ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


_______________№175орта мектеп____________________________

(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік. №1 Модельдеу «Адам кариограммасын құру.

(сабақтың тақырыбы)

Тексерілді: Смагулова А.А.

Бөлім:

Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні

Атабаева Гулназ.

Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплиментарлық. Полимерия, көп аллелділік. Кодоминанттылық. Көп аллельділік. №1 Модельдеу «Адам кариограммасын құру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Барлығы: Мейоздық бөліну, онтогенез, генетиканың бір-бірімен тығыз байланыста екендігін ұғынады.

Басым бөлігі: Генетикалық есептер шығарып, құрастырып үйренеді.

Кейбірі: Хромосомаларда гендердің орналасуы туралы білімдерін тереңдету.



Сабақтың мақсаты

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулерінің түрлерін ажыратып, генетикалық есептер құрастыруға дағдыландыру

Тілдік мақсаты



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Плейотроп (жан-жақты) – бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді. · Комплементарлық – екі немесе бірнеше аллельді емес гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы. ·

Супрессор – комплементарлық әрекеттесуге кері жүреді. Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді.

· Полимерлі гендер – бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендер.

· Көпаллельділік – геннің бірнеше рет қайталануы.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.

Бастапқы білім

Биология пәні 7-сынып §49 «ДНҚ, гендер және хромосомалар, олардың құрылымы» тақырыбы бойынша тұқымқуалаушылық, ген ұғымдарының анықтамасын біледі;


     

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

«Миға шабуыл» кезеңі.

  1. Моногибридті будандастыру дегеніміз не? Мендель тәжірибесі.

  2. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

  3. Одан туындайтын Г.Мендель заңы қандай?

  4. Пеннет торы дегеніміз не?

  5. Полигибридті будандастыру дегеніміз не?

  6. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не?

  7. Пластидтік және митохондриялық тұқым қуалау деп нені атаймыз?

  8. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашқан кім?

  9. Генетикалық карталар дененіміз не?

  10. Тіркестік топтар дегеніміз не?


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады

Жұптық жұмыc. Тапсырма-1

А) Семантикалық карта.




эпистаз

комплементарлы

полимерия

Гендердің көпжақты әсері

бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын













Гендердің көп жақты әсері деп бір геннің бір белгінің дамуына ғана емес, бір мезгілде бірнеше белгінің фенотиптік көрінуіне әсерін айтады













өздері генотипте бірге болған кезде жаңа белгінің дамуын қамтамасыз ететін доминантты гендердің әсерін айтады













Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір геннің әсерінен екінші ген тұншығады. Оны ........ деп атайды.













Тапсырма-2.

В) Есептер шығару. №1 .Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін , гүлі сарымен будандастырғанда , бірінші ұрпақта барлық гүлі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда , белгілер екінші ұрпақта ажыраған. 169 жасыл гүл, 64 күлгін, 67сары, және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды.

2. Жемісі ақ түсті екі асқабақ өсімдігін өзара будандастырғанда , екінші ұрпақта 67 өсімдік ақ жемісті, 19 сары және 6 өсімдік жасыл жемісті болған . ата анасының және өсімдіктердің генотипін анықта.

12 . Егер негр қыз A1A1A2A2 ақшыл жігітке a1a1a2a2 тұрмысқа шықса , олардың болашақ балаларының қаншасы негр, мулат, ақ түсті болады.

Егер екі мулат A1a1A2a2 үйленсе олардың балалары қандай болмақ?

Жеке жұмыс. Тапсырма-1.

Бақылау сұрақтары:

1. Гендердің өзара әрекеттесуінің қандай түрлері бар?

2. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің типтері қандай?

3. Комплементарлы гендер деп қандай гендерді айтады?

4. Эпистаз деген не? Оның түрлері қандай?

5. Модификатор гендер деген қандай гендер?

6. Пенетранттылық деген не?

7. Экспрессивтілік деген не?

8. Жыныспен тіркескен тұқым қуалау деген не?

9. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау белгілері деп қандай белгілерді айтады?

10. Гендердің тіркесуі деген не?

11. Морганның хромосомдық теориясы.

12. Хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деген не?

13. Гендердің рекомбинациясы деген не?

14.Кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалар деп қандай гаметаларды айтады?

15. Интерференция деген не?

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен............................... білдім.

........................................қызықты болды.

......................................қиын болды.

..........................................екенін түсінді.


Мұғаліммен амандасу арқылы өз көңіл- күйлерін білдіреді.

.

.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Мақсаты: Өз мүмкіндіктері мен мен қызығушылықтарына қарай тапсырмалар орындау барысында нәтижелі білім алу

Тиімділігі: Білім алушылардың мамандыққа бағдарлану дағдысы қалыптасады, сабақ мақсатына тиімді жолмен жетеді.

Саралау: «Топтық саралау». Топтар бір-бірін бағалайды, ашық сұрақтар қояды.

Мақсаты: Алған білімдерін қорытындылайды

Тиімділігі: Уақытты тиімді пайдаланып бағаланады.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfC4NxXtjSw-KR8hcHBeWnR6EE7KJFUVcPAqu7FpGSdIKzp2A/viewform?usp=sf_lin