Файл: Ерітінді концентрациясы теориялы блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЕРІТІНДІ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ

Теориялық бөлім

Ерітінді концентрациясы деп ерітіндінің масса не көлем бірлігінде не еріткіштің масса бірлігінде еріген зат массасымен, мөлшерімен анықталатын шаманы айтады. Ерітінді концентрациясын белгілеудің екі тәсілі бар:



Осы екі концентрацияны біріктіретін шама ерітінді тығыздығы болады (р).







Еріген заттың массалық үлесі (н') - деп ерітіндінің 100 грамында еріген заттың үлесін көрсететін шаманы айтады.







Бұл концентрацияны ерітіндінің пайыздық концентрациясы деп атайды. Моляльды концентрацияц) деп еріткіштің 1 килограмында еріген заттың моль санымен өлшенетін шама.


т

т

V = —; С

М’ "

{моль/кг}

т

еріткіш

еріткіш

Көлемдік концентрация.

Молярлы концентрациях) деп ерітіндінің 1 литрінде еріген зат мөлшерімен өлшенетін шаманы айтады.

т

т

(еріген зат)

х = V

(ерітінді)

{моль/л}; V =

С|>) М,

М

еріген зат) ^^(ерітінд

Еріген заттың эквивалентінің молярлы концентрациясы деп ерітіндінің 1
литрінде еріген заттың эквивалент мөлшерімен анықталатын шама с(
э (х)).

т

(ріген зат)

Пкв = М • і

{моль/л}

V

С(э (х )) =

V

Титр деп ерітіндінің 1 миллилитрінде еріген зат массасын көрсететін

шама

{г/мл}

Ал, ерітінді тығыздығы деп ерітіндінің 1 миллилитрінің массасын айтады.

т

ерітінді

{г/мл}

Р

V





ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «БЕЛГІЛІ КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫ ЕРІТІНДІ

ӘЗІРЛЕУ»

    1. Тәжірибелік бөлім

Тәжірибе 1. Заттың ерітіндідегі массалық үлесі белгілі болатын ерітінді әзірлеу.

Қажетті реактивтер мен ыдыстар. А (қатты зат және судан).

NaС1 кристалл, дистильденген су, стакан, цилиндр, ареометр, таразы, шыны, термометр.

Тәжірибенің орындалуы

а) 200 г 5 %-дық не 100 г 20 %-дық ас тұзының ерітіндісін әзірлеу үшін қанша тұз және су қажеттігін есептеп, екі ерітіндінің біреуін әзірлеңдер. Ол үшін таразымен тұзды өлшеп, стаканға салып, үстіне қажетті суды цилиндрмен өлшеп құйып араластырыңдар. Әзірленген ерітіндінің температурасын термометрмен өлшеп, оны тұздар ерітіндісіндегі массалық үлесін және тығыздығы арасындағы байланысты көрсететін кестедегі температурамен сәйкестендіріңдер.

Ерітіндіні құрғақ әрі таза цилиндрге құйып, ареометр көмегімен тығыздығын анықтап, ерітіндінің моляльды және молярлы концентрациясын есептеңдер.

Қажетті реактивтер және ыдыстар. б) (концентрлі ерітінді және судан) НС1 ж = 36%, р = 1,183 г/мл , дистильденген су, цилиндр, стакан, ареометр, термометр, шыны таяқша.

Тәжірибенің орындалуы

б) 250 г 10 %-дық қышқыл ерітіндісін әзірлеңдер. Ол үшін қажетті қышқыл ерітіндісін және судың көлемдерін есептеп, цилиндр көмегімен оларды өлшеп алып, стаканға алдымен суды құйып, үстіне қышқыл ерітіндісін шыны таяқша көмегімен құйып, араластырып әзірлеңдер.

Ерітінді температурасын термометрмен өлшеп, кесте көмегімен ерітінді тығыздығы бойынша қышқыл концентрациясын анықтаңдар.

Тәжірибе 2. Ерітіндінің молярлығы мен еріген заттың эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңдер.

а) Массалық үлестері әртүрлі ерітінділерді араластыру арқылы.

Қажетті реактивтер мен ыдыстар: 20 %-дық NaС1 ерітіндісі, 50 %-дық NаС1 ерітіндісі, цилиндрлер, ареометр.

Тәжірибенің орындалуы

  1. %-дық және 5 %-дық ерітіндіден (ас тұзының) 8 %-дық 250 г ерітіндісін әзірлеуиі үшін қажетті есептеулер жүргізіп, ерітіндіні даярлап, тығыздығын анықтап, оның эквивалентінің молярлы және молярлы концентрациясын есептеңдер.

б) (Концентрлі ерітінді мен судан)

Қажетті реактивтер мен ыдыстар: НС1 ж = 30%, р = 1,183 г/мл, дистильденген су, өлшеуші колба, ареометр, цилиндр, термометр.

Тәжірибенің орындалуы

250 мл 1 молярлы тұз қышқылының ерітіндісін концентрлі ерітінді мен судан әзірлеуге қажетті есептеулер жүргізіп, өлшеуіш колбаға біраз дистильденген су құйып, қажетті қышқыл ерітіндісін цилиндр көмегімен өлшеп құйып, цилиндрді сумен шайып, ерітінді деңгейін колбаның деңгейіне шейін су құйып жеткізіп араластырып, температурасын кестедегімен сәйкестендіріп, тығыздығын өлшеп, басқа концентрацияларын есептеңдер.


    1. Бақылау сұрақтары мен есептері


      1. Ерітінді концентрациясы дегеніміз не?


      2. Массалық концентрация деген не?


      3. Көлемдік концентрация деген не?

      4. Көлемі 500 мл 2 молярлы Ка2СӨ3 ерітіндісін әзірлеу үшін қанша тұз керек?

      5. Көлемі 1 л 0,25 нормальды Ка2СӨ3 ерітіндісін әзірлеу үшін 2 молярлы Ка2СӨ3 ерітіндісінен қанша көлем қажет?

      6. Еріген заттың массалық үлесі 36,5 %-дық тығыздығы 1,18 г/мл тұз қышқылы ерітіндісінің эквивалентінің молярлы концентрациясын анықтаңдар.

    2. Жазба жұмыстар түрінде рәсімдеу

      1. Дисперстік жүйе және олардың жіктелуі.

      2. Заттардың (газ, қатты, сұйық) күйіндегі судағы ерігіштігі. Ерігіштікке әсер ететін факторлар.

      3. Еру үрдісінің термодинамикасы.

      4. Ерітінді концентрациясын белгілеу тәсілдері (массалық, көлемдік).