Файл: 1. оянды (Ботов) жрменкесі жмыс істеген уаыт А) 18321827 ж ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Қоянды (Ботов) жәрменкесі жұмыс істеген уақыт:
А) 1832-1827 ж.ж
В) 1862-1915 ж.ж
С) 1841-1905 ж.ж
Д) 1848-1930 ж.ж
2. 1833 жылы ашылған кен орны:
А) Доссор
В) Қарағанды
С) Зырян
Д) Атбасар
3. ХІХ. ғ.қазақ жұмысшыларына қатысты дискриминация туралы жазған
А) Т.Аткинсон
В) А.Левшин
С) Ә.Диваев
Д) М.Красовский
4. 1838 жылы шілде Исатай бастаған көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші болған жер
А) Бозашы
В) Тастөбе
С) Ақбұлақ
Д) Жамансай
5. Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына жасаған экспедициясының нәтижесі:
А) Орыс географиялық қоғамына мүше болды
В) Орта Азияның картасын жасады
С) «Манас» жырын жазып алды
Д) Шығыс Түркістаннның картасын жасады
6. 1868 жылы Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысымен қабылданған ереже:
А) «Сібір қазақтары туралы ереже»
В) «Дала облыстарын басқару туралы ереже»
С) «Орынбор қазақтары туралы ереже»
Д) «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы ереже»
7. «Қалқаман мамыр», «Еңлік Кебек» поэмаларын жазған ұлттық әдебиеттің белгілі өкілі:
А) Ж.Аймауытұлы
В) А.Байтұрсынұлы
С) Ш.Құдайбердіұлы
Д) М.Дулатұлы
8. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр:
А) Бұхарбай
В) Сырым
С) Есет
Д) Жанқожа
9. 1734 жылы Ресейден қазақ даласына аттанған экспедиция басшысы:
А) В.Чередов
В) И.Бухгольц
С) А.Тевкелев
Д ) И.Кирилов
10. Кіші жүзді 1748-1786 жылдары билеген хан
А) Әбілқайыр
В) Нұралы
С) Ералы
Д) Есім
11. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс оқиғаларын болу ретімен қойыңыз:
1) Хан кеңесінің құрылуы 2) Елек қорғанысына шабуыл 3) Нұралы ханның хандықтан түсірілуі 4) Орал шекара шебіне шабуыл
А) 2.4.3.1
В) 2.4.1.3
С) 4.3.2.1
Д) 3.4.2.1
12. ХVІІІ ғасырдың соңында сәтсіздікке ұшыраған реформа:
А) «Сырдария,Жетісу облыстарын басқару туралы Уақытша ереже»
В) «Сібір қырғыздары туралы жарғы»
С) Игельстром реформасы
Д) Столыпиннің аграрлық реформасы
13. Орыс әскерлерін басқарған ,1864 жылы Түркістанды басып алған полковник:
А) Ф.Шубин
В)М.Черняев
С) Г.Колпаковский
Д) В.Перовский
14. Абай Құнанбайұлының орыстың ақыны А.С.Пушкиннен аударған шығармасы:
А)«Евгений Онегин»
В) «Демон»
С) «Қанжар»
Д) «Жалау»
15. 1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс:
А) Тойшыбек
В)Ақмешіт
С) Верный
Д) Қапал
16. Абай Құнанбайұлының алғашқы шығармалар жинағы ресми баспадан шықты:
А)1909 жылы
В)1908 жылы
С)1907 жылы
Д)1906 жылы
17. «Түрмеден қашқан», «Кішкентай» күйлерінің авторы:
А) Дәулеткерей Шығайұлы,
В) Тәттімбет Қазанқапұлы
С) Ықылас Дүкенұлы
Д)Құрманғазы Сағырбайұлы
18. Реформаларды өткізілген уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1) «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» 2) Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» 3) «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» 4) «Сібір қырғыздары туралы жарғы»
А) 4.1.2.3
В) 3.2.1.4
С) 2.4.3.1
Д) 4.2.3.1
19. 1867-1868 жылдары құрылған генерал-губернаторлықтарды атаңыз:
А) Орал,Сібір,Жетісу
В) Орынбор,Батыс Сібір,Түркістан
С) Тобыл, Орал,Сібір
Д) Сырдария,Семей,Ақмола
20. Қоқандықтар мен орыс әскерлерінің арасында Ұзынағаш түбіндегі шайқас өтті:
А) 1860 жылы
В) 1855 жылы
С) 1859 жылы
Д) 1863жылы
21. Бөкей Ордасын құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы:
А) І Алексанр
В) І Николай
С) І Павел
Д) ІІ Екатерина
22. Ұлы жүз аумағында Қастек бекінісінің салынған мерзімі:
А) 1860 жылы
В) 1859 жылы
С) 1865 жылы
Д) 1854 жылы
23. 1786 жылы Игельстромның жобасымен құрылған Кіші жүздегі әкімшілік билік:
А) Полиция басқармасы
В) Шекаралық сот
С) Пристав
Д) Шекаралық комиссия
24. 1822 жылғы « Жарғы» бойынша енгізілген басқару жүйесі:
А) билер кеңесі
В) сұлтандық
С) округтік
Д) әскери-азаматтық
25. Кенесары ханның өмір сүрген жылдары:
А) 1802-1845ж.ж
В) 1802-1840ж.ж
С) 1803-1849ж.ж
Д) 1802-1847ж.ж
26. Кіші жүз хандарын ел басқару уақыты бойынша ретімен қойыңыз:
1) Әбілқайыр хан 2) Ералы хан 3) Есім хан 4) Нұралы хан 5) Айшуақ хан
А) 1.2.3.4.5
В) 2.3.5.4.1
С) 1.4.2.3.5
Д) 1.5.4.3.2
27.« Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже»
қабылданған жыл:
А) 1869 жылы
В) 1868 жылы
С) 1865 жылы
Д) 1867 жылы
28. 1847 жылы қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің биі:
А) Сыпатай
В) Масан
С) Бекболат
Д) Баранбай
29. 1870 жылға Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары
А) Иса Тіленбайұлы,Есет Көтібарұлы
В) Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Есет Көтібарұлы
С) Арыстан Жантөреұлы,Кенесары Қасымұлы
Д) Досан,Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы
30. 1791 (1792) жылы Елек бекінісіне шабуыл жасаған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы:
А) Е.Көтібарұлы
В) М.Өтемісұлы
С) Ж.Нұрмұхамедұлы
Д) С.Датұлы
31. .1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы жарғының мақсаты:
А) Ұлы жүзде хандық билікті жою
В) Кіші жүзде хандық билікті жою
С) Орта жүзде хандық билікті жою
Д) Хандық билікті қалпына келтіру
32. Бөкей хандығына қатысты оқиғаларды хрологиялық ретімен қойыңыз:
1) Мешіттің ашылуы 2) Бөкейдің хан лауазымын алуы 3) Жәрмеңке ұйымдастырылуы 4)Алғашқы зайырлы мектеп ашылуы 5) Жәңгірдің хан сайлануы
А) 2.5.3.1.4
В) 5.4.3.2.1
С) 2.5.3.4.1
Д) 4.3.2.5.1
33. Исатай мен Махамбет старшын болған ру:
А) Адай
В) Байбақты
С) Беріш
Д) Табын
34. Омбы бекінісінің салынған жылы:
А) 1720 ж.
В) 1724 ж.
С) 1714 ж.
Д) 1716 ж.
35. Бөкей Ордасының Жиделі жерінде дүниеге келген күйші:
А) Қазанғап
В) Құрманғазы
С) Тәттімбет
Д) Дәулеткерей
36. «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы Ереже» бекітілді:
А) 1889 ж.
В) 1867 ж.
С) 1891ж.
Д) 1868 ж.
37. ХХ ғасырдың басында жарық көрген Ш.Құдайбердіұлының кітабы:
А) «Тар жол,тайғақ кешу»
В) «Адасқан өмір»
С) «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі
Д) «Шұғаның белгісі»
38. Исатай әскерімен жазалаушылар арасында Тастөбе жерінде шайқас өтті:
А) 1836 жылы қарашада
В) 1837 жылы қарашада
С) 1838 жылы қарашада
Д) 1839 жылы қарашада
39. Абылай ханға жақын болған оны жырға қосқан ақын,жыраулар:
А) Көтеш,Шортанбай
В) Тәтіқара,Үмбетей
С) Жанақ,Доспамбет
Д) Сүйінбай,Жанақ
40. Бұланты өзенінің бойында қазақ қолы жоңғарларды ойсырата жеңген жер:
А) Қозыбасы
В) Қошқарбасы
С) Алтынемел
Д)Қарасиыр
41. 1838 жылы Елек бекінісіне шабуыл жасаған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы:
А) Е.Көтібарұлы
В) М.Өтемісұлы
С) Ж.Нұрмұхамедұлы
Д) С.Датұлы
42. 1867-1868 жылғы реформа негізінде облысты басқарды:
А) Генерал-губернатор
В) Әкім
С) Болыс
Д) Әскери- губернатор
43. Орал,Торғай көтерілісшілер мен Фон Штемпель басқарған жазалаушы отряд арасында шайқас өткен жер:
А)Жамансай
В) Ақбұлақ
С) Ойрантөбе
Д) Тастөбе
44. 1841 жылы Жәңгір хан ашқан:
А) мұғалімдер мектебі
В) әскери училище
С) зайырлы мектеп
Д) медресе
45. Исатай Тайманұлы өмір сүрген жылдар:
А)1791-1838 жж.
В) 1800-1839 жж.
С)1809-1840 жж.
Д)1804-1858 жж.
46. Императрица Анна Иоанновна Кіші Жүзді Ресей қол астынаалу туралы грамотаға қол қойған жыл
А) 1730 ж.
В)1731 ж.
С) 1734 ж.
Д) 1718 ж.
47. 1783-1797 жылдары көтерілісті басқарған тарихи тұлға:
А)Сырым Датұлы
В) Жоламан Тіленшіұлы
С) Исатай Тайманұлы
Д) Кенесары Қасымұлы
48. Есет батыр көтерілісі аяқталған жыл:
А)1854 жылы
В)1856 жылы
С)1858 жылы
Д)1857 жылы
49. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр басшылық еткен шайқас:
А) Аягөз бойындағы шайқас
В) Айғыржар шайқасы
С) Орбұлақ шайқасы
Д)Аңырақай шайқасы
50. 1858-1859 жылдары Шоқан Уәлихановтың жасаған сапары:
А) Петербург сапары
В) Алатау қырғыздарына сапары
С) Қашғария сапары
Д) Әулиеата сапары
51. Ұйғыр мен дүңгендердің Жетісуға қоныс аудару мәселесі шешілген шарт:
А)«Құлжа»
В)«Шеуешек»
С)«Петербург»
Д)«Нанкин»
52. «Аңырақай шайқасы» өткен өңір:
А)Балқаш көлінің оңтүстігінде
В)Аралдың оңтүстігінде
С) Балқаш көлінің солтүстігінде
Д)Зайсан көлінің солтүстігінде
53. ХVІІІ ғасырдың 70- жылдары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары белсене қатысқан көтеріліс:
А) Д.Пожарский көтерілісі
В) И.Болотников көтерілісі
С) К.Минин көтерілісі
Д)Е.Пугачев көтерілісі
54. Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өткен жерлер:
А)Құсмұрын,Сырымбет
В)Ерейментау,Атбасар
С) Баянауыл,Ақшиман
Д) Қарқаралы,Нұра
55. Бөгенбай батырға жоқтау жырын арнаған белгілі жырау:
А) Ақтамберді
В) Сүйінбай
С) Жанақ
Д) Үмбетей
56. 1883 жылы Ор (Орск )қаласында ашылған оқу орны
А) Кадет корпусы
В) Қазақ мұғалімдер мектебі
С) Заң мектебі
Д) Әскери училище
57. ХVІІІ ғ.Тарбағатайдағы дәстүрлі мал жайылымындарын қайтаруға күш жұмсаған хан:
А) Абылай
В) Жолбарыс
С) Қасым
Д) Есім
58. Цин және Ресей империясына қатысты бейтараптық саясат ұстанған билеуші:
А) Нұралы
В) Жолбарыс
С) Тәуке
Д) Абылай
59. 1726 жылы қазақтар құрылтай өткізген жер:
А) Битөбе
В) Аягөз
С) Ордабасы
Д) Күлтөбе
60. Сырымбет» ,«Алты-басар», «Балқадиша» әндерінің авторы
А) Мұса Байжанұлы
В) Мәди Бәпиұлы
С) Ақан сері Қорамсаұлы
Д) Біржан Қожағұлұлы
61. Қазақ даласын Орта Азияның ішкі аудандарына кіретін «кілт пен қақпа деп қарады:
А) Анна Иоановна
В) І Петр
С) ІІ Петр
Д) ІІ Екатерина
62. Көмекей әулие атанған жырау:
А) Ақтамберді жырау
В) Үмбетей жырау
С) Тәтіқара жырау
Д) Бұқар жырау
63. Е.Пугачев бастаған көтеріліске қолдау көрсеткен ақсүйектер
А) Ералы,Сыздық
В) Сейдалы,Қасым
С) Айшуақ,Сыздық
Д) Досалы,Айшуақ
64. Ақылдылығы мен тапқырлығы үшін «бала би» атанған ұлт-азаттық көтеріліс басшысы.
А) Д.Тәжіұлы
В) С.Датұлы
С) К.Қасымұлы
Д) Ж.Тіленшіұлы
65. ХVІІ ғасырдың аяғында дүниеге келген заңдар жинағы:
А) «Қасым ханның қасқа жолы»
В) «Есім ханның ескі жолы»
С «Жасақ»
Д) «Жеті жарғы»
66. Жетісу облысы,Верный уезінде орналасқан жәрмеңке:
А) Тайыншакөл
В) Талды-Қоянды
С) Қарқара
Д) Бұқтырма
67. ХХ ғасырдың басында жарық көрген М. Ж. Көпейұлының кітабы:
А) «Тар жол,тайғақ кешу»
В) «Сарыарқаның кімдікі екендігі»
С) «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі
Д) «Тауарих хамса»
68. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің оқиғаларын хронологиялық дұрыс ретімен анықтаңыз:
1) Кекілік Сеңгір шайқасы 2) Кенесарының хан сайлануы 3) Долгов пен Герн елшілігі 4)Ақмола бекінісіне шабуылы
А) 3.4.1.2
В) 3.2.1.4
С) 2.3.4.1
Д) 4.2.3.1
69. .«Сібір қазақтарының жарғысы бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі:
А) Үш буынды
В) Төрт буынды
С) Алты буынды
Д) Бес буынды
70. ХІХ ғасырда Сыр бойындағы қазақтардың Ресейге қарсы күресі басталды:
А) 1858 жылы
В) 1853 жылы
С) 1855 жылы
Д) 1856 жылы
71. Бөкей Ордасының Жиделі жерінде дүниеге келген күйші:
А) Қазанғап
В) Құрманғазы
С) Тәттімбет
Д) Дәулеткерей
72. 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін көтеріліс өткен жер:
А) Жетісу мен Торғай
В) Маңғыстау облысы
С) Сырдарияның төменгі ағсы
Д) Орал мен Торғай
73. ХІХ ғасырдың аяғында саяси жер аударудың басты орталығы болған қалалар:
А) Ақмола ,Семей
В) Орал,Орынбор
С) Орынбор,Омбы
Д) Ақмола,Ақтөбе
74. Тарихи тұлғаларды ертеден кейінгіге қарай хронологиялық дұрыс ретін анықтаңыз:
1)Кенесары 2) Абылай 3) Айшуақ 4) Қасым
А) 4.2.3.1
В) 4.1.3.2
С) 1.2.3.4
Д) 2.3.4.1
75. Кіші жүздегі хандық билік жойылды:
А) 1822 жылы
В) 1824 жылы
С) 1867 жылы
Д) 1731 жылы
76. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысқан батырлар:
А) Ағыбай,Иман,Бұқарбай
В) Райымбек,Елшібек,Қойгелді
С) Баян,Саурық,Тайлақ
Д) Жалаңтөс,Қалқаман,Жауғашар
77. 1843жылы маусымда І Николай Кенесарының көтерілісін басу үшін жіберді:
А) Полковник Гекенің отрядын
В) Сотниковтың отрядын
С) Старшина Лебедевтің отрядын
Д) Жантөре сұлтанның отрядын
78. Біржан-сал Қожағұлұлының әндері:
А) «Балқадиша», «Құлагер»
В) «Ғашығым», «Айтбай»
С) «Хаулау», «Ақсиса»
Д) «Толғау», «Сұршақыз»
79. 1836-1838 жылдарындағы Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан ақындар:
А) Махамбет,Шернияз
В) Әсет,Базар жырау
С) Мұрат,Біржан
Д) Жөже,Сүйінбай
80. 1856 жылы Қазалы бекінісін қоршап алды:
А) Сырым Датұлы
В) Жолман Тіленшіұлы
С) Махамбет Өтемісұлы
Д) Жанқожа Нұрмұхаммедұлы
81. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы облыстар саны:
А) Екі
В) Үш
С) Төрт
Д) Алты
82. Кіші жүздің елшілері Ресей құрамына кіру туралы өтінішті табыс ету үшін Петербургке аттанды:
А) 1729 жылы
В) 1732 жылы
С) 1734 жылы
Д) 1730 жылы
83. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде басқарудың ең төменгі сатысы:
А) Губерния
В) қала
С) Уезд
Д) Ауыл
84. Бұланты өзенінің бойында жоңғарларға соққы берілген шайқас:
А) «Орбұлақ»
В) « Қалмаққырылған»
С) «Жоңғар күйреуі
Д) «Аңырақай»
85. 1824 жылы құрылған округ:
А) Үшбұлақ
В) Семей
С) Аягөз
Д) Көкшетау
86. Ыбырай Алтынсаринің өмір белестерін уақыт бойынша ертеден кейінгіге қарай ретімен қойыңыз:
1)Орынбор шекара комиссия жанындағы мектепті алтын медальмен бітіруі 2) Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалуы 3) Торғай қаласында бастауыш мектеп ашуы
А) 3.1.2
В) 3.2.1
С) 1.3.2
Д) 2.3.1
87. ХVІІІ ғасырдың 40-50 жылдары патша үкіметінің солтүстік-шығыс Қазақстан жерінде орнатқан бекініс шебі:
А) Алтай шебі
В) Жайық шебі
С) Сібір шебі
Д) Ертіс шебі
88. Шығыс Қазақстан облысы аумағында жерленген халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі:
А) Жанақ
В) Тәтіқара
С) Ақтамберді
Д) Бұқар
89. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болған соң хан тағына отырған мирасқоры:
А) Бөкей
В) Уәли
С) Қасым
Д) Жәңгір
90. ХІХ ғасырда Орал облысындағы атақты жәрмеңке:
А) Ойыл
В) Лепсі
С) Ақмола
Д) Семей
91. 1868 ж.Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы Ережеге сәйкес жан басына берілген жер көлемі:
А) 95 десятина
В) 100 десятина
С) 96 десятина
Д) 30 десятина
92. Семей қаласының іргесі қаланды:
А) 1718 ж.
В) 1716ж.
С) 1714 ж.
Д) 1720 ж
93. 1891 жылғы 25 наурыздағы «Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар:
А) Ақмола,Семей,Жетісу
В) Жетісу, Омбы,Семей
С) Сырдария,Ферғана,Самарқан
Д) Жетіс,Орал,Торғай
94. 1761 жылы Жоңғар хандығының орнына құрылған аймақ
А) Шәуешек
В) Құлжа
С) Шыңжан
Д) Іле
95. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс болған уақыт:
А) 1837-1847 ж.ж.
В) 1856-1857 ж.ж.
С) 1773-1793 ж.ж.
Д)1860-1870 ж.ж.
96. 1735 жылы Қазақстанның солтүстік батысындағы өзен бойына салынған бекініс:
А) Жәміш
В) Коряков
С) Ор
Д) Железинск
97. ХХ ғ. басында Орынбор-Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны:
А)10-15 мыңға жуық
В)15-20 мыңға жуық
С)20-25 мыңға жуық
Д) 30-40 мыңға жуық
98. Бөкей Ордасындағы көтеріліс барысында көтерілісшілер Жайық өзенінен өтті:
А) 1836 жылы наурызда
В) 1837 жылы 13 желтоқсанда
С) 1837жылы 15 қарашада
Д) 1838 жылы12 шілдеде
99. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде Александровск форты маңындағыкөтерілісшілер саны:
А) 20 мың
В) 12 мың
С) 10 мың
Д) 17 мың
100. Жоңғар хандығының тарихи сахнадан жойылған жылы:
А) 1759 жылы
В) 1758 жылы
С) 1757 жылы
Д) 1754 жылы