Файл: Реферат таырыбы Биомедициналы мліметтерді графикалы крсетілімі. Жиілік лестірімдерін крсету.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ

Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Биомедициналық мәліметтердің графикалық көрсетілімі. Жиілік үлестірімдерін көрсету

Дайындаған: Оңғархан Мөлдір

Топ: 237 ОМ

Тексерген: Арипбаева А.А.

Астана

2022

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................3

Негізгі бөлім

Статистика. Статистикалық әдістері.........................................................4

Деректердің графикалық түрде кескінделуі............................................

Қорытынды...................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Статистика терминінің көптеген мағынасы бар. Бұл әрі ғылым, әрі қызмет түрі, әрі сандық көрсеткіштер жиыны және т.б.

Статистика- бұл деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, талдау және түсіндіру жөніндегі ғылым.

Биостатистика- жанды әлемге қолданылатын статистикалық ғылым. Ол биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі.

Статистикалық қорытындылар теориясы математика ғылымының маңызды бөлімдерінің бірі ықтималдықтар теориясымен тығыз байланысты. Себебі статистикалық әдістерді қолдану нәтижесінде біз соңғы ақиқат нәтижені емес, айтылған пікірдің ықтималдылық бағасын аламыз.

Статистикалық талдаудың 2 негізі кезеңі бар.

• Зерттеу барысында алынған деректер жиынын сипаттау

• Деректерді талдау және әртүрлі статистикалық жорамалдарды тексеру.

Медицинада және денсаулық сақтауда биологиялық статистикалық әдістерді қолданудың негізгі бағыттары:

1. Деректерді мейілінше тиімді жинау және алынған нәтижелерді жалпылау.

2. Нәтижелердің екі және екіден көп топтарын салыстыру және айырмашылықтың шынайлығын бағалау

3. Факторлар мен құбылыстардың арасындағы өзара байланысты зерттеу.

Негізгі бөлім

Нақты бір жағдай үшін қандай статистикалық әдісті қолдану қажеттілігін шешпей тұрып, біз әрбір айнымалының деректердің қай түріне жататындығын алдын ала анықтап алуымыз қажет.

Деректерді сапалық немесе сандық болып 2 түрге бөлінеді.

Сапалық деректер - жиынтықтағы әрбір нысанға тән белгілі бір сапаны сипаттайды. Сапалық белгілерді номинальды (категориальды) және реттік (ординальды) деп 2 бөлуге болады.


• Номинальды (nominal) немес категорияльды деректер.

Деректер атаулары белгінің мәнін немесе классификациялық нөмірін бейнелейтін катергорияға бөлінген. Әрбір катергорияға түскен бақылаулар саны есептеледі. Категориялар қиылыспайды, яғни әрбір мән тек қана бір категорияға жатады. Деректердің бұл түрін өлшеуге немесе мәндері бойынша реттеуге болмайды, олардың тек атаулары бар, оларға арифметикалық аламалдар қолдануға болмайды. Категориялардың арасындағы қашықтықты анықтауға болмайды. Мысалы, қан тобы( А, В, АВ), жыныс, көздің түсі, диагноз.

• Реттік (ординальды, рангілік) деректер

Деректер қиылыспайтын категорияларғы жатады. Кейбір жағдайларда категориялар реттеледі. Қатар тұрған категориялар арасындағы айырмашылық бірдей емес және олардың арасындағы арақашықтықты өлшеуге болмайды. Бұл түрдегі деректермен арифметикалық амалдар орындауға болмайды. Мысалы, аурудың кезеңдері ( асқынған сатылар, орта, бастапқы кезеңдері), ауру дәрежесі ( қатты , әлсіз, орташа).

Сандық деректер - мәндері санмен өрнектелген айнымалылар. Сандық деректер 2 түрге бөлінеді: дискретті, үздіксіз.

• Дискретті сандық деректер

Деректер тек қана белгілі бір анықталған сандық мәндер қабылдайды, әдетте олар бүтән сандар болады. Олардың арасында аралық мән болмайды. Бұл деректер үшін шама да, реттілік те маңызды. Мысалы, балалар саны, пациенттер саны, жүктіләк саны, тамыр соғуының саны.

