Файл: Есімі ебегімен еленген ана (Бейне баян жалпы аудан, ауыл клемінде жазылады екен).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Есімі еңбегімен еленген – АНА»
(Бейне баян жалпы аудан, ауыл көлемінде жазылады екен)
Қайырлиева Балғаным Қуандыққызы 1953 жылы 10 сәуірде Новобогат ауданы, Айбас ауылында дүниеге келген.

1972 жылы 5 тамызда ауыл азамаы Қайырлиев Жантұрғанмен отау құрған.

1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, 3 немере, 3 жиен, 1 шөбересі бар.

Еңбек жолы 1970 жылы Жамбыл орталау мектебінен басталып, 1975 жылдан балабақшада 1982 жылға дейін тәрбиеші болып еңбек ете жүріп, 1980 – 1984 жылдрары Гурьев педагогикалық институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту факультетінің сырттай оқу бөлімінде оқып, мектепке дейінгі педагогика, психология оқытушысы, методист мамандығын алған.

1983 жылдан балабақша меңгерушісі қызметін атқарып, 2011 жылы зейнеткерлікке шыққан, 2016 жылға дейін еңбектен қол үзбеген.

«Ұстаздық ету өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын бағалау дегендей» Балғаным Қуандыққызы Құлыншақ балабақшасында 41 жыл тер төгіп, соның соңғы 33 жылында басшылық қызметті зор абыроймен атқарды. Ол басқару жүйесінде ынтымақтастық педагогикасын қолданып келеді.

1998 жыл Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі

2000 жылы Қазақстанда тұңғыш өткен «Ең таңдаулы балабақша» байқауына қатысып аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, республикалық байқауда «Лауреат» атанды.

2004 жылы Қостанай қаласында өткен «Мектепалды даярлыққа- 5 жыл: түйінді мәселелер және болашағы» халықаралық конференция делегаты.

2004 жылы №11 «Шағын мектеп» ғылыми- әдістемелік журналында «Құлыншақ балабақшасы» тақырыбында балабақшаның іс- тәжірибесі жарияланды.

2012 жылы республика көлеміндегі білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің қысқаша жетістіктері суреттері мен берілген «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты кітапқа енгізілді.

2013 жылы «Білім ұясы: Таңдаулы балабақша» байқауында аудандықта «Бас жүлде», облыстық байқауда І дәрежелі Дипломға ие болды.

Осы жылы шығармашылық жұмыстары «Республикалық 45minutkz» басылымынан

«Жаңа білім – Жаңа ғасыр» Ұстаздар шығармашылығының топтамасына баяндамасы жарияланды.

2013 жылғы №11 Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы журналына «Әдістемелік қызметті жетілдіру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жарияланды.

2012 жылы республика көлеміндегі білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің қысқаша жетістіктері суреттері мен берілген «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты кітапқа енгізілді.

2013 жылы «Білім ұясы: Таңдаулы балабақша» байқауында аудандықта «Бас жүлде», облыстық байқауда І дәрежелі Дипломға ие болды.


Осы жылы шығармашылық жұмыстары «Республикалық 45minutkz» басылымынан

«Жаңа білім – Жаңа ғасыр» Ұстаздар шығармашылығының топтамасына баяндамасы жарияланды.

2013 жылғы №11 Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы журналына «Әдістемелік қызметті жетілдіру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жарияланды.

2014-2015 оқу жылында балабақша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 9 қазандағы №408 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу алаңы» болып бекітілуі, балабақшаның облыс бойынша Тірек балабақшасы болып, шығармашылық жұмыстарымен республика көлемінде танылды. Бұл жетістіктердің барлығы да балабақша меңгерушісі Балғаным Қуандыққызының ұзақ жылдарғы тәжірибесі мен басқару ісіндегі жетістіктері.

