Файл: Реферат пні биология Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ"

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

РЕФЕРАТ

Пәні: биология

Тақырыбы: Жалпы миология. Бұлшық ет ағза ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосалқы ақпараттары.Бұлшықеттерге сыртқы орта факторларының әсері.

Орындаған: 9 «Б» сынып оқушысы Нұржанқызы Дәмира

Қаратау 2022-2023 оқу жылы

Жоспар:

  • Бұлшықеттердің құрылысы

  • Бұлшықеттердің қызметы

  • Бұлшықет − ағза ретінде

  • Бұлшықеттердің жіктелуі

  • Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері

  • Бұлшықеттердің дамуы

  • Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері

  • Бұлшықеттердің бөліну заңдылықтары.


Бұлшықеттер туралы ілім- MYOLOGIA

Адам денесінің әрбір бұлшықеттері, musculus, құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты: ерікті көлденең жолақты және еріксіз бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді.
Қаңқа бұлшықеттері



Көлденең жолақты Бірыңғай салалы

Көлденең жолақты бұлшық еттердің қозуы жедел өтсе, бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозуы өте баяу және ұзақ қозғалады.

Ерікті көлденең жолақты бұлшықеттерге: қаңқа бұлшықеттері (бас, мойын, тұлға, қол, аяқ) және жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, көмекейдің бұлшықеттері жатады.

Еріксіз бірыңғай салалы бұлшықеттерге: ішкі мүшелер қабырғаларның құрамындағы еттер мен қантамырлардың, без өзекшелерінің, көз алмасының нұрлы қабық пен кірпікті дене еттері және тері құрамындағы еттер жатады.

Бұлшық ет ұлпасы адам денесі салмағының шамамен 35-40% құрайды. Омыртқалыларда бұлшық ет жүйесі 3 топқа бөлінуі мүмкін:

1. көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті;

2. бірыңғай салалы бұлшық еттер (қан

тамырлары мен ішкі дене мүшелері);

3. жүрек бұлшық еті.

Бұлшық еттер ұлпа ретінде жасушалардан – бұлшық ет талшықтарынан құралады. Олар бұлшық еттердің құрылым бірлігі болып табылады. Бұл талшықтар ядродан, миофибриллалардан, саркоплазма мен гранулалардан тұрады. Оларда міндетті түрде митохондриялар болады. Осы структураларда тотығу және фосфорлану реакциясына жауапты ферменттер жиынтығы орналасады. Бұлшық ет талшығы көп ядролы, сыртынан сарколеммамен қапталған жасуша. Бұлшық ет талшығының ұзына бойына диаметрі 0,5-2 мк ұзын жіпшелер –
миофибриллалар орналасады. Олар бұлшық еттерге көлденең жолақтық береді. Бұл миофибриллаларда бірдей деңгейде әр түрлі структуралы дискалар – екі қайтара сәуле сындыра алатын анизотропты (қарапайым сәуледе олар күңгірт) және сәуле сындыра алмайтын изотропты (кәдімгі сәуледе олар ашық түсті) дискалардан тұрады.

Бұлшықеттердің қызметі

Бұлшықеттердің қызметы жиырылғыштығы (punctum mobile, punctum fixum) болып табылады.

Бір бұлшықеттің өзі бірде антагонист, бірде синергист ретінде қимылдауы мүмкін.

Бұлшықеттердің жіктелуі.

Сансыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуық) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болды. Бұлшықеттердің бір неше жіктелуі болады:

Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі.

Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяқтарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті – басы, caput, ал екіншісі шеті – құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі – tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.

Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен ( көпбасты) басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді.

  1. Екібасты, biceps ,

  2. үшбасты, triceps,

  3. төртбасты ,quardriceps, бұлшықеттер болады.

Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір немесе апоневроз aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.

Бұлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы (m. Quadratus), үшбұрышты ( m.trangularis), пирамидалық (m.piramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m.teres), дельта тәрізді (m.deltoideus), тісті (m.serratus), қамбалатәрізді (m.soleus) және т.б.

2. Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores), әкелушілер (adductores), әкетушілер (abductores), айналдырушылар (rоtatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.

