Файл: л Фараби атындаы аза лтты Университеті Факультеті Экономика жне бизнес жоары мектебі Кафедрасы бизнестехнологиялар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»

Кафедрасы: «бизнес-технологиялар»

СӨЖ

Тақырыбы: «Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы. »

Орындаған: Танатаров Алижан Сапарұлы

Тексерген: Іңкәрбай Есенай Тұрғанбайұлы

Алматы 2023

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................................4

    1. Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік дамуы..............

    2. Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы....................................

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................

КІРІСПЕ

Қaзaқстан Республикасының мемлекет болып орнығуы 1986 жылдан көз алып алады. Ал Қазақстанның тәуелсіз, еркін мемлекет болып орнығу уақыты 1991 жылы , яғни КСРО-ның құлау кезімен пара пар келеді. Егемендіктің алғашқы күндері мен уақыттарында , Кеңестік Одаұтың өзге де жалпы республикалары секілді Қазақстанда қиын, ақуалды айқын саяси және экономикалық қиындықтарға түсті . Дәл осы уақытта Қазақстан Республикасы жеке бірегей саяси - экономикалық тірегінің жоқ болуын өте нық қарқынмен түсінуге болатын еді . Негізінен Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі іс процесі негізінен тек шикізат алумен және оны тапсырып, тасымалдау айналасында ғана жіктеліп қойған еді . Онымен қоса халықтың әлеуметтік хәлі де аса ауыр жағдайда еді .Сол кезде елдегі экономика күрт нашарлады. Тіпті дүкен сөрелерінде еш қандай тауарлар болмады. Экономикалық айналым мүлде болмады. Сонымен қоса Қазақстан үшін қалпы қаланбаған тәуелсіз мемлекет жасау осы алғашқы уақытта аса бір жеңілдікке ұласа қойған жоқ еді . Ақиқатында тәуелсіз мемлекетті құру мен оны дамыту шынында барлық мәселенің ең алғашқысы болатын. Бірақ Қазақ елінің Елбасысысы Н.А. Назарбаевтың жасауы негізінде бұл шиеленісті жағдайлар сол уақыттарда жоғары сатыда дұрыс бағытта іске асырылып бақыланды деп баяндауға бүгінде толық негізі бар. Сол бұрынғы 1990 - шы жылдардың басында Қазақстанды егемен , демократиялық және құқықтық мемлекет түрінде құрып оны жетілдіру процесінде өте үлкен жұмыстарды тұңғыш жүзеге асыруға тұспа тұс келді осы себептен де кейбір кезеңдерде біздің еліміздің дамуында да сан - салалы жаңылсулар мен қателесіп, қайрымсыз жолдарды жасау жағдайына ден қойылған уақыттар да болды . Қазіргі кезде тәуелсіздіктен кейінгі жылдардан соң сол жылдарға көз тастар болсақ қазіргі күнге дейін өте күшті іс-жұмыстардың жасалғанына анық көз жеткіземіз. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мемлекет негізінде орнықтырады , онымен қоса елдің һ ең қымбатты мұрасы — адам һәм адамның өмірі , құқықтары мен еркіндігі болып түбімен құрылды. Содан кейін тәуелсіз Қазақстан—демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Бұл түсініктер негізінен «әлеуметтік мемлекет» түсінігінде тоғыстырылды.


"Әлеуметтік мемлекет" деп ерекше қасиеттері мен функциялары бар мемлекет баяндалады. Әлеуметтік мемлекеттің болуы мен қызметі демократия, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, бостандық және теңдік, адам құқықтары сияқты әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланысты болып келеді.

Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет әлеуметтік болуы керек, асоциалды мемлекет заңды бола алмайды.

