ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сыныбы | 8 |
Пән мұғалімі | Торекулова Н |
Сабақтың тақырыбы | Түркі халқының даңқты күрескері – Мұстафа Шоқай |
Сабақтың мақсаттары | М. Шоқайдың естеліктері негізінде азаматтық тұлғасына баға беру, шетелдік эмиграциядағы саяси қызметін талдау |
Бағалау критерийі |
|
| Іс –әрекет түрі | Ресурс | ||||
Үй тапсырмасына шолу | Оқушылардың дайындаған презентацияларын қарап шығу | Ноутбук (планшет, ұялы телефон) | ||||
Жаңа тақырып | Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келді. Отбасында бес ағайынды еді. Бала кезінен оқу-білімге құштар болды. Мұстафаның сауат ашуына үйде сақталған ескі қолжазбалар түрткі болыпты. Атасы Торғай датқа Сырдария болысын басқарған кезде, кітап жинауды әдет еткен. Әкесі Шоқай болса, өз ортасына сыйлы, қара қылды қақ жаратын би болған. Бес баласын бірдей оқытса да, ерекше ұғымтал, зерек Мұстафаның орысша білім алуын қалап, Перовскідегі орыс мектебіне жібереді. Кейін Мұстафа Шоқай Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. Аз уақыттың ішінде қатарластарынан оқ бойы озып шығады. Осыдан кейін Санкт-Петербургтегі императорлық университетке заңгерлерді даярлайтын факультетке түседі. Бұл сол замандағы ең үздік оқу орындарының бірі болатын. Бірнеше тілді жетік меңгереді. Мұстафа Шоқай саясатқа қалай келді?Мұстафа Шоқай саясатқа Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген кезде араласа бастады. Университет қабырғасында жүріп, Шоқай баспасөз бетінде патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына қарсы үндеу жариялайды. Бұл үндеуге қазақ, башқұрт, татар және өзбек студенттері қол қойған. Петерборда Мұстафа Шоқай ұлттық мұсылман қозғалысының өкілдерімен танысады. Мұстафаның үлкен саясатқа араласуына ықпал еткен бірден бір адам Әлихан Бөкейханов еді. Бөкейхановты Шоқайдың саяси ұстазы деуге де болады. Ол Мұстафаның бойындағы қажыр-қайраты мен ұлтжандылығын байқап, жас Шоқайды сол кезде Петербордағы саясаткерлермен, қоғам қайраткерлерімен, мемлекеттік Дума депутаттарымен, оқымысты ғалымдармен және жазушылармен таныстырды. Мұстафаны Ресей мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған да Әлихан болатын. 1917 жылғы революция нәтижесінде патша өкіметінің құлауы Мұстафа Шоқай үшін үлкен қуаныш еді. Ол түркі халықтары сол төңкеріс кезінде Ресей бодандығынан құтылып, автономия алады деп үміттенді. Алайда 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартты. Сөйтіп, өлкедегі барлық билік еуропалық нәсілділерден құралған Түркістан халық комиссарлары кеңесіне көшеді деген қаулы қабылдады. Мұстафа Шоқай мұны барып тұрған әділетсіздік деп бағалады. Түркістан үшін от кешкен күрескерОсыдан кейін Мұстафа Шоқай бастаған мұсылмандар қозғалысының өкілдері шұғыл жиналып, төтенше съезд өткізді. Съезд шешімімен құрылған Түркістан-Қоқан автономиясының 54 адамнан тұратын уақытша халық кеңесінің құрамына сайланды. Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметтің төрағасы Мұхамеджан Тынышпаев қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына Шоқай сайланды. Мұстафа Шоқай автономияны сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай автономияның ғұмыры ұзаққа созылмады. Мұстафа Шоқай Қоқанда алғашқы парламенттік сайлауын өткізгісі келген. Бірақ, қолдаушылары аз болып, бұл ойы іске аспай қалды. 1918 жылдың ақпанында Кеңес үкіметінің әскери жасағы Түркістан автономиясын күшпен таратты. Үш күннің ішінде көне қаланың күлі көкке ұшты. Большевиктердің осы қатыгездігіне қарсы "басмашылар" аталып кеткен ұлт-азаттық партизан қозғалысы құрылды. Кеңес өкіметі басмашыларды тек отызыншы жылдары ғана біржолата құртады. Ал Мұстафа Шоқай осы кезде Ташкентке қашып, аман қалды. Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өміріТүркістан автономиясы құлағаннан кейін, Шоқайды ұстау үшін Кеңес өкіметі оның басына бір миллион рубль тігеді. Мұстафа қашып жүріп, Ташкентке барады. Одан кейін Бакуге, кейін Тбилисиге келеді. Тбилиси кеңес үкіметінің қолына өткен соң, Түркияға барып бас сауғалайды. Бірақ түрік елінде тұрақтап қала алмайды. Ақыры Франция астанасы Парижден бір-ақ шығады. Мұстафа Шоқай 21 жыл бойы Еуропада эмиграцияда жүреді. Жан-тәнімен жақсы көретін туған елін тастап кету қайраткерге оңай соқпағаны анық. Елінен жырақта жүрсе де, қазақтың бостандығы үшін күресіп өткен. Еуропада жүріп, бүкіл әлем назарын Түркістан проблемасына аударды. Туған елі мен Түркістандағы жақтастарымен байланысын үзбей, үнемі хат алысып тұрды. Публицистік қырынан танылды. Өз күшімен шетелде "Яш Түркістан" журналын шығарды. Түрлі басылымдарда саяси мақалалары басылды. Германия, Англия, Франция секілді ірі елдердің саяси мінберінен сөз сөйлеп, түркі халқының кеңестік кертартпа саясаттан кесапат көріп отырғанын ашына айтты. Мұстафаның қайраткерлік абырой-атағы мұхит асып, тіпті АҚШ-қа жетті. Америкалықтар да оны бірнеше рет шақырып, саяси алаң ұсынған. Алайда оның ақшасы болмай, Америкаға жолы түспеді. 1925 жылы Парижде өткен "ЭКСПО" көрмесі кезінде Мұстафа Шоқай Әміре Қашаубаевпен кездеседі. Осы сапардан кейін НКВД қызметкерлері талантты әншінің қыр соңына түсіп, сұрақтың астына алады. Осылайша басталған тергеу ақыры тоғыз жылға созылған. Бүгінде Мұстафа Шоқайдың еңбектерінің біразы Франциядағы кітапханада сақтаулы. Шоқайдың еңбектерін зерттеуге қазақстандық ғалымдар ғана емес, шетелдіктер де көп келетін көрінеді. Мұстафа Шоқай деген еді...
| https://sputnik.kz/spravka/20191213/12269272/Mustafa-Shoqai-omirbaian.html | ||||
Орында | Кестені толты:
| Интернет ресурстар | ||||
Рефлексия | Білмеймін ....... Білемін ..... Түсінемін ..... Түсінемін және қолдана аламын .... Басқа біреуді үйрете аламын .... | |