Қайрлиева Балғаным Қуандыққызы қоғам өміріндегі жұмыстардың да белсенді мүшесі. 1980 жылдан бері селолық әйелдер кеңесінің, кейіннен Аналар кеңесінің төрайымы болып кең көлемде жұмыс жасай жүріп, көп балалы аналардан «Батыр аналар» ансамблі құрылды. Олардың өнерлері аудан, облыс көлемінде кеңінен танылды. 1990 жылдары жаңа құрамда «Аналар» ансамблі болып құрылды.

Хор ұжымының байқаулары өтуіне байланысты Тұщықұдық ауылының мекемелерінен «Хорды» ұйымастырушы болды. Облыстық байқауларға қатысып,бірнеше рет жеңімпаз атанды.

2008 жылы Атырау облысының ардагер және іскер әйелдері жөніндегі «Ажар» әйелдер журналында қызметтік өмір жолы туралы баяндалып, суретімен жарияланды.

2001 жылдан бері Исатай аудандық мәслихатының №4 сайлау округінен ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү – ші сайланымдардағы депутаты, тұрақты комиссия төрайымы болды.

Исатай аудандық мәслихатына №5 сайлау округінен кандидаттыққа түскен сайлауалды бағдарламасында ауыл өмірі үшін сол кездегі көкейтесті мәелелер ауыз су, қатты асфальт жол төсеу, білім мекемелері мен балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу, ортьалық көшелерге электр шамдарын орнату, аналар мен бала құқығын қорғау, жастар тәәрбиесі жан-жақты енгізілген бағдарламасы бойынша жоспарланған жұмыстардың шешімін табуда өзіндік үлесін қосты.

Депутат бола жүріп, қиын кезеңдерде ауылда жарық, газ мәселелерін бірнеше рет қойып, ауылымыздың инфрақұрылым жұмыстарының жолға қойылуынада ықпал етті.

2010 жылы наурыз айында «Нұр Отан» ХДП Орталық Комитетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумында ең үздік партия филиалдарының байқауы қорытындысымен «Жыл депутаты» номинациясы бойынша үздік деп танылды.



Мемлекеттік наградалары:

28.11.1998 жыл Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Үздігі Белгісі Куәлік №90397

2002 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-10 жыл» мерейтойлық медалі.

2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі.

2016 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі.

2019 жыл Қазақстан Республикасы білім министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» медалі. Куәлік № 91150

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазқстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты байқауында жеңімпаз болып танылып, «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісімен марапатталды.

Құрмет грамотасы: Республикалық, облыстық, аудандық.

2003 жыл Исатай ауданының «Құрмет Грамотасы»

2015 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет Грамотасы»

2016 жылы Атырау облысы әкімінің «Құрмет Грамотасы»

2018 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет Грамотасы»

Алғыс хаттар: Республикалық, облыстық, аудандық.

05.04.2005 ж Обл. Білім басқармасының «Алғыс хаты»

01.04. 2016 жыл Исатай ауданы «Нұр Отан» партиясының

«Алғыс хаты»

08.03. 2016 жыл Исатай ауданы әкімінің «Алғыс хаты»

2018 жыл. Атырау облыстық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаты»

2022 жылы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты»
2016 жылдан зейнеткерлік демалыста. Зейнеткерлік демалыста болсада ауыл, аудан, облыс өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.

1980 жылдан бері Тұщықұдық ауылдық округінде «Аналар кеңесінің» төрайымы.

Исатай аудандық «Аналар кеңесінің» мүшесі.

Исатай аудандық «Алқа билер» кеңес мүшесі.

Исатай ауданы бойынша «Модиатор» .

Тұщықұдық ауылдық округінде қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы болып қоғамдық жұмыстар атқаруда.

2023 жылы Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде Тұщықұдық ауылдық округі әкімшілігімен бірлесе Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бала-өміріміздің жалғасы» атты аудандық деңгейде семинар ұйымдастырып өткізді. Қазіргі таңдағы басты мәселелерінің бірі балалар болашағына байланысты, кең көлемде түрлі форматта тақырыптар қозғалды.