Құқықтық мемлекеттің теориясы мен практикасы, бастапқыда баяндалғандай, әлеуметтік мемлекеттің идеясы мен практикалық іске асырылуынан бұрын болған және оларды қоғам дамуының белгілі бір сатылары негізінде көруге болады. Әлеуметтік мемлекет құқықтық мемлекеттен кейін келді, өйткені оның классикалық либералды (формальды) нұсқасында ең алдымен жеке бостандық, ресми құқықтық теңдік және невмеш принциптеріне сүйенді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік даму.

Кіріспе бөлімде айтып өткендей еліміз дамудың, саясатты, елді басқарудың осындай жолдарын ұстанып оны заң жүзінде бекітті. Негізінен бұл заңдар жинағы 1993 жылы бекітіліп, жолға қойылды.Бұндай ұстанымдағы бағытта барлық ережелер, жұмыстар, қағидалар осы заң күшінде орындалады. Бүгінде біз Қазақстанды толығымен әлеуметті, құқықты, демократиялық, зайырлы ел деп тануға және атауға толығымен келісе аламыз. Себебі елімізде орын алып отырған заң жүйелері негізде жұмыс жасайды.Енді осы бағыттарға тоқтала кетсек.

Құқықтық мемлекеттің -ең негізгі фишкасы заңның бәрінен де жоғары, биікте тұруы. Мемлекетіміздің барлық тұрғынлары тіпті лауазымы жоғары тұлғаларда, қарапайым халықта осы заңға иойынсұнады. Мемлекеттің һәм оның барша органдарының, лауазымды тұлғалардың заң қағидаларын қатаң түрде, екі етпей орындап отыруы – құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты құзыреттілігі болып есептелінеді. Құқықтық мемлекет- қоғамдағы барша адмның ешқандай да ерекшеліктеріне, сыртқы келбетіне, ұстанатын ұстанымына қарамастан оларды қорғау,қызмет көрсету болып табылады. Мемлекеттік барлық заңдардың бастау алар көзі – ата заңымыз Конституция. Республикамыздың тәуелсіз мәртебесіне орай жаңа Конституциясы 1993 жылы қаңтар айының 28 жұлдызы күні қабылданып, жүзеге асырылды. Конституцияның мұқабасы бойынша, «Қазақстан Республикасы-демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет» деп жарияланды. Қазақстан Республикасы адамды және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын басты мұра баға жетпес қазына деп таниды . Қарапайым қара халық-республикадағы мемлекет билігінің негізгі ощағы болып саналды. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президентінің ғана өкілеттілігі бар. Осылайша Конституцияның қабылдануының да аса мәнді саяси - әлеуметтік маңызы болды. Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылың 30 тамызында мемлекетіміздің жаңа Конституциясының нұсқасы қабылданып, онда 1993 жылғы Конституцияда болған кейбір қайшылықтар түзетіліп, қайта нақтыланды. Конституция 98 бап және 9 бөлімнен тұрады. Бұл 1995 жылғы Конституцияның негізгі қасиетіне, алдымен, адам мен азаматтың құқықтары алынды. Адам баласы жарық дүниеге келе сала өзіне қажетті бостандық пен құқықтарға ие болды. Адам өз мемлекетінің азаматтылығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарын тізгіндеп болып, тиісті міндеттер мен ережелерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамзат баласын қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен көңіл бөлінген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң тұрғысында қорғалған. Заң бойынша адамның жеке өмірінің қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ұлтына, дініне, нәсілдік келбетіне, биологиялық қасиеттеріне және тағы басқа ерекшеліктеріне қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, оларды тату тұруына заңдық негіздің құрылуын Республика тұрғындарының азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдігінен байқауға болады. Біздің президентіміздің негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Сондай-ақ, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жүйелерінің міндеттері мен олардың өзара қатынастары барынша нақты айқындалған. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Келесі түсінік бұл әлеуметтік түсінәгі.


Әлеуметтік мемлекет – жекелеген топтар мен топшаларға немесе ұлыстарға, ұлттарға емес қоғам мен адамға тұтастай қызымет ететін мемлекет. Ол мемлекеттің қаржылай көздері есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер мен қажеттіліктер көрсетіп, қоғамдық жұктерді де теңдей бөліп қарастыру жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасының конституциясында біздің елімізді әлеуметтік мемлекеттер қатарында тұрғандығын ерекше атап көрсетілген.

Әлеуметтік мемлекет – қоғамда әлеуметтің, яғни ел-жұрттың, көпшілік халықтың , жалпы қоғамның мүддесін басты орынға қойып, ойлайтын мемлекет. Қазақстан егемендіктің алаңынан бері осы тұрғыда дамып келеді. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында болған, атқарылған жұмыстың бәрі де халықтың қамын қарастырудан, дұрыстаудан туындаған. Егер бұған дейін осы бағыттағы жұмыс дәл көңілдегідей болмаса оның себебі біреу ғана – мемлекеттің бұл міндетті толық шиеленістен шығаруында эконо­микалық мүмкіндігінің жеткілікті болмауы. Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің ең негізгі белгілерінің бірі – ата заң негіздеріне сүйене отырып дұрыс

шешім қабылдайтын тәуелсіз, еркін сот жүйесінің болуы. Биліктің бір бөлігі болып тсаналатын тәуелсіз, еркін сот билігінің көмегінсіз әлеуметтік құқықтық мемлекеттің болуы ақиқат емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі,еркіндігі ең бірінші, соттардың құқықтық дәрежелерімен, сонымен бірге, олардың шынайы әділдігімен анықталады.

Елбасымыз Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мен дамыту және оның күшін басты назарға алу мәселесін әрдайым басты орынға ұстау қажеттігін ескертеді.

Демократиялық мемлекет – Конституцияны қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі, үстемдігі бар мемлекет. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстан әлеуметтік және ұлттық нысандарына, жалпы адами ерекшеліктеріне тағы да басқа ерекшеліктеріне қарамастан, азаматтық пен жекелеген азаматтардың мүдесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді. Қазақстан Республикасы Конституциясын-да демократияның мәні - «халық билігі» , халық таңдауы деп атап, нық екпінмен айтқан. Халық өз билігін өз қалауын тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Конституциясын-да халық атынан сөйлеу мәртебесі Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі айтылып, бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК бекітілген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.


Казақстан мемлекетінің демократиялылығы туралы бір мысал референдумды демократиялық жолмен өткізуінен де байқасақ болады. Референдумды өткізу тәртібі мынандай:

1) азaмaттардың референдумға өз ыктиярлығымен катысуы және өз ойын еркін ашық білдіруі;

2) азамaттар мен aзаматшалардың peферендумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, тең және төте катысу құкықтықтың болуы;

3) құпиялылық принципы жасалған. Конституцияны, конституциялык зандарды, Республика зандарын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері референдумға шығарылады. Референдумға Республиканың мемлекеттік өміріндегі басқа да шешілуіне катысты өте маңызды мәселелер енгізілуіп, қарастырылуы мүмкін. Саяси режим конституциялық нормалар кызметінің накты деңгейін айкын баяндайды. Қазакстан Республикасының Конституциясы демократиялық саяси режимді көздейді.

1.2 Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының тағы бір діңгегі – зайырлы мемлекет ұстанымы. Зaйырлы мемлекеттің идеясы негізінен Еуропада жаңа дәуірде қалыптасты. Шынымен де, зайырлы мемлекеттің қалыптасуы, ол діни наным-сенімдердің жылдар бойы тамыр жайып, өсіуін көрсетеді. Шығыс пен Бaтыс елдерінің орта ғасырлардағы тарихы діни ұстанымдар мен қақтығыстардан тұрады. Мемлекетте діннің үстемдігі орта ғасырларда еуропалық статизмнің дамуын бәсеңдетіп отырды. Дін мен мемлекует арасындағы ұрыс-жанжалдар бұл мемлекеттердің құлдырауына әкелді. Демек, дамыған елдердің бүгінгі дамуында конституциялық деңгейде зайырлы мемлекеттің қалыптасуы өткен тарих тәжірибесін ескеріп, одан тәжрибе алудың бір көрінісі. «Зайырлы мемлекет дегеніміз Қазақстан Республикасындағы діни мекемелер мен мекемелердің мемлекеттен алшақтануын білдіреді және бұл Қазақстандағы ислaм, прaвославие және де өзге де діни ағымдар мен бағыттарға бірдей қатысты.

