Файл: Атааналар жиналысы Трбие тал бесіктен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ата-аналар жиналысы : ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН...

Мақсаты: Мектеп - ата-ана – бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: *Ата-ананың баламен жүргізілетін тәрбие жұмысына жауапкершілігі артады;

* Мектеп пен ата-ана байланысы нығайып, жұмыс жүйесі жақсарады ;

Әдіс-тәсілдер: Тренинг жаттығуы «Ассоциация», «Шаттық шеңбері» танысу тренингі ,миға шабуыл, топтық жұмыс, кеңес, шығармашылық тапсырма.

Жиналыс барысы :

Қызығушылықты ояту(5-мин)

*Ата-аналармен амандасу.

«Шаттық шеңбер» құрып, доп арқылы танысу тренингін өткізу.

/ тренингте ата-аналар бір-біріне допты беру арқылы өздерін таныстыру. Мысалы: ата - ананың аты жөні,кімнің анасы (әкесі) екенін айту.Өзінің бір жақсы қасиетін айту./

*Күн тәртібінде қаралатын мәселелерді анықтау.

Күн тәртібінде:

“Тәрбие тал бесіктен ...”

Мағынаны тану


• «БАЛА» тобы -Бақытты бала деген кім? Ол қандай болу керек?


• «ӘКЕ» тобы -Бақытты баланың ата-анасы кім?


• «АНА» тобы-Адамгершілік дегенді қалай түсінесіздер?Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?


-Ұйымшылдық дегенді қалай түсінеміз? Біздің сынып ұйымшыл ма?

- АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

/әр топтан бір адам шығып, топтың ойын жеткізді/

Рефлексия

Бүгінгі жиналыстың шешімінен кейін әр ата-ана жиналыстан алған әсері бойынша өз ойын жапыраққа жазып, терекке жапсырды.

Сіз қандай ата-анасыз?


Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?


Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?


Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?


Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?


Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?


Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?