінші зерттеу сабағын «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар 12-сабақ» өткіздім. Сабағым өз дәрежесінде өтті. Оқу мақсаттарыма жеттім. Балалар сабаққа белсене қатысты. Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар болды. С деңгейлі оқушы арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының фомуласын қолданып шығарылатын тапсырмаларды орындауда қиналды. Ол оқушыға көбінесе өзім барып көмектесіп тұрдым. С деңгейлі оқушы прогрессиялардың п-ші мүшесінің формуласын біледі, және есептер шығаруда қолдана алады. Берілген тізбектің келесі мүшелерін таба алады. С деңгейдегі оқушылар ортаға бейімделіп, сабақ барысында қысылмай, сабаққа атсалысып отырды. Оларға жақсы көңіл бөлінді, кейіннен жанындағы оқушымен бірге жұмыс жүргізді, топпен бірлесе қимылдап, қасындағы оқушылардың қолдауының арқасында оқушы сабаққа өз үлесін қоса алды.В деңгейлі оқушы арифметикалық және геометриялық прогрессияның комбинацияларына берілген есептерді шығаруда қиналды. А деңгейлі оқушыдан көмек сұрап, ізденіп, біліп отырды. Прогрессияға байланысты есептерді теңдеулер құрып шығаруда көмек қажет етті. Бірақ, топта өзін барынша еркін ұстап, ойын еркін жеткізіп отырды. Бұл оқушы топта белсене жұмыс жасап және өзі өзгелерге түсіндіріп отырды, тапсырманы толық көлемде меңгерді.

Үшінші зерттеу сабағынан кейін С деңгейлі оқушы әлі де достарынан көмек күтеді. А және В деңгейлі оқушылар сабақта белсенді жұмыс істеді. А деңгейлі оқушы ойын ашық жеткізеді. Топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсы. Көшбасшылық қабілеті жақсы. Интербелсенді тақтамен жұмыс істегенде өзіне сенімді. Жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетті. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындады. Бұл сабақта кестелер толтырып тапсырмалар орындауда топпен ақылдаса орындауға арналған тапсырмалар мен деңгейлік жұмыс ерекше орын алды.

Қорыта келгенде, С деңгейдегі оқушының сабаққа деген қызығушылығы байқалды. Тез
жауап беруге тырысты, бірақ әліде достарынан көмек күтеді. В деңгейдегі оқушы сабақта жақсы белсенділік көрсетті. Басқалардың ойын қабылдайды, тыңдайды, көмек керек кезінде аянып қалмайды. Сұрақтарға жауап табуда ізденеді. Ортаға өз пікірін айтуға тырысады, жауаптарын қысқа қайтарады. А деңгейлі оқушы сабақта белсенді жұмыс істеді. Ойын ашық жеткізді. Топ мүшелерімен қарым-қатынасы жоғары. Көшбасшылық қабілеті жақсы. Интербелсенді тақтамен жұмыс істегенде, өзіне сенімді. Жаңа тақырыпты түсіндіруде белсенділік көрсетті. Тапсырманы түгелдей дұрыс орындады. Басқа оқушыларға топта ойын айтуға мүмкіндік беріп, әрі бағыт-бағдар жасап отырды, сәл де болса өзінің жауап беру кезінде сенімсіздік жақтары байқалды.
Пән мұғалімі: Бурибаева Г.А.