•Үздіксіз сандық деректер

Деректер берілген диапозондағы кез келген сандық мәнді қабылдай алады. Мәндер саны шексіз, мәндер өлшеу дәлдігіне байланысты бөлшек құрамдас болуы мүмкін. Үтірден кейінгі бөлшек құрамындағф таңбалар саны өлшеу әдісінің дәлдігәне байланысты. Мысалы, дене температурасы, дене салмағы, бойдың ұзындығы, қан қысымы.

Деректердің графиктік түрде кескінделуі

Терең статистикалық талдау жасауға кіріспес бұрын деректерге алдын-ала талдау жасап алу аса маңызды. Бұл кезде деректер жиынтығын ықшамдау және жүйелеу қолданылады. Графиктік әдісті деректер жиынтығының ерекшеліктерін бағалауға, ауытқушылықтарды анықтауға, деректер құрылымын, оның ішінде күрт ерекшелінетін бақылаулар мен мәндердің көп жиналған аймағын танып білу үшін қолданылады. Деректердің графиктік бейнелеуінің әртүрлі түрлері бар, олардың ішінде кең қолданылатындары:

Дискретті немесе категорияльды деректер үшін

• бағаналы диаграмма

• айналма диаграмма


• сегменттелген бағаналы диаграмма

• нүктелік график

• жиеліктер полигоны

Үздіксіз деректер үшін:

• гистограмма

• “жапырақты сабақша” диаграммасы

• “ мұртты жәшік” диаграммасы

Аралас деректер үшін:

• екі өлшемді шашырау диаграммасы

Бағаналы диаграмма

Тік немесе көлденең бағандар қатарынан тұратын диаграмма. Бағандар номинальды немесе реттік деректердің категорияларына сәйкес келдеі. Бағананың ұзындығы категорияның жиілігіне пропорционал. Бағандар бір-бірімен жанаспайды, бұл мәндердің үздіксіз емес екендігін көрсетеді. Мысалы: А, В, С немесе Д дәрілерін 100 адамның арасында қабылдау.



Айналма (секреторлық) диаграмма

Дөнгелек секторларға бөлінеді, әрбір сектордың ауданы категорияның пайызбен (%) өрнектелген жиіліктеріне немесе үлестеріне пропорционал. Секторлар 3 пен 5 арасында болуы мүмкін. Барлық дөнгелек деректердің толық жиынын көрсетеді. Графиктіі бұл түрін әр шаманың жалпы көлемге қатысты үлесін көрсету керек жағдайда қолданған ыңғайлы. Мүмкіндігінше секторлар санының 5-ке дейін болғаны дұрыс, пң үлкен секреторды 12- сағ. позицияда орналастырып, дөңгелектің қалған бөліктерін сағат тіләмен толтыру керек , ең кіші сектор дөңгелек ең соңғы болу керек. Бірде-бір сектор жалпы саннан 5%-дан құралмауы керек. Мысалы: сұралған 100 адамның қан топтары (А, В, АВ, 0) бойынша таралуы.



Сегменттелген бағаналы диаграмма

Бұл бағаналы және айналма диаграммалардың үйлестірілуі. Мысалы: А, В, С, Д дәрілерінің біреуін қабылдайтын топтардың ішінде сұралғандардың қан топтары.



Нүктелік график

Нысандардың жеке мәндері бейнелетін график. Оны бақылау саны 20-дан аз болатын үлкен емес деректер жиыны үшін қолданған орынды. Бір немесе бірнеше категориялар, дискретті айнымалының градиялары х осінде белгіленеді. Бақыланған мәндердің диапазоны у осінде белгіленеді. Әр бақылаудың сандық мәні нүктемен бейнеленеді. Мәндері бірдей бақылаулар бір көлденең сызықтың бойында көрші орналасады. График деректердің орналасуы мен олардың өзгергіштігін көрсетеді.




“Мұртты жәшік” диаграммасы

Бұл екі параллель қабырғалар деректердің жоғарғы және төменгі квартильдеріне сәйкес келетін тік немесе көлденең орналасқан тіктөртбұрыш. Жәшіктің ішіне көлденең жүргізілген сызық медианаға сәйкес келеді. Жәшік квартильаралық диапазонды қамтиды. Шеткі нүктелер (мұрттар) ең төменгі және ең жоғарғы мәндерді білдіреді. Барлығы лығарылып тастаған мұрттардын әрі орналасады және бірәңғай аномальдыьмәндер кіш қашықтышта орналасады.



