Файл: Дарынды оушыны дарынды стазы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

"Дарынды оқушының дарынды ұстазы"

Жүргізуші: Жас ұстаздың жанарында жанады от,

Ол да келген бір мектепке бала боп,

Бүгін ұстаз.....

Талай сындар тұр күтіп,

Енді оларға сөйлеу керек дана боп- дей келе, "Дарынды оқушының дарынды ұстазы" атты жас ұстаздарға арналған байқауымызды бастаймыз. Байқауда ұстаздар өздерінің білімдерін, шығармашылық ізденістерін, белсенділіктерін көрсетеді.

Сахнаға байқауға қатысушы жас ұстаздарды шақырамыз. ( жас ұстаздарымызды қошеметтеп, қол соғу)

1.Көзіңе елестетер таңғы гүлді,

Жарасқан өн бойына әр қылығы.

Баулыған шәкірттерін ізгілікке,

Ал, қане қарсы алайық Агленді.

2.Мінезі бар жайлы салмақты,

Ән де айтады ұстаз ғой ол жан-жақты.
Ақбота есімді ұстазды қарсы алайық,

Мектебіне болып жүрген ардақты.

3. Жас болса да ұстаздықты қалаған,

Міне, бүгін топқа түспек аламан.

Физик ағай Қаржаубайұлы Есетті,

Қошеметпен қарсы алып тұр бар адам.

4. Келбеті бар сұңғақ бойлы көрікті,

Мұғалім ол бірегей де, білікті,

Бекболат есімді қарапайым ұстаз бар,

Тарта білген мінезімен сыныпты.

Жүргізуші:Байқау барысында ұстаздарымызға әділ баға беретін әділқазылар алқаларымен таныстырып өтейін.

Жүргізуші: Ей, жас ұстаз!

Қысылма да, қымсынба!

Түсіп көрген талай ұстаз бұл сынға.

Сабаңа түс,

Өнеріңді бастап кет.

Баяғыдай бала болып тұрсың ба!

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиеден талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.

Патша көңіл ашылып бір сайрасын,

Жаңылысып әділ жолдан таймасын,

Таныстыру рәсімі кезегін,

Мұғалімдер әрі қарай жалғасын.

Бірінші кезең- Эссе жазу «Менің мамандығым-менің мақтанышым». (5 ұпай)

Эссе жазу (көлемі 3-4 бет, Times New Roman .14 шрифт, 1,5 интервал) Эссе көшірме болмауы қажет

Критерий:

Жүргізуші:Өнер көкке жеткізер,

Өнер болса қолында.

Өнершінің ырысы ,

Жарқырап жатар жолында.

Екінші кезең-"Өнер өрге жүргізер" (5 ұпай)

Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).


Ұстаздар өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші:Біле білген білімдіні зерек дейміз,

Білімімен ел-жұрттан ерек дейміз,

Оқушымен, ата-анамен жұмыс істейтін ұстаздарға

Түрлі-түрлі жағдайлардан шыға білу керек дейміз.

Үшінші кезең-"Біле білген білімді" (5ұпай)

Ұстаздар конверттерді бір-бірлеп апып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.

Жүргізуші:Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын мен еңбек үстінде баланың дарындылығы , белсенділігі байқалады. Сондықтан олар тәрбиенің ең әсерлі құралына жатады. Осындай алуан түрлі құралдарды тиімді пайдалану үшін асқан дарын мен шеберлік керек.

Сергіту сәті

Төртінші кезең Ситуациялық сұрақтар (2 минут ойлануға)

Педагогикалық жағдаят
                              Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
5. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға  тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?

8 «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?

  9«Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мактепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?


10 «Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ.

11. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
12. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
13. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.
14. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?

Критерий:

  1. Жағдайды шешу шеберлігі

  2. Педагогикалық-психологиялық сауаттылығы

  3. Түсінікті баяндауы

  4. Жедел әрі нақты жауап беруі

  5. Өзіне, жауабына сенімділігі

Бүгінгі байқауға қатысқан ұстаздарымызды сахнаға шақырамыз. Сөз әділқазылар алқасына және мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші: Қадірменді жас мамандар! Кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін ұстаз өзінің ынталылығын, шығармашылығын, білімділігін, іскерлік қабілетін ұштай білуі қажет. Сонда ғана өз еңбегінің жемісін көріп, белгілі нәтижеге жете алады.

Сіздерге алғашқы ұстаздық еңбек жолдарыңызға одан әрі сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.

Сіздердің мақтаныштарыңыз -еліміздің мақтанышы болар шәкірттеріңіз көбейе берсін.!

Бойларында от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар ,әрдайым.

Міне біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп әділқазы алқасы,

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан,

Жүзден жүйрік, мыңнан озған тұлпарды!

Байқауымыздың соңында , білім беру ісінде ұстаз басты шешуші тұлға дегім келеді. Себебі ұлттың болашағы -ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында. Еңбектеріңіз жемісті болсын!


Кешті "Ұстазым" әнімен аяқтаймыз. ( слайд)

Жүргізуші: "Дарынды оқушының " атты байқауымыз аяқталды, келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.