Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы анды жасанды жолмен тазарту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 19
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: « Қанды жасанды жолмен тазарту ».
Бөлім: | 10.2 Бөліп шығару |
Мұғалімнің аты-жөні: | Сапарова Айнур Байрамбековна |
Күні: | 10.02.2023 ж. |
Сыныбы: 10 «В» | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қанды жасанды жолмен тазарту |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 10.1.5.3 – диализ механизмін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар үшін: Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазартуды біледі. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | | ||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин | 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. - Саламатсыздар ма, балалар? - Саламатсыз ба, мұғалім Психологиялық жағымды ахуал орнату үшін әр елдің амандасу стилімен бір-бірімен амандасу. | | ||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру 7 мин | Алдыңғы тақырып бойынша оқушылардан үй жұмысы «Ақиқат – жалған» әдісі арқылы сұралады. Антидиуретикалық гормонның ағзадағы су алмасуды реттеудегі маңызын төмендегі ақпараттар бойынша бағалау.
| | ||||||||||||||||||
Жаңа сабаққа кіріспе 15 мин | Жаңа тақырыпты ашу үшін Case study Case study әдісі арқылы оқушылар жағдаяттық тапсырманы шешеді. Бүйректер ағзада қанды үздіксіз тазартып отырады. Егер бұл үдеріс бұзылса немесе тоқтайтын болса, оның қауіпті салдары аз уақыттың ішінде байқалады. Ағзада орташа есеппен 5 л қан болады. Ал плазма қанның жалпы көлемінің 55%-ын құрайтынын еске түсірсек, онда қанның бүкіл сұйық бөлігі әр жарты сағат сайын бүйректерде сүзілетіні түсінікті. Демек, бүйректер өз қызметін толық тоқтататын болса, онда алғашқы 30 минуттың ішінде оның кері салдары байқалады. Бүйректің өз қызметін атқара алмауы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі деп аталады. Гемодиализ – ағзада бүйректердің қатысынсыз қанды тазарту әдісі. Бүйректер қызметін жартылай немесе толық тоқтатқан кезде диализ процедурасы қолданылады. Диализдің әсер ету принципі осмос және диффузия заңдарына негізделген. Диализдің негізгі екі әдісі бар, соларды нақты қарастырайық. Перитонеальды гемодиализ – сүзетін мембрана рөлін адамның өз ішпердесі атқаратын әдіс. Жасанды бүйрек әдісі – гемодиализдің басқа бір әдісі. Бұл жағдайда пациенттің қаны ағзадан тыс тазартылады. Жасанды бүйрек әдісі перитонеальды гемодиализге қарағанда тиімді. Бұл әдісте қан едәуір сапалы тазартылады. Осы әдіс көптеген адамға өмірін ұзартуға мүмкіндік берді. | | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин | 1 тапсырма. «Сәттілік шеңбері» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беретін оқушыны таңдаймыз. Шеңбердің нұсқаушысы кімнің есімін көрсетсе сол оқушы жауап беретін болады. 1. Диализге анықтама беріңіз. ( Диализ дегеніміз қанды жасанды жолмен тазарту емдеу шарасы.) 2. Қан дегеніміз не? ( Қан-ағзадағы сұйық ортаның бірі.) 3. Қанның қызметі қандай? ( Қан ағзадағы заттарды тасымалдайды) 4. Адам денесінде неше литр қан болады? ( Адам денесінде шамамен 5 литрдей қан болады.) 5. Диализдің қандай әдістері бар? ( Диализдің 2 әдісі бар: перитонеальды гемодиализ және жасанды бүйрек әдісі.) 6. Диализді қандай жағдайда қолданады? ( Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі кезінде қолданады.) 7. Диализдің әсер ету принципі қандай заңдарға негізделген? ( Диализдің әсер ету принциптері диффузия және осмос заңдарына негізделген.) 2 тапсырма. Сабақты бекіту мақсатында оқушылармен «Socrative » платформасында тестілеу ойнатылады ойналады. | | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Ұстазға хат »: Бағалау -Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау Үй тапсырмасы: -§22 тақырып соңындағы сұрақтарға қысқаша жауап беру | | ||||||||||||||||||
| | | ||||||||||||||||||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | | |||||||||||||||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | |