Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі есік гуманитарлыэкономикалы колледжі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Модификациялық өзгергіштік

Модуль/пән атауы: ЖБП11, Биология

Педагог: Адилова М.М.

2023 жылғы "20" ақпан

Курс,топ: 1 курс, 111а

Мақсаты:

1.Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттеу

2.Модификациялық өзгергіштіктің маңызын түсіндіреді.

3.Организмнің түрлі сыртқы орта факторларына байланысты өзгеруін біледі

Бағалау критерийі:

• Модификациялық өзгергіштікке анықтама береді;

• Өзгергіштік түрлерін атайды;

• Модификациялық өзгергіштіктің маңызын түсіндіреді.

Қажетті ресурстар: Ноутбук, электронды ресурстар, оқулықтар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Білу:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу Назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал тудырту

II.Үй тапсырмасын сұрау.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі.

  1. Қартаю процесін зерттейтін ғылым саласы?

  2. Қартаю түрлерін атаңдар?

  3. Вернер синдромы дегеніміз не?

  4. Қуаттық қартаю теориясы дегеніміз не?

  5. Қартаюды тоқтатуға болады ма?

Амандасады

Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырмаларды тексеру

D (54-60)


Ноутбук

Презентация

Биология. 10 сынып. Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. ЖМБ, 2-бөлім. – Алматы: «Мектеп» 2019.


Түсіну:

Ой қозғау әдісі арқылы жаңа сабақты:

Студенттерді бойлары бойынша бір қатарға тұруды ұсынамын. Яғни, жаңа тақырыпты ашамын.

Презентациямен жаңа сабақты түсіндіру:

1. Бойдың әртүрлі болуы қандай себептерге байланысты?

2.«Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары». 3.«Өзгергіштік» ұғымына кім анықтама бере алады?

4.Реакция мөлшері дегеніміз не?

5.Өзгергіштік туралы не білесіздер?

6.Сыртқы орта факторларына не жатады?

7.Өзгергіштіктің неше түрі бар?

8.Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?

9.Организмдерде белгілердің дамуын анықтайтын басты фактор не?

Презентация арқылы жаңа сабақпен танысады

Жаңа терминдермен танысу


С(65-69)


Қолдану

1-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Оқушылар өзгергіштік классификациясымен танысады.



2-тапсырма: Сұрақ-жауап әдісі

1. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттейтін ғылым қалай аталады? Адам генетикасы

2. Қай әдіс арқылы туыстар арасындағы аурулардың оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды? Генеалогиялық әдіс

3. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды қалай атайды? Пробанд

4. Әке – шеше жағынан туыс адамдардың бір – бірімен некелесуін қалай атайды? Некелесу қаншалықты зиян?

Туыстық неке

5. Бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды қалай атайды? Егіздер

6. Қай әдіс арқылы тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауруларды анықтайды?

Биохимиялық әдіс

7. Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық белгілерінің ұқсас болуы қалай аталады?

Конкорданттылық

8. Хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген әдіс қалай аталады?

Цитогенетикалық әдіс

9. Егіздерді пайда болуына қарай қалай бөледі?

Монозиготалы және дизиготалы

10. Адамда тұқым қуалайтын аурулар қандай топтарға бөлінеді?

Гендік және хромосомалық аурулар

11. Аутосомды – доминанттық ауруларға қандай аурулар жатады? Гендік аурулар

12. Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын ауруларды қалай атайды?

Брахидактилия (қысқа саусақтылық), полидактилия (алтысаусақтылық), сүйектің омырылғыштығы

13. У хромосомада әкесінен тек ұл балаларына ғана берілуі қалай аталады?

Голандриялық тұқым қуалау

14. Аутосомалардың 21 жұбында артық бір хромосома болатын, жалпы хромосомалар саны 47 болатын ауру қалай аталады?

Даун синдромы

15. Хромосомалық аурулардың негізгі себептері қандай?

Жасушалардың мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалардың гаметаларға теңдей ажырамауы

16. Консультацияның бірінші кезеңінде аурудың диагнозын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

Шежіре, цитогенетикалық, биохимиялық т.б

Осыны дәптерге сызады. Өзгергіштік түрлерімен танысады.

Әртүрлі сұрақтарға жауап жазады

В(80-84)


Талдау

3-тапсырма: Топтық жұмыс.

4 топтағы оқушыларға (әр топта 5 оқушыдан) модификациялық өзгергіштіктің анықтамасын құрастыруды ұсынамын (31-бет, 4 сөйлем).

Дескриптор:

1. Анықтаманың дұрыс құрылуы;

2. Анықтаманың түсініктілігі. Модификациялық өзгергіштік - Презентация MS PowerPoint

Өзгергіштік

Тұқым қуаламайтын

(фенотиптік)

модификациялық

Тұқым қуалайтын

(генотиптік)

мутациялық

комбинативтік

4-тапсырма: Модификациялық өзгергіштікке анықтамалар мен тұжырымдар жасады, қандай мысалдар келтірілгені жайлы ақпаратты жазамыз




Гендердің, хромосомалардың, генотиптің өзгеруіне байланыссыз, қоршаған орта факторларының әсерінен белгілі бір гендердің көрінуі, осылай фенотиптің өзгеруі. Берілген анықтаманы өз дәптерлеріне жазады.
3 ғалымның нені ашқаны жайлы ақпарат жазады.

В+ (85-89)

Жинақтау

5-тапсырма: Жұптық жұмыс.

Студенттерге таратылған материалдарды пайдаланып, модификациялық өзгергіштікке мысалдар келтіреді.

1. Француз ботанигі Бонненің тәжірибесі (32-бет, 1-азат жол)

2. Ірі қараның еттілігі мен сүттілігі (32-бет, 3-азат жол)

3. Жебежапырақтың жапырақтары (32-33 бет)

4. Теңіз деңгейінің эритроциттер санына әсері

5. Тау қоянына температураның әсері 6. Тері түстерінің ауысуы

7. Айқұлақтың пішіндері

8. Тауықтың жұмыртқалағыштығы

Дескриптор: Мысалдың модификациялық өзгергіштікпен байланысы;

Түсіндіре, жеткізе алуы;

6-тапсырма: Бұл суреттерге қарап, модификалық өзгергіштіктің қандай түрлерін жататынын ажыратыңыздар





Мысалдың модификациялық өзгергіштікпен байланысын жазады.

Түсіндіре, жеткізе алуы керек.

А (90-94)


Рефлексия

«Білім сабағы» әдісі.

Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.

Мен сабақты орташа түсіндім.

Тақырып бойынша әлі ізденуім керек.

Білімімді толықтырдым, жаңа мағлұмат алдым немесе проблемалық сұрақ туындады деген сатыны таңдайды











2-тапсырма: Сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, сұрақтарға жауап жазамыз:
1. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Қай әдіс арқылы туыстар арасындағы аурулардың оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды?

3. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды қалай атайды?

4. Әке – шеше жағынан туыс адамдардың бір – бірімен некелесуін қалай атайды? Некелесу қаншалықты зиян?

5. Бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды қалай атайды?

6. Қай әдіс арқылы тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауруларды анықтайды?

7. Бір жұмыртқалы егіздердің генотипі біркелкі, барлық белгілерінің ұқсас болуы қалай аталады?

8. Хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген әдіс қалай аталады?

9. Егіздерді пайда болуына қарай қалай бөледі?

10. Адамда тұқым қуалайтын аурулар қандай топтарға бөлінеді?

11. Аутосомды – доминанттық ауруларға қандай аурулар жатады?

12. Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын ауруларды қалай атайды?

13. У хромосомада әкесінен тек ұл балаларына ғана берілуі қалай аталады?

14. Аутосомалардың 21 жұбында артық бір хромосома болатын, жалпы хромосомалар саны 47 болатын ауру қалай аталады?

15. Хромосомалық аурулардың негізгі себептері қандай?

16. Консультацияның бірінші кезеңінде аурудың диагнозын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
3-тапсырма: Модификациялық өзгергіштікке анықтамалар мен тұжырымдар жасады, қандай мысалдар келтірілгені жайлы ақпаратты жазамыз


Ғалымдар

Нені анықтады?

Қандай анықтама берді?

Қандай мысал келтірді?

1.Н.И. Вавилов





2. Гофман мен Сонеборн





3. М.Зияров






4-тапсырма: Жұптық жұмыс.

Модификациялық өзгергіштікке мысалдар келтіріңдер:

1. Француз ботанигі Бонненің тәжірибесі (32-бет, 1-азат жол)

2. Ірі қараның еттілігі мен сүттілігі (32-бет, 3-азат жол)

3. Жебежапырақтың жапырақтары (32-33 бет)

4. Теңіз деңгейінің эритроциттер санына әсері


5. Тау қоянына температураның әсері 6. Тері түстерінің ауысуы

7. Айқұлақтың пішіндері

8. Тауықтың жұмыртқалағыштығы
Дескриптор: Мысалдың модификациялық өзгергіштікпен байланысы;

Түсіндіре, жеткізе алуы;
5-тапсырма: Бұл суреттерге қарап, модификалық өзгергіштіктің қандай түріне жататынын ажыратыңыздар