Файл: 8сынып аза дебиеті пнінде кркемдегіш ралдарды табу жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
8-сынып қазақ әдебиеті пәнінде көркемдегіш құралдарды табу жолдары
Мұрат Мөңкеұлының "Үш қиян" толғауында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ақын ашына сөз етеді. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұрадан айыра жаздағанын жазған.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/59851/Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» шығармасынан үзінді
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер...
...Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..
1. Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз
Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды | 2 | көркемдегіш құралдарды табады | 1 1 |
қолданысына талдау жасайды | 1 | ||
Бағалау критерийі | | Білім алушы | балы |
Шығармадан үзінді | Көркемдегіш құрал | Ережесі | Дәлел |
Ақ борықтай иілген, Кейінгі туған баланың | Теңеу | -тай сын е. тудырушы жұрнақ арқылы затты екінші бір затқа теңеу | Аппақ иілген сұлу қыздарды, ақ борықтай иілген затқа теңеп тұр |
Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін | Перифраз | Заттың атын тура атамау, бұрма атау | Ащы су- ішімдік |
Ақ борықтай | Эпитет | Заттың ерекше қасиеті | Жай борық емес, ақ борық |
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап, Жүзден-жүзден нар байлап, | Психологиялық параллелизм- егіздеу | Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу | Жылқы мен нарды мың-мыңнан, жүз –жүзден айдап байлаған қазақ елі көреміз. |
Шая ма деп жүрегін, Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін. Адыра қалғыр заманның Мен жаратпаймын сүреңін!.. | Иронияның ұлғайған түрі -сарказм | Сарказм (мысқыл) – масқаралау. Иронияның ұлғайған түрі. Бірақ иронияға қарағанда анағұрлым өткір, анағұрлым улы | Өткір тілмен келеңсіз жайттарды ашып айтып, уытты тілмен түйреп отыр. |
Жеті жұрт көшіп кеткен соң, Атамыз қазақ баласы Конып, мекен еткен жер. Мыңнан-мыңнан жылқы айдап, Жүзден-жүзден нар байлап, Дәулеті қалың біткен жер... | Гротекс | Тура мағынасында ақиқаттан алшақ кету болғанымен, өмірдегі болатын шындық жағдайды айрықша тапқырлықпен, есте қаларлықтай әсерлі етіп жеткізеді. | Жері бай, дәулеті асқан, шүбі шүйгін, малға жайлы ата қонысты әсерлі етіп жеткізіп тұр. |