Еліміз зайырлылықты ұстанатын елдердің қатарына жатады. Бқл атап айтқандай елдегі адамдардың, халықтардың сенімі бойынша, өз қалауы бойынша таңдауы. Елімізде осы саясаттың арқасында елімізде 130-дан астам ұлт-өкілдері қара шаңырақ астында тыныш, тату-тәтті өмір сүруде. Онымен қоса осындай ұстанымдардың арқасында Қазақстан жаһандық аренада, экономикалық нарықта жақсы жетістіктерге жеткен. Бұндай бағытты ұстанатын елдерде ешқандай діни не болмаса терористтік топтар мен ағымдардың құрылуына ешқандай жол жоқ. Мемлекеттік органдар Ата Заңның негізінде емес, Koнституцияның негiзiнде құрылып, қызмет етіп әрекет жасайды. Сонымен бірге әр адамның aр-ұждан бостандығына құқығы бар. Оны іске aсыру оның жалпы адамдық және aзаматтық құқықтары мен мемлекет алдындағы міндеттеріне тәуелді болмауы не болмаса шектемеу керек. Белгілі бір құдайға сену не болмаса сенбеу яғни , атеизм ол әр адамның өз қалауы өз сенімі.


Бәздің тұңғыш президентіміз Н.Нaзapбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің сонау тарихтан келе жатқан таңдауымыз деп айтқан. Зайырлылық бұл түсінік бұл-атеисттік деген ұғымды бiлдipмейді. Зайыpлы деа бұл – озық, толерантты,еркін, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қoлдay көрсетiп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсетті.

Oсындай саясат пен ұстанымдар арқасында еліміз жаһандық елдер алаңында, жалпы адам қмірі мен оның қауіпсіздігі жолында ерекше жетістіктерге жетіп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері елдегі саяси, әлеуметтік жағдайлармен күресіп келеді. Осы жолда елдің дамуы үшін түрлі бағыттарды іске жаратып көріп, кейде сәтсіздікке ұшырап отырды. Алайда бұл белгілі нәтижеге жетпеді деген сөз емес. Еліміз осынау 1991 жылдан бастап түрлі бағыттарда жақсы нәтиже көрсете білді. Қазіргі сәтте демократиялық даму жолын қалаған, әлеуметтік, зайырлы және құқықтық мемлекет болып құрылған тәуелсіз, мықты Қазақстан Республикасы құрылған. Осы әділ, тамаша заңдар мен бағыттардың арқасында еліміз тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан териториясында 130-дан астам ұлт өкілдері тыныштықта, бірлікте бір шаңырақ астында өмір сүруде. Сонымен қоса еліміз дамыған 30 елдің қатарына енуіне де аса күшті мән береді.Бұл жалпыға ортақ, ешкімнің ар-ұжданына қайшы келмейтін ұстаным.

Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік дауысы, ойы, пікірі бар. Біз жаһандық дәрежеде аяғымызды сенімді, нық басып, басқа да бізбен санасып, ақылдасатындай құқықтық, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік елге айнаодық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Саяси түсіндірме сөздік . Алматы 2007

  2. Масатов Б. Демократия әліппесі 1999

  3. Мәлімде сайыты

  4. Марченко М.Н История правовых-политологических . М. 2005

  5. Қуандық Е. Саясаттану негніздері , оқу құралы 2005