Файл: Ана жрегі Ертеде бір ер жігіт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Ана жүрегі»

Ертеде бір ер жігіт,

Жар іздеп жүрді-ай көз тігіп.

Жолықты бір күн сұлуға,
Сәті де түсіп, кезігіп.
Ай менен күндей құлпырған,
Қыз екен жүрген ерігіп.
«Сүйгенің сенің шын болса,
Алып кел туған анаңның жүрегін», деді-ай өлтіріп.

«Боламын сонда жарың», деп,

Шарт қойды қыз да керіліп.

Анасын қалай өлтірсін,

Қиналды-ау жігіт егіліп.

Махаббат дерті шыдатпай,

Барады жанды кеміріп.

Мүмкін бе болмай анасын құрбанда-ау етті

Еліріп, өлтірді жігіт егіліп.

Ала салып жүрегін,

Шапқанда қалды-ау жығылып.

Тасқа да тиіп атының

Аяғы кетті-ау сүрініп.

Есін жиып қараса,

Жүрек тұр талға ілініп.

Бүлкілдеп ана жүрегі

Сөйледі сонда тіріліп:

«Айналайын жан балам,

Құладың-ау сен жаман.

Ауырған жоқ па бір жерің,

Сен аман бол, жан балам!»

 

Естіген мынау сөздерді,

Егіліп жігіт жылады.

Өткен іске де өкініп,

Өкіріп жерге құлады.

 

Айналайын адамдар,

Бәріңнің де анаң бар!

Қаяу салмай көңілге,

Анаға дұрыс қараңдар!

Білсеңіз ана киесін,

Дөңгелек дүние иесін.

Сіздерден сұрар өтініш,

Жасамаңдаршы-ай опық іс!

Болмасын әлгі жігіттей,

Орны бір толмас өкініш.

Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Үш аққу

Үш аққу қыстап қалды Бағырлайға,
Қыс келіп, айдын мұзды жамылмай ма,
Осы бір табиғаттың нәзіктері

Күні ертең жылы жақты сағынбай ма?
Үш аққу қыстап қалды Бағырлайға.
Жұп еді.
Төртеу еді.
Көктем еді.
Жағаның жас бүр ашқан көк терегі.
Жаз өтті біреуіне қайғы сыйлап,
Бір қосақ арманына жетпеді енді.
Жұп еді.
Төртеу еді.
Көктем еді.
Бір аққу осы жазда сыңарланды,
Арудай қосағына ол жылар мәңгі.
Қос аққу қимастықпен қатар жүзіп,
Кетуге ұшып сыңарды қия алмады.
Бір аққу осы жазда сыңар қалды.
Айдын мұзды қыс келді, дала қарлы,
Құс көңілге ақ боран қарамады.
Адамдардан үмітін үзбеген-ау –
Үшеуі қой қораны паналады.
Айдын мұзды қыс келді, дала қарлы.
Қайтпады олар құс кеткен жақтарға ана,
Асықпады саялы бақтарға да.
Кей пендеде жоғалған аяушылық
Жүрегінде аққудың сақталған ба?!
Қайтпады олар құс кеткен жақтарға ана.
Үш аққу қыстап шықты Бағырлайға,

Қыс келіп айдын мұзды жамылмай ма?
Сырттай нәзік көрінген өжет жандар
Кейде тағдыр заңына бағынбайды, ә!
Үш аққу қыстап шықты Бағырлайға.