Файл: Акселерация жасспірімдерді денесіні дамуыны уаыттан брын, тез арынмен деп жруі балалармен жасспірімдерді жынысты жетілуіні суі мен дамуыны крт жылдамдануы..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Глоссарий

Орындаған: Шерхан Нұрмұхаммет

Тобы:ЕП20-4к

Қабылдаған: Айтуған Мейірбек

Шымкент, 2021ж

1. Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жасөспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.

2. Ретардация (лат. Retardatio - баяулау)қарама-қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында, 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді.

3. Реактивтілік- сыртқы орта ықпалдарына тұтас организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қабілеті немесе қасиеті.

4. Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

5. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

6. Синапстар – қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар. Сигналдарды өткізеді және оларды өңдеп өзгертіп отырады. Синапстер нейрондардың бір-бірімен қатысына мүмкіндік туғызып, нерв жүесінің, ми қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

7. Нейрон - жүйке жүйесінің негізгі құрылыстық блогы болып табылатын жүйке жасушасы.

8. Иррадиация — ауырсыну сезімінің үшкіл нерв бойымен бет-жақ тұсына тарауы. Мысалы, белгілі бір тіс ауырса, оның қақсаған, солқылдағаны самай бет, құлаққа дейін жетеді.

9. Гиподинамия — қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.


10. Жұлын — адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.

11. Рефлекс— ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.

12. Анализатор — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі.

13. Дальтонизм (түсті ажыратпаушылық) — көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмаушылық.

14. Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тівдері және жасушаларының әре-кеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді.

15. Дендриттер - тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады.

16. Аксон (гр. axon — білік, ось) — цитоплазмасында протеин түзуші органеллалары болмайтын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі.

17. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

18. Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшықеттеріне үнемі нерв импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады.

19. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді.

20. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады.



21. Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.

22. Эмоция — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

23. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау.

24. Диоптрия- Жарық сындыру қабілеті кезінде сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшем.

25. Астигматизм— көз рефракциясының бұзылуы. Бұл дегеніміз көздің анық көрмеуі. Ол алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікпен бірге байланыса дамиды.