Файл: Сабаты зерттеу бойынша ткізілген сабатан кейінгі зінзі талдауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақты зерттеу бойынша өткізілген сабақтан кейінгі өзін-өзі талдауы

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 5 «Е»

Оқу мақсаты: 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша

ақпаратты анықтау

5.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,

көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.4.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді

ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Талдаушының аты- жөні: Кемерханова Шынар Канатовна, қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Өткізілген сабақтан кейінгі талдау сұрақтары

Сабақ бойынша пікірлер

Жоспарланған жəне қолданылған оқыту əдістемесі, тəсілдер оқушыларды оқытуда көмектесті ме əлде кедергі келтірді ме?


Жоспар бойынша оқытылған материалдар мазмұны 5-сыныптың оқыту бағдарламасына сай келеді. Сабақ барысында педагог қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың материалды қабылдауына көмегін тигізді. Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылды.

Сізді сабақта не таң қалдырды?


Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып,тиімді ұйымдастыру.Жас ерекшеліктеріне және сабақ тақырыбына сәйкес оқыту әдістерінің таңдалуы

Кейс-оқушының жəне басқа оқушылардың ілгерілеуін жақсарту үшін оқытудың қандай аспектілерін келесі сабақта өзгертуге болар еді?


Үлгерімі төмен оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Тірек сызбалар, тірек сөздер, көбірек нұсқаулықтар беру арқылы оқушылардың ілгерілеуін жақсарту.

Оқу тəсілінің қандай тамаша жағын білдіңіз?


Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау,бір-бірін тыңдау,өзін-өзі  құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталу.

Қандай оқушының бағалауын қайта қарау керек деп ойлайсыз?


В оқушының оқу қабілеттерінің жеткіліксіз деңгейі байқалды. Оқушы іс жүзінде белсенділік көрсетті, дегенмен де жауапты дұрыс құрастыра алмайды, жауаптары бір буынды «иә, жоқ ».Сөздік қорының аздығы өз ойын жеткізе білуіне назар аудару керек.

Біз келер жолы тағы нені жасап көруімізге болады?


Саралауды жүзеге асыру керек.Жеке тұлғаға бағытталған тәсілдерді тиімді қолдану.Оқушыларға өз серіктестерінің пікірін тыңдауға, өз пікірін айтуға мүмкіндік беру.



Сабақты зерттеу бойынша өткізілген сабақтан кейінгі өзін-өзі талдауы

Пәні: қазақ әдебиеті.

Сынып: 9 «Г»

Сабақ тақырыбы:І.Жансүгіров «Құлагер « поэмасы.

Оқу мақсаты: 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық

жұмыстарда қолдану.

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі

рөліне талдау жасау.

Талдаушының аты- жөні: Кемерханова Шынар Канатовна, қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Өткізілген сабақтан кейінгі талдау сұрақтары

Сабақ бойынша пікірлер

Жоспарланған жəне қолданылған оқыту əдістемесі, тəсілдер оқушыларды оқытуда көмектесті ме əлде кедергі келтірді ме?


Жоспар бойынша оқытылған материалдар мазмұны оқыту бағыттарына сай келді. Сабақ барысында педагог қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың материалды қабылдауына көмегін тигізді. Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылды.

Сізді сабақта не таң қалдырды?


Сабақтың бөлімдеріне уақытты дәл бөле отырып, тиімді ұйымдастыру.

Кейс-оқушының жəне басқа оқушылардың ілгерілеуін жақсарту үшін оқытудың қандай аспектілерін келесі сабақта өзгертуге болар еді?



Үлгерімі төмен оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Деректермен жұмыс барысында кездесетін қиындықтармен жұмыс жасау және әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың деңгейін көтеру.

Оқу тəсілінің қандай тамаша жағын білдіңіз?


Оқушылар арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау,бір-бірін тыңдау,өзін-өзі  құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталу.

Қандай оқушының бағалауын қайта қарау керек деп ойлайсыз?


В оқушының оқу қабілеттерінің жеткіліксіз деңгейі байқалды. Оқушы іс жүзінде белсенділік көрсетті, дегенмен де жауапты дұрыс құрастыра алмайды, жауаптары бір буынды «иә, жоқ ».

Біз келер жолы тағы нені жасап көруімізге болады?


Саралауды жүзеге асыру керек.

Оқушыларға өз серіктестерінің пікірін тыңдауға, өз пікірін айтуға мүмкіндік беру.