3. Талшықтардың бағытына қарай:

  1. Тік параллельді (m.rectus)

  2. Қиғаш (m.obliquus)

  3. Көлденең (m.transversus)

  4. Дөнгелек (m.orbicularis, сфинктер)

4. Сіңірге ерекше қатнасы бойынша:

  1. Жартылай сіңірлі, M. semitendinosus

  2. Жартылай жарғақты, M. semimembranosus

5. Орналласуына қарай бөлінеді:

  1. Бетке және терең

  2. Сыртқы және ішкі

  3. Латералды және медиалды

6. Орналасуына қарай (топография бойынша):

  1. Арқа

  2. Іш

  3. Кеуде

  4. Жамбас

  5. Қол

  6. Аяқ




7. Бас бұлшықеттер:

  1. Шайнау

  2. Мимикалық, ымдау



Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері.

Бұлшықеттердің басты бөліктері – оның денесі мен сіңірінен басқа оның жұмысын жеңілдететін қосалқы бейімділіктер болады. Бұлшықеттер тобы талшықты дәнекер тіннен түзілген шандырмен (фасциямен) қоршалады.



Бұлшықеттердің бөліну заңдылықтары.

1. Дененің екі жақты симметрия принципі бойынша құрылуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе екі симметриялы жартыдан тұрады.

2. Құрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер сегментті болып келеді немесе метамерияның іздерін сақтайды.

3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы ең төте қашықтық болып табылатын түзу сызық бойымен жалғасқандықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер арасындағы ең қысқа қашықтық бойымен орналасады.

4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі бір қатынаста болады, бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты.



  • Бұлшық еттердің негізгі физиологиялық қасиеттері:

  • қозғыштық,

  • қозу өткізгіштік,

  • жиырылғыштық.

Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері

1. Қозғыштық – бұлшық еттің тітіркендіргішке қозу потенциалын түзе отырып жауап бере алуы;

2. Өткізгіштік
– бұлшық ет бойымен қозудың өткізіле алуы;

3. Жиырылғыштық – бұлшық еттің қозу кезінде ұзындығын немесе кернеуін өзгерте алуы;

4. Эластикалық (созылғыш, майысқақтық) – жиырылудан кейін бұлшық еттің бастапқы пішініне келе алуы;

5. Пластикалық – бұлшық еттің өзгерген ұзындығы пішінін біраз уақытқа дейін сақтай алуы.

Қозуды өткізу жылдамдығы:

-көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті – 3,5-14 м/сек;

-көлденең жолақты жүрек бұлшық еті – 0,5-1м/сек;

-бірыңғай салалы бұлшық еттер– 0,5мм - 5-10см/сек



Қозғалтқыш бірлік

Жұлынның бір қозғалтқыш нейроны (мотонейрон) мен оның иннервациялайтын бұлшық ет талшықтары.





Синапста қажу локализациясы



Дара тітіркендіргіш әсеріне бұлшық ет дара жиырылу арқылы жауап береді; ол үш кезеңнен тұрады:

  • латентті;

  • қысқару ;

  • босаңсу.

Бұлшық еттердің дара жиырылуы тек лабораториялық жағдайларда кездеседі, ал бүтіндігі жойылмаған организмде ол жоқ. Организмге қалыпты күйде тән жиырылу – сіресіп жиырылу.

Тетанусқа тән : тез арада пайда болып, таралатын қозу толқыны.

Тонусқа тән: жергілікті ұзақ мерзімді, тұрақты таралмайтын қозу.

Бұлшық ет – ұзын, цилиндр тәрізді көп ядролы миоциттерден тұрады. Миоциттерде бұлшық еттің жиырылғыш элементтері миофибриллалар орналасады. Миофибрилла актин мен миозин белоктарынан тұрады.

Актин белоктарының құрамына модуляторлы белоктар – тропонин мен тропомиозин енеді.Бұлшық ет талшығы құрылымды-функциялық бірліктер саркомерлерге бөлінген.

Қорытынды:

Бұлшықеттер адам организміндегі әртүрлі қозғалысты қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықет қимыл-қозғалыс және дене тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Бұлшықеттер бұлшықет жасушасы - миофибриллалардар тұрады. Бұлшықет ұлпасы құрылысына қарай 3-ке бөлінеді. Олар: бірыңғай салалы, көлденең жолақты,жүректің бұлшықеттері.


Бірыңғайсалалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын астарлап жатады.

Көлденең жолақты бұлшықет қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Жүректің бұлшықетінің жиырылу қызметі адамның еркіне бағынбайды.

Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді