Файл: Программалар пакетімен жмыс істеуді йрету. Студент білуі керек Excel.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қандай да бір ұяшықтағы мәліметтердің мазмұнын өзгертуге болатынын біз жақсы білеміз. Excel – де бұған ешқандай да бөгет жоқ. Бұның екі жолы бар: ұяшықтың ішіндегі мәліметті толық ауыстыру және мазмұнын жартылай ауыстыру (редактрлеу).

Ұяшықтағы мәліметтерді толық ауыстыру үшін ұяшыққа кестелік курсорды қойып теруді бастай беруге болады, яғни бастапқы толтырғандағымыздай енгіземіз. Жаңа терілген мәтін ұяшықта жоғарыда айтылған тәсілдердің біреуімен сақталады. Ұяшықтағы ескі мәтін жаңасын тергенде автоматты түрде өшіріліп отырады. Егер жаңа мәтін теріп болғаннан соң оны керек санамай «Esc» пернесін бассаңыз, онда осы ұяшықта бұрынғы ескі мәтіні қалады.

Егер сізге ұяшықтағы мәлімітті толық ауыстыру қажет болмай тек өзгерту енгізу керек болған жағдайда ұяшықтың мазмұнын редактрлеуді қолданамыз.

Ұяшықтың мазмұнынын редактрлеуді келесі тәсілдердің біреуімен жасауға болады:

  • Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып «F2» батырмасын басу.

  • Ұяшыққа апарып тышқаннды екі рет шерту.

  • Кестелік курсторды ұяшыққа орнатып тышқанның көмегімен формула жолына басу.

Нәтижесінде осы орындаған іс-әрекеттердің қай-қайсысы болса да формулалар панелі қосылып мәтіндік курсор пайда болады. Осы алдынғы екі жағдайда курсор сол берілген ұяшықта пайда болса, соңғысында бұл курсор формулалар жолында пайда болады.

Ұяшықтағы мәліметтерді редактрлеу, бұл ұяшыққа алғашқы мәліметтерді енгізуден өзгешелілігі, оның пернетақтадағы стрелка (бағыттаушы) пернелері арқылы жүзеге асуы.

Редактрлеуді аяқтау «Enter» немесе формулалар панеліндегі Енгізу батырмасы арқылы жүзеге асыруға болады. Орын ауыстыру батырмалары, пернетақтадағы стрелка (бағыттаушы) пернелері бұл жағдайда редактрлеуді аяқтамайды, яғни бұл пернелер тек курсордын орынын ауыстыру үшін ғана қолданылады.

Егер курсорды қандай да бір сөйлем ортасын қойып мәтінді енгізетін болсақ, онда бұл сөйлемді бөле ортасына жазылады. Ал егер «Insert» батырмасын басып қойсақ, онда біз терген мәтін осы сөйлемді бөле курсордың оң жағындағы мәтінді өшіре отырып орнына тереді.


Белгіленген ұяшықтар.

Ұяшықты белгілеу үшін тышқанмен шерту жеткілікті. Шерткен кезде тышқан нұсқағышы ашық түсті қасу белгісі түрінде пайда болуы қажет..

Ұяшыққа мәлімет еңгізу.Ұяшықтын біреуіне мәлімет еңгізу үшін оны белгілеу қажет, және курсордың нұсқағышының пайдаболуын күтпестен пернетақтадан мәлімет еңгізуге болады. Жалпы электрондық кестенің мәтіндік редактордан айырмашылығы ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін бекіту керек. Сіз программаға нақты бір ұяшыққа мәліметті еңгізіп болғанынызды түсіндіру қажет. Мәліметтерді бекітудің бірнеше жолдары бар:

Enter батырмасын басу арқылы.

Тышқан батырмасымен басқа ұяшықты басу арқылы.

Пернетақтада орналасқан басқару батырмаларын қолдану арқылы.

Сонымен мәліметтерді ұяшыққа еңгізу ғана емес, оларды бекітуіміз қажет.

Беттерден бір-біріне өтудің екі жолын білеміз:

  • Беттердің жарлықтаынан тышқанмен шерту арқылы;

  • «Ctrl» + «PageUp» және «Ctrl» + «PageDown».батырмаларын басу арқылы.

Және тағы бір жолы, ол осы жұмыс кітабында көп беттер болып Excel терезесіне сыймаған жағдайда (3) суретте көрсетілгендей жарлықтар жанындағы бағыттаушы стрелкалардың көмегімен ауысуға болады.



Сурет 3. Беттер жарлықтары. Excel жұмыс кітабының беттері арасынан бір-бірінен өту

Беттерді қосу және өшіру

Стандартты түрде Excel жұмыс кітабы 3 беттен тұрады. Бірақ бұл берілген беттер жеткіліксіз болуы мүмкін. Қажетті рет бойынша бет қосу үшін жарлықтардың соңында орналасқан батырманы басу қажет. Нәтижесінде «Лист 4» атты жаңа бет қосылып, қажетінше атауын ауыстырып алуға болады. Егер сізге рет бойынша емес қандай да бір беттің соңынан қосу керек болса, онда:

  1. Жаңа бет қосу орнынан кейінгі бетке барып жарлығынан тышқанмен шерту.

  2. (22.2) суретте көрсетілгендей лентаның Главная қаптамасына барып Ячейки құралдар батырмасынан Вставить және Вставить лист қомандасын басу керек. Немесе « Shift» + «F11» батырмасын басуыңызға да болады.




