Файл: М. О. Уезоваза дебиетіні классигіМ. О. Уезовті туанына 125 жыл.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«М.О. ӘУЕЗОВ-ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ»М.О. ӘУЕЗОВТІҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ

8 «В» сынып

Өткізген : Бақтиярова Мөлдір Нұрболатқызы


2022-2023 оқу жылы
Тәрбие сағатының жоспары:


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«М.О. Әуезов-қазақ әдебиетінің классигі» М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл

Тәрбие сағатының бағыты:

Зияткерлік тәрбие,

Ақпараттық мәдениеті

Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу.

Формасы: ақпарат беру

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

  2. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту.

Тәрбие сағатының міндеттері:


  1. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының жоспары:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Жүргізушілер сөзі

II. Презентация : М.О. Әуезов-қазақ әдебиетінің классигі
ІII. М.О. Әуезовтің шығармалары туралы мәлімет

IV. Видеоролик “ Мұхтар Әуезов ”

V. Топтық жұмыс (Әрбір балаға тест тапсырмалар беріледі.)

VI. Топқа тақырып бойынша бекіту сұрақтары

VII. Қорытынды

VIII. Пайдаланылған әдебиеттер

Барысы

Кезеңдері

Стратегиялар

Топ жетекшісінің іс-әрекеті

Топ студенттерінің іс-әрекеттері

Мотивациялық-қызығушылықты ояту

Студенттердің «М.О. Әуезов-қазақ әдебиетінің классигі» туралы ойлары

Презентация және видеоматериал арқылы тақырыпқа байланысты түсініктерін молайту.



Берілген презентацияны өзбеттерімен оқып танысу



Ізденушілік- зерттеушілік

Миға шабуыл, зерттеу, шығарманы мәнерлеп оқу


М.О. Әуезовтің өмірбаяны, шығармалары туралы қызықты деректер

қажетті ақпаратпен

сұрақ қою арқылы еске түсіреді

Қорытынды-рефлексиялық



Студенттердің түсінігіндегі шығармаларының маңызы

Әрбір студент өзіне қажетті мәлімет алады, алған ақпаратпен басқа адамдарды да хабардар етеді, қорытынды сұрақтар қояды.


Тақырыпқа байланысты өз ойын білдіреді

Қорытынды бағамдау.

Топ жетекшісінің рефлексиясы: не табысты, не табыссыз болды?



Жүру барысы

Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар студенттер! Бүгінгі ШТ-21-09-02 топ студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз "«М.О. Әуезов-қазақ әдебиетінің классигі» М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл " тақырыбында өтеді. Тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – 1897 жылы қыркүйек айының 28-жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысына (бұрынғы Семей облысы) қарасты Абай ауданының Шыңғыстау деген жерінде дүниеге келген.

Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты, көзіқарақты, сөз өнерін қадірлейтін жандар болған. Атасынан ескіше сауатын ашқан Мұхтардың бала кезінен сусындап өскен рухани қазынасы – Абай өлеңдері. Бұл жөнінде жазушы: “Абай шығармаларын мен жастайымнан біліп өстім. Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өз өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын.

Ой толғау:

М.О. Әуезов өмірбаяны туралы не білесуздер?М.О.Әуезовтің қандай шығармаларын білесіздер?
М.О.Әуезовтің өмірбаяны және шығармалары туралы ақпарат (видеоролик, презентация көрсетіледі, баяндама оқылады).

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды.


Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

Топ тест орындайды, шығармаларды мәнерлеп оқиды (топтық жұмыс.)
Сабақты қорытындылау: Рефлексия