Гистограмма

Гистограмма- бұл деректердің жиілікті таралуының графиктік түрде кескінделуі. Ол бір- біріне іргелес орналасқан тіктөртбұрыштар түрінде белгіленеді. Әр тіктөртбұрыштың табанының ені топтау жиілігәне, яғни топтау аралығфндағы бақылау санына пропорционал. Бір шыңнан тұратын гистограмма біртөбелі, екі шыңнан-екітөбелі (биомедиальды) , үш немесе көп шыңнан- көп төбелі ( полимедальды) деп аталады.



“Жапырақты сабақша” диаграммасы

Бұл диаграмма мен кестенің қоспасы және ол беректердің таралуын суреттейді. Диаграмма бойынша деректер жиынының симметриялығы жөнінде жоруға болады. Деректердің біртектілік дәрежесін сипаттайды. Әдетте тік сабақша тұрғызылады, ол деректердің ретімен келтірәлген бірнеше бірінші цифрларынан тұрады. Бұл сабақшадан сыртқа шығып тұрған жапырақтар- барлық деректерді өсу ретімен көлденең оргаластырылған соңғы цифрлары.



Жиіліктер полигоны

Дискретті қатарларды графиктік түрде кескіндеу үшін жиіліктік полигоны қолданылады. Полигон - белгілердің мәндері мен олардың жиынтықтағы кездесу жиіліктері арасындағы сәйкестікті бейнелейді. Полигонды тұрғызу үшін абсцисса осіне зерттеліп отырған белгінің мәндері, ордината осіне жиіліктер салынады және сәйкес нүктедер кесінділер арқылы қосылсды, нәтижесінде кесінділердің тұратын сынқ сызық пайда болады. Жиіліктер полигондарын бір-біріне үстемелеп салуға болады, ол екі немесе одан да көп деректер жиынын салыстыруғв мүмкіндік береді.




Екі өлшемді шашырау диаграммасы (скаттерплот)

Бұл айнымалылар осьтері бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі өлшемді график. Бір ғана нысанның жұп көрсеткішткрі граикте координаталары х және у болатын нүктелермен бейнеленеді. Диагюграмманың екі координатасы да үздіксіз қлшеу шкаласында берілген екі өлшемді сандық шамалар үшән қолдануға болады. Диаграмма трендтерді, шамалар арасындағы тәуелділікті шамалардың біреуінің немесе екеуінің де көп жианқталған орнын, бір шаманың екіншә шамаға қатысты шашырау өзгершітігін байқауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Қорытындылай келетін болсам,биостатистика дегеніміз – биология, медицина, фармация, гигиена және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарды зерттейтін статистиканың бір үлкен саласы.Биомедициналық мәліметтерді график түрінде көрсету,ол ең керек,орындалуы тиіс іс – әрекеттердің бірі,себебі қорытындыда қателікті тауып немесе орташа мәнін анықтау үшін бізге әрдайым графиктер керек болады.Сонымен қоса вариациялық қатарда берілген мәндерді жинақы етіп,қысқаша қорытындылау үшін де сан алуан графиктер(немесе диаграмма) қолданылады. Мұндағы график (диаграмма) деп отқанымыз – статистикалық берілгендері, биомедициналық сандық мәліметтерді әртүрлі геометриялық фигура түрінде бейнеленген сызбалар. Графиктік түрі ол қолданылатын деректердің түріне сай болады,яғни сандық па сапалық па,соның ішінде дискреттік деректер ма,әлде үздіксіз деректер ма.Дискреттік деректерді үйлестіру үшін көбіне полигон,кумулята және огива сияқты графиктер қолданылса,үздіксіз деректерде гистограммалар қолданылады.

Пайданылған әдебиеттер

• Раманқұлова А.А. Биологиялық статистика. / оқу құралы. Алматы 2014, 212б

• В.Р. Чудиновских, А.Ш. Каипова, Ж.Н. Абдикадыр, А.К. Баймаханбетова . Медициналық – биологиялық зерттеулердегі статистикалық жорамалдарды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаларды қолдану./ оқу құралы. Алматы 2014.

• http://www.statsoft.ru./home/textbook/default.htm

•В.Р. Чудиновских, Ж.Н. Абдикадыр Медициналықбиологиялық зерттеулерде таңдама тәсілін қолдану. /Оқу құралы/ «Астана медицина университеті» АҚ. – Астана, – 2012 – 53с.