Сурет 22.2. Жұмыс кітабына жаңа бет қосу


Бетті өшіруде бетті қосудай оңай жүзеге асады. Қажет емес беттің жарлығынан тышқанның оң жақ батырмасын шертіп пайда болған контексті мәзірден Удалить командасын таңдау. Және де біз Главная қаптамасының Ячейки құралдар батырмасынан Удалить немесе Удалить лист командасын таңдауымызға болады.

Беттердің орнын ауыстыру мен көшіру

Тышқанның көмегі арқылы беттердің орнын ауыстыру өте қолайлы болып келеді. Сізге тек керек беттің жарлығынан тышқанмен ұстап алып қажетті орынға апарып қою ғана керек. Жарлықты тасымалдау кезінде тышқанның нұсқағышында бір беттің бейнесі көрініп, ал қойар орын ұшбұрыш ретінде көрсетіледі.

Егер тасымалдау кезінде «Ctrl» батырмасын басып тұрсақ, онда орын ауыстыру емес бетті көшіру болады. Көшірме атауы бастапқы атаумен сәйкес болып, тек оған көшірме нөмірі доғал жақшаның ішінде қосылады.

Біз бұл бір ғана Excel жұмыс кітабы ішінен орын ауыстыру мен көшіруді қарастырдық. Осы тәріздес біз Excel – дің басқа да әр-түрлі кітаптары арасында да жүзеге асыра аламыз. Тек бұл жерде өзімізге қолайлы етіп, қажет кітаптарды монитор бетіне орналастыруымыз керек. Бірақ әр-түрлі бөлек жұмыс кітаптары арасында орын ауыстырумен көшірудің мына жолдары тиімді:

  1. Қажетті екі жұмыс кітабында ашыңыз, яғни орын ауыстырылатын, көшіретін және көшірілетін жұмыс кітаптарын.

  2. Көшірілетін немесе орын ауыстыру қажет жұмыс кітабына өтіп, тышқанның оң жақ батырмасын басып пайда болған контексті меюден Переместить/скопировать командасын таңдаңыз.

Формулаларды енгізу. Формулаларды қолдану

Excel 2010 – да формула түсінігінің астарында не бар екенін түсіне білу керек. Excel – дің формула түсінігінің астарында кейбір ұяшықтардағы мәліметтер есептелетін математикалық әлпет бар. Формулаларда нақты сандармен қоса ұяшықтар адрестері де формулаға қойыла алатындары орындалады.


Кестелік курсорды қандай да бір бос ұяшыққа қойып, оған қарапайым формуланы енгізіңіз: -2+2 Енгізіп болған соң «Enter» пернесін басыңыз. Осыны орындап болысымен формула жазылған ұяшықта 4 саны пайда болады, міне бұл формуламен есептеу нәтижесі

Формула басында енгізілетін «=» белгісіне көңіл аударыңыз. Яғни осы белгі арқылы ғана Excel, сіз ұяшыққа формула енгізіп жатқаныңызды анықтап есептейді.

Егер формуланы «=» белгісісіз енгізсеңіз, онда оны формула емес жай мәлімет ретінде қабылдап ешқандай есептеулер жүргізбейді. Мысалға, жоғарыда енгізген =2+2 формуласының орнына жай 2+2 енгіссеңіз, онда 4 емес құр 2+2 сандары ғана енеді де (бұл Excel – де жай ақпарат ретінде қабылданады) есептеу жүргізілмейді. Бұнда біз қарапайым формуланы қарастырдық. Енді аздап өзгертіп =2+В5 формуласын берейік. Бұл формуламен берілген мәннің шығындысы 2 саны мен В5 ұяшығындағ мәннің қосындысы болып табылады. Егер В5 ұяшығында ешқандай мән болмаса, онда формулаға мән берілмейді.



Сурет 23.1. Формула енгізу

Мына ережеге назар аударыңыз. В5 ұяшығына қандай да бір сан берсеңіз онда жанағы формула сол мән бойынша есептеу жүргізеді. Ал В5 ұяшығына сан емес жай мәтін терсеңіз, онда оны қате деп хабарлама береді.

Формула жолы.

  • Ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:

  • «Қайтару» командасын орындау үшін қызмет көрсетеді.

  • «Енгізу» командасын орындау.

  • формула енгізуге мүмкіндік береді.

Формула жолының мүмкіндіктері:

  1. ұяшық мазмұнына өзгерістер енгізуге болады;

  2. Егер мәлімет толық көрінбесе, ұяшық мазмұның көріп шығуға болады.

Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде жөнделеді.

Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестерінің өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолдануы керек.
Ұяшық адресінің өзгеріссіз қалу қажеттігін көрсету үшін оны доллар ($) символымен бірге көрсету керек:

$А$11 – абсолютті адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);

A11 – салыстырмалы адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгереді);

$А11 – аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);

А$11 - аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді);

Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 батырмасын бірнеше рет басу.

Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестері де, абсолютті адрестері де қолданыла алады.

Абсолют сілтеме

Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары. Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Формулаларды алмастыру буфері және тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.

Салыстырмалы адрестерформуласы орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).

Жолдармен бағандарды белгілеу.

Б ағанды толығымен белгілеу үшін баған тақырыбын тышқанмен шерту жнткілікті. Жолды толығымен белгілеу үшін жол тақырыбын тышқанмен шертеміз.

Ұяшық аралықтарын белгілеу.

Ұяшық аралықтарын екі жолмен белгілейміз: