Файл: 8 кейс Баталасты Тапсырма.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

8 кейс «Бақталастық»

Тапсырма:

Төменде сипатталған жағдайдың даму динамикасында қандай кедергілер айқын көрінетінін анықтаңыз.
Ұйымда бөлімдердің бірінің басшы лауазымының орны босады. Оған жоғары білікті және осы кәсіпорында жақсы жұмыс өтілі бар екі қызметкер – К және У есімді үміткер.

Басшы хатшыға шешім қабылдау үшін, отырысқа екеуін де шақыруды тапсырады. Уақытында К есімді қызметкер қана келді. Таң қалған басшы не болғанын анықтай бастады.

Басшының хатшысы отырысқа келулері туралы К есімді қызметкер хабарлап, оған У есімді қызметкерге де хабарлауын сұраған. К есімді қызметкер У есімді қызметкерге бірден айтпақ болғанда, У есімді қызметкер орнында болмаған, кейінірек хабарлауға мүмкіндігі болмаған, себебі жедел шаруалармен басқа ұйымға шығып кеткен. Басшы хатшыны У есімді қызметкерге шақыруға жіберді, бірақ ол орнында болмағандықта, жиналыс келесі аптаға кейінге қалдырылды. Басшы хатшыға қатаң ескертті және оған екінші үміткерге кездесу уақыты туралы жеке хабарлауды бұйырды.

Хатшыдан болған жағдай туралы білгеннен кейін, У есімді қызметкерге қарсыласы оған жиналыс туралы әдейі хабарламады деп ойлап, ол ойын әріптестеріне айтты. Әріптестердің пікірлері екіге бөлінді: біреу У есімді қызметкерге келісті, ал басқалары: "бәріне кінәлі - хатшы" деп ойлады. Ал біреулер У есімді қызметкерлерді қарсы қойып жүр деп айтты.

Содан басталды ... екі үміткер де бір-бірін сырттарынан жала жапты деп айыптады, ескі өкпе-реніштерін еске түсірді, жаңаларын естерінде сақтап қалды.

Бұл жолы басшының бос болмауына байланысты тағы бір рет кейінге қалдырылған шешуші кездесу кезінде К және У есімді қызметкермен бір-бірімен бұрыннан жауласып келе жатқан сияқты пікір туындатты.