Файл: Халы денсаулыы жне денсаулы сатау жйесі туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 213

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар

      1. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің мынадай түрлері:

      1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;

      2) эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы);

      3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу;

      4) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;

      5) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;

      6) интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.

      2. Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.

4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ, АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

25-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге мыналар жатады:

      1) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      2) денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      4) денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау бойынша басқару қызметіне даярлығын растауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бірлестіктері;

      6) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер.

      2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган аккредиттеген денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге қызметтің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдар жатады.


      3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аккредиттеген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби қауымдастықтар жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар жатады.

      4. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады.

      5. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу медициналық ұйымның қаражаты есебінен жүргізіледі және медициналық ұйымдарды материалдық және материалдық емес ынталандыру құралы болып табылады.

      Медициналық ұйымдарды аккредиттеу уәкілетті орган бекітетін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және жоғары колледждер мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарында клиникалық мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру кезінде ескеріледі.

      6. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

      7. Аккредиттеуден кейінгі мониторингке осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен тұлғалар жатады.

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау

      1. Кәсіптік құзыреттілік деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау болып табылады.

      2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.

      3. Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын аттестаттауды жүргізеді.


      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

      5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.

      6. Аттестатталатын адамдар әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан ерте болмайды.

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы маман мен менеджерді сертификаттау

      1. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды:

      1) медицина қызметкерлеріне қатысты медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      2) фармацевтика қызметкерлеріне қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысы әрбір бес жыл сайын расталуға жатады.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар адамдар мамандығы бойынша жұмыс өтілінде үш жылдан астам үзіліс болған кезде тиісті мамандық бойынша жұмысқа уәкілетті орган аккредиттеген ұйымда біліктілігін арттырғаннан, тағылымдамадан өткеннен және кәсіптік даярлығы бағаланғаннан кейін жіберіледі.

      4. Денсаулық сақтау саласындағы маманның тиісті сертификаты болмаса:

      1) тәлімгердің қадағалауымен клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберілетін резидент-дәрігерлерді және білім туралы нострификацияланған құжаттары бар шетелдік мамандарды қоспағанда, клиникалық практикамен айналысуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      2) тармақша 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      2) фармацевтикалық практикамен айналысуға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      5. Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберіледі.

      6. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-тармақ 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      7. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді және ол басқару қызметін жүзеге асыруға қарамастан қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-тармақ 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

      8. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысы әрбір бес жыл сайын расталуға жатады.

      Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын растауды медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган жүргізеді.

      9. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


      10. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру (кері қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

28-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған шаралар кешені денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру деп танылады.

      2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету;

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;

      3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында жүзеге асырылады.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

29-бап. Апелляциялық комиссияның шағымды қарау тәртібі

      1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы актілерге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.

      2. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.

      3. Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымдарды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссия құрады, оның құрамына медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.