Файл: Жарыласын Отарбаев атындаы орта мектебі ыса мерзімді (саба) жоспар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Сабақтың тақырыбы: Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi
Бөлім: | 8.3 В Электромагниттік құбылыстар | |||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Корпебаева Айжан | |||||||||||||||||||||
Күні: | 28.03.2023 жыл | |||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi | |||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру 8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Темір ұнтақтары мен магнит тілшелеріне магниттің әсерінің берілуінің қалай жүзеге асырылатынын түсіндіру. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім Бекіту Кері байланыс | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ширату жаттығуы: Бүгінгі сабақтың оқу мақсатын айқындау үшін физикалық диктант жазуды ұсынамын. Үй тапсырмасын тексеру «Физикалық диктант» әдісі 1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым) 2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі) 3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше) 4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік) 5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі) 6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер) Жаңа сабақ «Кемпірқосақ» (жеке жұмыс) -әдісі бойынша Жаңа сабақты оқушыларға кітаптағы үш тақырыпты бөліп беру. Әр оқушы берілген мәтінді оқиды, талқылайды, түсіндіреді, постерге түсіріп оны қорғайды. -Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. -Тогы бар шарғының магнит өрісі. -Электромагниттер 1.Тапсырма : Суретте бағдаршалармен электр тогының айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары көрсетілген. Өткізгіштегі токтың бағытын анықтаңыз. 2.Тапсырма:Қозғалыстағы зарядтарға ,яғни электр тогына не әрекет етеді?Эрстед тәжірибесін жасау 1.Магниттердің және ток жүріп тұрған өткізгіштердің өзара әрекеттесуінің себебін анықтау. 2.Магниттік өзара әрекеттесу күштерінің пайда болу себебін анықтау. 3.Тапсырма :Суретте тогы бар шарғы көрсетілген.Шарғыдағы магнит өрісінің қай жағында магнит өрісінің солтүстік полюсі орналасқанын анықта. Бағалау түрі: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды 4. Тапсырма: Сәйкестендіру әдісі. Осы өткен тақырыптағы негізгі ұғымдарды сәйкестентіру жасайды.
“3 таяқша” әдісі арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты білімдерін пысықтаймын. 3 таяқша ұсынамын. Біреуін таңдайды. Топта талқылайды. Сұрақ түссе сұрақ қояды. Т.с.с 1 сұрақ –білгім келеді. 1 жауап-білдім. 1 идея –білемін. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау 26-жаттығу ауызша жауаптар дайындап келу. | Оқушылар өткен сабаққа шолу жасап, физикалық диктант жұмысын орындайды Оқушы берілген мәтінді оқиды, түсіндіреді, постерге түсіріп оны қорғайды Оқушылар магнит өрісінің бағытын анықтайтын оң қол ережесімен танысады. Оқушылар токтың бағытын оң қол ережесін пайдаланып табуды меңгереді. Токтың бағытын анықтайды. Оқушылар бүгінгі сабақ сабақ бойынша негізгі ұғымдарды сәйкестентіру жасайды. Оқушылар өз ойларын ашық және еркін жеткізеді. | Бағалау критерийлері - Магнит әсерінен темір ұнтақтары мен магнит тілшелерінің берілуін түсіндіре алады. - Магнит өрісінің сипаттамасын сызбасын салып, түсіндіре біледі -Магнит өрісінің бар болуын өткізгіштен ток өткенде маңайында өріс бар екенін тәжірибе арқылы жеткізе біледі - Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын Соленоид арқылы ток өткенде байқалатынын анықтай алады Дескриптор: -Магниттердің қасиеттерін біледі. -Екі полюсі бар екенін көрсетеді. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Оң бұранда ережесін қолданады. Токтың бағытын анықтайды. Жалпа балл-4 Дескриптор: -Тәжірибенің мағынасын түсінді -Магниттік өзара әрекеттесу күштерінің пайда болу себебін біледі. Жалпы балл-3 Дескриптор -Ток күшінің бағытын анықтайды -Оң бұранда ережесін колданып,шарғының магнит өрісінің бағытын анықтайды. Жалпы балл-3 Дескриптор: -Сөйлемдерді жауаптармен толықтыра алды
Жалпы балл-3 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | Оқулық Слайд Физикалық диктант сұрақтары Магниттер магниттік тілше Ғаламтор Слайдтар 3 таяқша Сұрақтар оқулық |
Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттер және оларды қолдану.
№ 9 зертханалық жұмыс. «Электромагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау»
Бөлім: | 8.3 В Электромагниттік құбылыстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Корпебаева Айжан | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | 30.03.2023 жыл | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Электромагниттер және оларды қолдану. № 9 зертханалық жұмыс. «Электромагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.4.3.4 – жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Шарғының полюстарын дұрыс анықтауды үйрету | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім Бекіту Кері байланыс | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 1) Оқушылардың теориялық материалды қалай игергендігін тексеру үшін «физикалық диктант» және «сәйкестендіру» тапсырмасы беріледі. 1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым) 2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі) 3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше) 4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік) 5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі) 6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер) Оқушылар өзара және өзін- өзі тексереді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына кері байланыс жасайды. «Сәйкестендіру» тапсырмасы. Жеке жұмыс (I)
Зерттеу жүргізу. Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында зертханалық жұмыс жасайды. №9. Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу Мұғалім зертханалық жұмыс бойынша кері байланыс жасап, оқушылардың қорытындысына толықтырулар жасайды. 4) Сабақты бекіту. Жеке жұмыс (I) Оқушылар теориялық материалды және зерттеу нәтижесін қолдану дағдысын дамыту үшін физикалық диктант орындайды 1.................... ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап жатады. (соленоид) 2.Күш сызықтары шарғының ...................... полюсі жағынан шығып, ................ полюсі жағына кіреді. (солтүстік, оңтүстік) 3.Шарғының екінші жағы .......................... полюс болады, бұл жерде ток орам бойымен ......................... бағытымен ағады. (оңтүстік, сағат тілі) 4.Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы .................... деп, ал шарғыға оралған сымдар .......................................................... деп аталады. (электромагнит, электромагниттің орамасы) 5. Электромагнитті көбіне .................... тәрізді етіп жасайды.(таға) 6.Электромагниттер көтергіш крандарда, ........................................, .............................., қолданылады. ( телеграфта, телефонда Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау §55, 25 – жаттығу | Оқушылар теориялық материалды игеруін тексеру үшін «физикалық диктант» және «сәйкестендіру» тапсырмаларын орындайды Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту барысында 9-шы зертханалық жұмысты орындайды. Жұмысқа қажет құралдарды таңдап алып, тізбекті жинай алады Оқушылар өз ойларын ашық және еркін жеткізеді. | Бағалау критерийлері -Тізбекті дұрыс құрастырады. -Шарғының полюстарын дұрыс анықтайды. -Шарғының магниттік әсері шарғының орам санына қалай тәуелді екенін біледі. -Шарғының магниттік әсері ток күшіне калай тәуелді екенін біледі. -Шарғының магниттік әсері өзекшеге қалай тәуелді екенін біледі. Дескриптор: -Магнит оның қасиеттері мен полюстары туралы біледі. -Тұрақты магнитті біледі. -Магнит өрісінің күш сызықтарын сипаттайды. Жалпы балл-4 Дескриптор: -Оқушылар тізбекті дұрыс құрастырады. -Шарғының полюстарын дұрыс анықтайды. -Шарғының магниттік әсері шарғының орам санына қалай тәуелді екенін біледі. Жалпы балл-6 Дескриптор: -Шарғының магниттік әсері ток күшіне калай тәуелді екенін біледі. -Шарғының магниттік әсері өзекшеге қалай тәуелді екенін біледі. Жалпы балл-4 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 14 балл | Оқулық Слайд |
30.03.2023 жыл
№ 9 жұмыс.
Электромагнитті жинау және оның әрекетін тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Электромагниттің негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:
-
Ток көзін, шарғыны, реостаты, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. ( 198 – сурет) -
Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғының магнит полистерін анықтаңдар. -
Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар. -
Шарғыға темір өзекті енгізіңдер. -
Электромагниттің магнит тілшеге әрекетін бақылаңдар. -
Қорытынды жасаңдар.
Жұмысты орындау.
1.Электр тізбегін жинап,тізбекті тұйықтап магнит тілше арқылы, шарғының полюсін анықтау үшін тілшенің оңтүстік полюсіне ток көзінің теріс полюсіне жалғанған шарғының ұшын жақындатамыз. Олар тартылады, шарғының ұшы солтүстік полюс болып табылады.
2.Магнит тілшені шарғыдан қашықтатып, шарғыға темір өзекше енгіземіз. Электромагнит магнит тілшеге тартылады.
Қорытынды: Магнит тілше арқылы токқа жалғанған шарғының полюстерін анықтауға болады. Темір өзек енгізу магнит өрісін күшейтіп, магнит тілшемен әрекеттесу қашықтықтан байқалады.
30.03.2023 жыл
№ 9 жұмыс.
Электромагнитті жинау және оның әрекетін тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Электромагниттің негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.
Жұмыс барысы:
-
Ток көзін, шарғыны, реостаты, кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар. ( 198 – сурет) -
Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғының магнит полистерін анықтаңдар. -
Магнит тілшені шарғының магнит өрісінің оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыңдар. -
Шарғыға темір өзекті енгізіңдер. -
Электромагниттің магнит тілшеге әрекетін бақылаңдар. -
Қорытынды жасаңдар.
Жұмысты орындау.
1.Электр тізбегін жинап,тізбекті тұйықтап магнит тілше арқылы, шарғының полюсін анықтау үшін тілшенің оңтүстік полюсіне ток көзінің теріс полюсіне жалғанған шарғының ұшын жақындатамыз. Олар тартылады, шарғының ұшы солтүстік полюс болып табылады.
2.Магнит тілшені шарғыдан қашықтатып, шарғыға темір өзекше енгіземіз. Электромагнит магнит тілшеге тартылады.
Қорытынды: Магнит тілше арқылы токқа жалғанған шарғының полюстерін анықтауға болады. Темір өзек енгізу магнит өрісін күшейтіп, магнит тілшемен әрекеттесу қашықтықтан байқалады.