Файл: Реферат таырыбы "Информатика жне акт".docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті [2].




Сурет 2 - Робототехника мамандарын даярлайтын ҚР ЖОО
Қазақстанда ТМД және Азия елдерінде алғашқы рет жоғарғы техникалық инновациялық робототехника индустриясының негізі қаланды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасында 2011-2013 жылдар арасында Ұлттық ғылыми техникалық «Парасат» холдингі Назарбаев Университетімен бірлесе робототехника және робототехнология саласын жетілдіру мақсатында ғылыми- техникалық бағдарлама жасалынды.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты:

  • өндірісті өркендету және роботтардың сервистік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

  • Назарбаев Университетінде робототехника өндірісін дамытуда және робототехнология иннвациясын өңдеуге ғылыми білім беретін база құру;

  • «ақылды робот» құрастыруда жоғарғы білікті мамандар дайындау;

  • тұрмыстық роботтарды (Hanool Robotics, Оңтүстік Корея) өндіретін алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жеткізетін құрау бөлшектерінен өндірісті ұйымдастыру үшін арнайы база дайындау;

  • отандық өндіріс тауарларды және кәсіпорындарды роботтармен жетілдіру мақсатында, мысалы күнделікті тұрмыста қолданылатын тұрмыстық интеллектуалды роботтар, медицинада, төтенше апаттық жағдайларда және болашақта экономиканың кез келген саласында робототехниканың ішкі құрылымын жасау;

  • жаңа өндірістік салаларға жоғарғы білікті маман кадрларын даярлау.

Осы бағдарламаның негізінде еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Назарбаев Университетінде робототехника
мамандық, пән және қосымша курс ретінде бағдарламаға енгізілген. Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника қосымша курс ретінде 5-9 сыныптарға 20 сағатқа құрылған. Курстың басты мақсаты – оқушыларға LEGO Mindstorms конструкторы, EV3 микропроцессоры және LabView фирмасымен құрылған бағдарламалау ортасымен робототехника мен бағдарламалаудың негізін қалыптастыру. Бағдарлама мектеп бағдарламасындағы математика және физика пәндерін терең оқытуды қажет етеді. Теориялық және практикалық білімде робототехника физика саласының статика, динамика, электрика, электроника, оптика аймақтарына терең үңіледі, техникалық дизайнның негізінде сызу сабағына да байланысы бар. Сонымен қатар информатика курсында күрделі алгоритмдерді іске асыру, ал жоғары оқу орындарда өнеркәсіптік процестерді автоматтандыру және басқару процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.LEGO Mindstorms программаланатын роботқа қолданылынатын конструктор (электронды блоктар мен кішігірім құралдар жиыны).Бірінші рет LEGO компаниясымен 1998 жылы таныстырылды. 8 жылдан кейін LEGO

Mindstorms NXT 1.0 моделі, 2009 жылы LEGO Mindstorms NXT 2.0, ал 2013 жылы LEGO Mindstorms EV3 жинақтары шықты.

Осы ғасырдың басынан бастап LEGO MINDSTORMS EDUCATION STEM оқуларының (ғылым, техника, құрауыштар және математика) көшбасшысы болып келеді. Құрауыштар принципінің мазмұны LEGO және LEGO MINDSTORMS Education EV3 технологиясы бүгінгі күні робототехникамен жақын танысу, бағдарламалау принципінің оқуларымен және физика мен математика оқытулуына үлкен
мүмкіндіктер ашып отыр.

LEGO MINDSTORM Education жиынтығының негізгі элементі EV3 модулі, ол бағдарламалық интеллектуалдық модуль, мотор және датчиктерді басқару, сымсыз қосылуды іске асыратын қызметтер көрсетеді.

EV3 бағдарламалық жасақтамасының Лобби (негізгі терезе) бағдарламаға, мәліметтерге тіркелу, электронды дәптер және тағы басқалармен жұмыс жасауды қамтамассыз етеді. Мысалы, сіз өзіндік оқытудың нұсқауларын қолданып, жұмысты құруды және бағдарламаны іске қоса аласыз.

LEGO Education EV3 базасында тәжірибелі педагогтардың құраған оқулықтар деректерінің үздіксіз өсу қарқынын қамтамассыз етеді. Біз жүйелі түрде MINDSTORMS робототехникасын өзінің сабақтарында қолданатын оқытушыларға үздіксіз оқыту және мамандандырылған танымдармен қамтамассыздандыруға тырысамыз.

Сіз шынайы ғалымдар және инженерлер сияқты жұмыс жасағыңыз келе ме? Онда Бірінші LEGO- лигия (FIRST® LEGO Leaque) құрамына кіріңіз және Әлемдік роботтық олимпиадаларында - құнды білімдерді игеріп, өмірлік танымыңызбен өзіңізге деген сеніміңізді арттырасыз!

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қойбағарова //Информатиканы оқыту әдістемесі, 1 бөлім, 90б.

2. Байжұманов М. Қ. , Жапсарбаева Л. Қ. //Информатика: оқу құралы, Астана, 2004, 232б.

3. Электронный учебник // Информатика. Учебное пособие для студентов //www. atu. kz/HTML/images/i. swf,.