Файл: Трбие саат зірлемесі Таырыбы Бір масат, бір мдде, бір болаша.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Оқушылар үйі» КМКҚ

Тәрбие сағат әзірлемесі

Тақырыбы:

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Өткізілген топтар: ІТ информатика 1А, 1Б, 1В, 1Г

Орындаған: Зейнехабылова Б.А

Жаңаарқа 2021-2022 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ».

Тәрбие сағатының мақсаты: «Қазақстан- 2050стратегиясы» жолдауын талдап,оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.қазақстанның даму жолдарын айтып өту.

Қазақстан республикасының өткені мен бүгінгі тарихындағы дамуына деген қызығушылықтарын арттыру.Оқушыларға Отанын сүюге,еліміздің меммлекеттік рәміздерін қастерлеуге Отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері,Туы,Елтаңбасы,Әнұраны,Н.Ә.Назарбаевтың суреті,нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:


-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?


-ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?


-Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіздер ме?


-Қазақстан туралы не білеміз?

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауын жариялады.

Қазақстанның тарихы туралы бейнетаспа

-Міне,оқушылар,біз өз елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алып-Тәуелсіз Қазақстан атанды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялады.Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек,мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дауына бірден-бір ықпал еткен фактор-Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев сындарлы саясатының арқасында экономикамыз дамып,елімізді күллі әлем тани бастады.Көк туымыз көкте желбірепбарлық қырынан бүкіл әлемге танылып келеміз.

Елбасының «Қазақстан-2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауы бойынша президенттің жалпы ұлттық идеясы-болашақ табыстардың негізі екені айтылды.Еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.


«Мәңгілік ел» идеясы –елімізді өз мақсатына талай өмір сынынан сүріндірмей болашаққа жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге апратын жол екені сөзсіз.

Елбасы жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. "Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп отыр.2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелелрін,білікті мамандар ұсыну маңызды.Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгеіне жеткізу керек.Мектеп түлектері қазақ,орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс ,-деп атап көрсетті.

Елбасы өз жолдауында –балаға,бала тәрбиесіне,болашағына көп көңіл бөліп отыр.Отбас,әке мен бала,бала мен ана мәселесіне- «Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция»екенінде үлкен мән жатыр.Мұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап,дамытуға бағытталған әрекеттердің бірі деуге болады.

Елбасы жолдауынад әлеуметтегі әйел адамның рөлі,оның келешегі жөнінде айтылған.Қыз баланы-ұлттық дәстүрде тәрбиелеп,құрметтеу керектігін,оны зорлық-зомбылықтан сақтау,заманға сай білім алып,кейінқызмет етуіне құқылы екендігі айтылады.баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету,олар үшін икемдіеңбек түрлерін қалыптастырып,кейде жұмыс ждасауларына жағдай туғызу керек екендігі туралы айтқаны бізді қуантты.

Білім-жлғары құндылықтардың бірі.Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына алады.Осыны ескере отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту,жетілдіру жоспарын құрып,көптеген мақсаттарды көздеп отыр.Олар инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту,оқыту әдістемелерін жаңғыру елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.Бүгінгі ұрпақ білімді болса,ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау,балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі,ауылдағы медициналық қызметкерлердің сапасын арттыру көзделген.

Елбасының әр жолдауы терең қайталанбас дүние.Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалады деген сенімдемін.



Бұл Жолдаудың іске асырылуы –Қазақстан Республикасыныңәлемінің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Өлеңдер оқылады.

«Тәуелсіз ел»

Тәуелсіз ел дүниеге келді

Егемендік иесі:мен деген сөз

Көптен бері естілмеген ерен сөз

Үкі тізгін,бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз

Егемендік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші,

«Егемендік» деген сөзден естілер

Басқа жұрттың арысы мен бергісі

Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын шашқан халқына.

Қазағы бостандығымның

Қажымас қайсар нар тұлға.

Ұшырдың алыс айға адам,

Халқымның мақсат арманын


Түсінер сіздей қайда адам?

Бес қару белге буынып,

Қол бастар көсем өзіңсің

Қаныңды қиып бересің

Қазақтың байтақ жері үшін.
Ән: Көктудың желбірегені (тыңдалады)

Қорытынды:


Жолдау туралы не түйдіңдер,осы айтылғана тарауларда не айтылмады?

Оқушыларға өз ойларын айтқызу

Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.Бұл бейбітшіліктің тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.

Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!-деген елбасымыздың қорытынды сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймын.