Файл: Саыраулаты ауыздытарда не таайындайды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ «А» витаминінің жетіспеушілігі,

@@ Стрептококктық езулік (заед*   

@@  Берішті шанкр

@@ Лейкоплакия

@@ Кандидоз

{@C@}

{

1}

Жасы 35 тегі ер адам төменгі ернінде тілік пайда болғанына  және ұзақ  жазылмайтындығына  шағымданады. Қарап тексергенде төменгі ернінде  терең тілік, сипап байқағанда ауырмайды, негізі шеміршек тығыздығындай қаттылау. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығызданған, сипап тексергенде ауырмайды.

Диагноз қою үшін төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады? 

@@ Бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау

@@ Лимфоциттердің бласттрансформациялану реакциясы

@@ Пассивті гемаглютинациялану реакциясы

@@ Лейкоциттердің агломерациялану реакциясы

@@ Лейкоцитолиз реакциясы

{@A@}

{1}

69 жастағы ер адам төменгі ерініндегі ұзақ уақыттан бері жазылмайтын жараға шағымдана келді. Ертеректе осындай эрозия төменгі ерінінің басқа бөлігінде пайда болып, ұзақ уақыттан кейін жазылған. Қарап тексергенде:төменгі ерінінің жиегі жұқарған, сол жағында – ашық қызыл түсті, сопақша пішінді эрозия анықталды. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі жұмсақ.


Осы сипаттамаға алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Актиндік хейлит

@@ Лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі

@@ Жүйелі қызыл жегінің эрозиялы-жаралы түрі

@@ Абразивті преканцерозды Манганотти хейлиті

@@ Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрі

{@D@}

{1}

40 жастағы әйел адам тілінің ауыратындығына, әсіресе ас қабылдағанда және сөйлегенде күшейе түсетіндігіне, соңғы бір ай көлемінде кешкісін дене қызуы 370 көтерілетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: дене бітімі гипостениялық. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Тілінің үстінде – жиектері жұлымдалған, жұмсақ, табанында – сарғыш, дәнді қақ бар жара анықталды. Сипап тексергенде ауырады.


Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы осы аурудың дамуына НЕҒҰРЛЫМ себепкер болады?

@@ Қарапайым герпес вирусы

@@ Кох микобактериясы

@@  Бозғылт трепонема

@@ Венсан спирохетасы

@@ Фузобактериялар

{@C@}

{1}

Жасы 45-тегі ер адам таңдайына жара шыққанына, тағам шайнатпай ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: қатты таңдайынының кілегей қабығында жиегі жұмсақ, бірақ тегіс емес жырымдалған, қатты ауыратын шағын аумақты жара анықталды. Табанында ірімшікке ұқсас сары түсті денешіктер байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады?

@@ Биопсия

@@ Жалпы қан анализі

@@  Өкпесіне флюрография жасау

@@ Люминесценттік диагностика

@@ Иммунологиялық зерттеу

{@C@}

{1}

45 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа протездеу мақсатымен келген. Өзін жалпы денім сау деп есептейді. Объективті тексергенде: бетінің терісі боз, беті ісінген. Еріндері, мұрны, жоғарғы қабақтары ісінген. Ауыз қуысының кілегей қабығы бозғылт.Тілі ісінген, тістердің іздері қалған. Пациенттің қимылы сылбыр, баяу.

Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал:

@@ Гипотиреоз

@@ Қант диабеті

@@ Созылмалы пиелонефрит

@@ Темір жетіспеушілік анемиясы

@@ Созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

{@A@}

{1}

39 жастағы әйел адам ауызындағы күю сезіміне, дәм сезудің төмендегеніне шағымданады. Соңғы уақытта тез ашуланатынын, тершеңдігін, ентігетінін тез шаршайтындығын айтады. Қарап тексергенде: бет және қол терісі дымқыл. Ауыздың кілегей қабығы боз, ісінген. Жоғарғы алдыңғы тістерінің вестибулярлы бетінде – тегіс сопақ пішінді табаны тығыз пигменттелген ақаулар анықталды.

Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал:

@@ Қант диабеті

@@ Тиреотоксикоз

@@ Өкпе туберкулезі

@@ В12 жетіспеушілік анемиясы

@@ Созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

{@B@}

{1}

Жасы 55-тегі әйел ауыз ішінің қатты ауыратындығына, тағам қабылдағанда күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: аса өзгеріске ұшырай қоймаған қатты таңдайдың, таңдай иектерінің кілегей қабығы бетінде үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде жабынды эпителий үзіктері сақталған. Үзіктерді пинцетпен қысып тартса біраз аумаққа сыдырылады және өзгере қоймаған аймақты доғал аспаппен үйкелесе күлбіреуік пайда болады.


Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Тұрпайы күлбіреуікше

@@ Буллезді пемфигоид

@@ Күлбіреуік-қантамыр синдромы

@@ Көптүрлі жалқықты эритема

@@ Созылмалы қайталамалы герпес

{@A@}

{1}

Жасы 57-дегі әйел ауыз ішіндегі ауыру сезіміне, терілеріне сулы бөрткендер шығып жарылатынына, жалпылай әлсізденуіне, тәбетінің төмендегеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы екі жақ ауыспалы қатпарында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде эпителий үзіктері сақталған. Жауырын мен бел терілерінде де серозды жалқықты әлі жарылмаған күлбіреуік бөрткендер анықталды.


Осы сипаттамаға төменде келтірілген симптомдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Куперман симптомы

@@ Поспелов симптомы

@@  Никольский симптомы

@@ Бабинский симптомы

@@   Шелли симптомы

{@C@}

{1}

Жасы 18-дегі қыз төменгі ернінің құрғақтығына және кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінде жұқа ақшыл-сұр қабыршақтар байқалады және олар Клейн белдеуінен ерін жиегінің орта бөлігі аралығында жіңішке жолақ түрінде екі езуге созыла орналасқан.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Еріннің экземалы қабынуы

@@ Еріннің атопиялық қабынуы

@@ Еріннің гландулярлы қабынуы

@@ Еріннің эксфолиативті қабынуы

@@ Еріннің актиндік қабынуы

{@D@}

{1}

Кандидоздық езулікке ТӘН ЕМЕС клиникалық белгіні көрсетіңіз:

@@  Ауыру сезімі

@@  Күю сезімі

@@ Аздап дымқылданған эрозия

@@ Қызарып ісінген

@@ Жұмсақ сұр қабықша

{@D@}

{1}

Жасы 20-дағы қыз төменгі ернінің сыздап және ысып-күйіп ауыратынына, еріндерін бір-біріне жақындатқанда күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі қызарып домбыққан, бетінде екі езуге созыла жақындап сары-қоңыр түсті қалың қабықша салбырай орналасқан. Ерін терісі өзгеріске ұшырай қоймаған.


Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Еріннің атопиялық қабынуы

@@ Еріннің экземалық қабынуы

@@ Еріннің грандулярлы қабынуы

@@ Еріннің аллергиялы қабынуы

@@  Еріннің эксфолиативті қабынуы

{@D@}

{1}

Жасы 48-дегі ер адам дәрігер-стоматологқа төменгі ернінде белгісіз құрылымның пайда болғанына шағымдана келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінің оң жақ бөлігінде диаметрі 1см жарты шарға ұқсас құрылым анықталады. Консистенциясы сәл тығыздау, төңірегіндегі тіндерден біраз көтеріңкі бетінде сүйелге ұқсас ұсақ өсіктер бар. Сипап тексергенде ауырмайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Папилома

@@ Терімүйіз

@@ Кератоаканома

@@ Сүйелге ұқсас обыралды ісік

@@ Обыралды шектеулі гиперкератоз

{@D@}

{1}

Жасы 50-дегі ер адам төменгі ернінің кілегей қабығының екі езуге жақын аймағының тырысып, құрғап мазалайтынына, кедір-бұдырлық сезетініне шағымданады. 20жыл шамасында шылым шегеді және өте жиі шегеді. Қарап тексергенде: екі езуге жақын орналасқан кілегей қабық күңгірттенген, ақшыл-сұр түстенген. Жарақат ошақтарының пішіндері үшбұрышқа ұқсас, беттері жазық және тегіс, консистенциясы жұмсақтау. Қырып байқағанда беті алынбайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріске ұшырамаған. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы

@@ Лейкоплакия,жазық түрі

@@ Қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

@@ Қызыл жегі, әдетті түрі

@@ Боуэн ауруы

{@B@}

{1}

Жасы 56-дағы ер адам тілінің ауыратынына, қозғау қиындағанына шағымданады. Бойында созылмалы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: ауыз іші сауықтырылмаған. 35,36, тістерінің сауыттары бұзылып, өткір қырлар пайда болған. Тілдің сол жақ бүйір бетінде осы тістерге жақын аймағында аумағы 0.5*    0.7см дұрыс пішінсіз ойық жара анықталды,табаны тегіс емес, өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда ауырады, жиегі аздап тығызданған. Төңірегіндегі тіндер іркіле-қызарған. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Лейкоплакия эрозиялы-жаралы түрі

@@ Милиарлы-жаралы туберкулез

@@ Созылмалы зақымдану жарасы

@@ Трофикалық жара

@@ Обыр жарасы

{@C@}

{1}

23 жастағы бойжеткен ұртының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады.Толқығанда ұртын тістейтін әдеті бар екен. Қарап тексергенде: ұртында тістердің түйісу сызығының бойы – ақшыл түсті, бос, иректелген. Шпательмен қырғанда қақ жартылай алынады. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Қызыл жегі

@@ А витаминінің жетіспеушілігі

@@ Жұмсақ лейкоплакия

@@ Қызыл жалпақ теміреткі

@@ Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

{@C@}

{1}

48 жастағы әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір-бұдырына және ысып-күюіне шағымданады. 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсациялық түрімен диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің бетінде және ұртының шырышты қабатында қақ және ақ түстес табақша бар. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.


Төмендегі берілген алдын – ала диагноздың қайсысы осы аталған ауруға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ кандидоз

@@ лейкоплакия

@@ қызыл жегі

@@ екіншілік мерез.

@@ созылмалы механикалық жарақат

{@A@}

{1}

48 жастағы келіншек тілінің бүйір беттерінің бұдырлығына және күйіп- қызып ауыратындығына шағымданады. 4 жыл бойы қант диабеті бойынша дәрігер- эндокринологта диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің арқасында оң жақ ұртының шырышты қабатында ақ түстес қақ және тоға  табақша бар. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.


Төмендегі берілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?

@@ биопсия

@@ жалпы қан анализі

@@ иммунологиялық тексеру

@@ серологиялық тексеру

@@ қырманы микроскоппен тексеру

{@E@}

{1}

Жасы 52-дегі әйел екі ұрттының  ас қабылдағанда ашып ауыратынына, ащы, қышқыл тағамдар қабылдау қиындағанына шағымданады. Ауыру сезімі 2-3 айдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: екі ұртының артқы бөліктерінде 36,37,46,47,тістер деңгейінде әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, беттері ақшыл-сарылау түсті фибринді қақпен жабылған, оңай ашылады, эрозия беті ашылып, қатты қанайды. Эрозиялар аралықтарында және төңіректерінде  диаметрі 2-3мм түйіншектер (папулалар) топтаса өрнек құрай орналасқан. Аймақтық лимфа түйіндері аздап ұлғайған, ауырады.


Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Лейкоплакия

@@ Қызыл жегі

@@  Буллезді пемфигоид

@@ Қызыл жалпақ теміреткі

@@ Созылмалы механикалық зақым

{@D@}

{1}

Жасы 65-тегі ер адам, құрғақтығына  ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның 3/2 бөлігі резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл  түсті жабынды эпителий жұқарған.


Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

@@ Глоссалгия

@@ Тілдің түлей қабынуы

@@ Тілдің атрофиялана қабынуы

@@ Гунтер-Миллер глосситі

@@ Тілдің аллеогиялық қабынуы

{@D@}

{1}

Жасы 67-тегі ер адам тілінің құрғауына,  ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның  бөлігі қатерлі ісікпен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл  түсті жабынды эпителий жұқарған.


Төмендегі қай витаминдердің жетіспеушілігі осы патологияның туындауына НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

@@ «А»

@@ «Е»

@@ «С»

@@ « РР»

@@ « В12»

{@E@}

{1}

 

Қай витаминнің жетіспеушілігіне кілегей қабықтың және терінің құрғақтығы, гипосаливация, мүйізгектенудің жоғарылауы НЕҒҰРЛЫМ тән:

@@ А витамині

@@ В1 витамині

@@ РР витамині

@@ Е витамині

@@ В12 витамині

{@B@}

{1}

Созылмалы қайталамалы герпестік инфекцияны кешенді емдеудің негізгі мақсаты:

@@ Қайталануының алдын алу;

@@  Вирустың көзін жою;

@@ Десенсибилизациялау;

@@ Ауру сезімін басу;

@@ Қабынуды тежеу.

{@A@}

{1}

Дәрігер – стоматолог ауыз ішіндегі жарақат ошағына антисептикалық өңдеу жүргізгеннен кейін госсиполдың 0,5% жақпа-майымен аппликат (бастырм*    қойды. Қандай ауруға жергілікті ем жүргізілді:

@@ Мерезге;

@@ Созылмалы кандидозға;

@@ Зақымдану жарасына;

@@ Миллиарлы-жаралы туберкулезге;

@@  Ауыздың қайталама герпестік қабынуына.

{@E@}

{1}

Көп түрлі жалқықты қызарманың екі түрін (токсико-аллергиялық және инфекциялы-аллергиялық) қандай қағидаға сүйеніп ажыратқан:

@@ Клиникалық белгілеріне;

@@ Ағымына;

@@ Этиологиялық факторларға;

@@ Бөрткендер ерекшелігіне;

@@  Патогистологиялық өзгерістерге.

{@C@}

{1}

Көп түрлі жалқықты қызарма кезінде арнаулы дәрілермен спецификалық десенсибилизациялаушы әсер етеді. Қажетті емдік препаратты атаңыз:

@@ Супрастин;

@@ Товегил;

@@ Димедрол;

@@ гистаглобулин;

@@  Фенкарол.

{@D@}

{1}

Қатерлі ағымды ауру кезінде күлбіреуік бөрткендер қабынуысыз жабынды эпителийдің тікенекті қабатында акантолиздену үрдісінің нәтижесінде дамиды. Бұл қандай ауру:

@@ Қызыл жалпақ теміреткі, беллезді түрі;

@@ Лайел синдромы;

@@ Белдеме теміреткі;

@@ Буллезді пемфигоид;

@@ Күлбіреуікше.

{@E@}

{1}

Ауыз қуысында мерездің дифференциалды диагностикасы жүргізіледі:

@@ қызыл жалпақ теміреткі, десквамативті глоссит

@@ глоссалгия

@@ үшкіл нервтің невралгиясы

@@ қызыл жалпақ теміреткі, глоссалгия

@@ дұрыс жауабы жоқ

{@A@}

{1}

Мерездің инкубациялық кезеңі:

@@ 3-6 апта

@@ 7-10 күн

@@ 14-17 күн

@@ 21-28 күн

@@ 1 жыл

{@A@}

{1}

Ауыз қуысының шырышты қабығындағы біріншілік мерез келесі түрде көрінеді:

@@ қатты шанкр

@@ папулярлы сифилид

@@ гумма

@@ дақты сифилид

@@ дұрыс жауабы жоқ

{@A@}

{1}

Ауыз қуысының шырышты қабатындағы екіншілік мерез келесі түрде көрінеді:

@@ папулярлы сифилид

@@ қатты шанкр

@@ гумма

@@ дақты сифилид

@@ дұрыс жауабы жоқ

{@A@}

{1}

Сифилис инфекциясының берілу жолдары:

@@ жыныстық

@@ трансверсальді

@@ ауа-тамшылы

@@ алиментарлы

@@ дұрыс жауабы жоқ

{@A@}

{1}

Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы – қандай ауру?

@@ вирустық

@@ аллергиялық

@@ саңырауқұлақтық

@@ бактериялық

@@ аутоиммунды

{@A@}

{1}

АИТВ инфекциясының инкубациялық кезеңі:

@@ 3-тен 12 сағатқа дейін

@@ 3-12 күн

@@ 3-12 апта

@@ 3 айдан 12 айға дейін

@@ 3 жастан 12 жасқа дейін

{@D@}

{1}

АИТВ инфекциясымен анық байланысты ауру:

@@ жалпақ лейкоплакия

@@ түкті лейкоплакия

@@ веррукозды лейкоплакия

@@ эрозиялық лейкоплакия

@@ Таппейнер лейкоплакиясы

{@B@}

{1}

АИТВ инфекциясымен анық байланысты:

@@ Манганотга хейлиті

@@ Ходжкин лимфомасы

@@ Квинке ісінуі

@@ Капоши саркомасы

@@ Милкерсон-Розенталь синдромы

{@D@}

{1}

АИТВ-инфекциясымен бірге жүретін ауыз қуысының маркер ауруы:

@@ жалпақ теміреткі

@@ созылмалы қайталанатын афтозды стоматит

@@ созылмалы қайталанатын герпетикалық стоматит

@@ көп пішінді экссудативті эритема

@@ глоссалгия

{@C@}

{1}

АИТВ жұқтырған науқасты емдеу кезінде тіс дәрігері мыналарды қолданбауы керек:

@@ жоғары жылдамдықты ұштықты

@@ механикалық бормашинаны

@@ слюноотсосты

@@ Апекс локаторды

@@ дұрыс жауабы жоқ

{@A@}

{1}