Файл: Академик Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті Педагогикалы факультеті Дефектология кафедрасы Инклюзивті білім беру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Педагогикалық факультеті

Дефектология кафедрасы

«Инклюзивті білім беру» пәні бойынша 1-тапсырма

1-тақырып. Кіріспе. Инклюзивті білім беру туралы жалпы түсінік



  1. "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" ҚР Заңымен танысып, талдау жасау.



Тапсырма:

  1. Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайларды атаңыздар.

  2. Инклюзивті білім берудің субъектілерін атаңыздар

  3. Инклюзивті білім берудің негізгі критерийлеріне не жатады?

  4. Инклюзивті білім берудің жағымды және жағымсыз жақтарын қарастыра отырып, салыстырмалы кесте құрастырыңыздар.

2-тақырып. Білім алудағы ерекше қажеттіліктер. Дизонтогенез Сұрақтар:

  1. «Білім алудағы ерекше қажеттіліктер» ұғымының мәнісін ашып көрсетіңіз.

  2. Дамудағы ауытқулардың себептерін атаңыз.

  3. «Дизонтогенез» терминінің мәнісін түсіндіріңіз және негізгі топтарын атаңыз.

Тапсырма:

Қазақстандағы БАҚЕ (білім алуда қажеттіліктері ерекше) балалардың контингентін, олардың инклюзивті блім берумен қамтылу үлесін көрсететін кесте құру.

3-тақырып. Зияты зақымданған балалар Сұрақтар:

    1. Интеллектінің (зияттың) зақымдануының этиологиялық факторларына (себептері) не жатады және патогенезі (даму механизмі) қандай?

    2. Кемақылдылық дәрежелерінің (дебильдік, имбецильдік, идиотия) интеллектуалдық даму коэффициенттері (IQ) көрсеткіштері қандай болады?

    3. Мидың минимальды дисфункциясы дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.

    4. Ақыл-ойы кем және ПДТ балалармен түзету-дамыту жұмысында қажетті негізгі шарттарды көрсететін кесте құру.

Әдістемелік ұсыныстар: 2 тапсырманы орындау барысында келесі әдебиеттерді қолдануға болады (Университеттің электронды кітапханасында болуы тиіс):

4 тақырып: Сенсорлық саласы зақымданған балалар

Сұрақтар:

  1. Адам өміріндегі есту, көру және сөйлеу қызметтерінің маңызы.

  2. Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларға психологиялық мінездеме беріңіздер.

  3. Аталған катеогориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін ашып көрсетіңіздер.

  4. Әртүрлі жүйелердегі логопедиялық көмек жүйесіне сипаттама беріңіздер (білім беру, денсаулық сақтау). Тапсырма:


  1. Қалыпты дамудағы және сенсорлық кемістігі бар балаға психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырыңыздар.

  2. Сенсорлық кемістігі бар адамдардың меңгере алатын мамандықтарының (кәсіп түрлерінің) тізімін жасаңыздар және оларға қажетті функционалдық қабілеттер мен еңбек жағдайларын сипаттаңыздар.

  3. Сөйлеу аппаратының сызбасын құрастырыңыздар немесе суретін салыңыздар (орталық және пepифepиялық бөліктер).