Файл: Блім Сз жне оны маынасы Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Сөз және оның мағынасы

Педагогтің аты-жөні:

Кененбаева А.

Күні:

2.05.2023ж.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мұғалім. Заттың сынын білдіретін сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Сөйлемнен заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды.

Сөйлемдегі айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді қатесіз көшіріп жазады.



258



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық.

«Көрші» тренингі.

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Шарты:

Оң жақтағы көршіңді құшақта, Сол жақтағы көршіңді құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Сабақты бастайық,

Біз – үлкен отбасы.

(Оқушылар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығу жасайды).

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы оқушылар қимыл- қозғалыстар арқылы жасайды.

ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.

Таныстырылым

Ортасы

«Түймедақ»

  • Балалар, біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінейік. Ол үшін тақтадан ілініп тұрған түймедақтың күлте жапырақшаларынан біреуін таңдап аласыңдар. Күлте жапырақтағы сан бойынша 2 топқа бөлінеміз.

  • Ал енді, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін экрандағы суреттерге назар аударайық.

«Бұл қандай мамандық?»

Экрандағы суреттерге қарап, мамандық атауларын айту.

  • Қараңдаршы, бұл қай мамандық иесіне қажет құралдар деп ойлайсыңдар? (қалам, дәптер, бор, мәшине, жанармай, жүргізуші куәлігі, қылқалам, бояу т.б.) Мұғалім, жүргізуші, суретші.

  • Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Мұғалім».

  • Мұғалім деген кім? Ол қандай жұмыс атқарады?

Топқа бөлінеді.


Интербелсенді тақтадан құралдардың қай мамандық иесі екенін айтады.




Түймедақтың күлтежапырақ- шалары





– Тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер? Ол үшін жұптық жұмыс орындайық.

Жұптық жұмыс

Мұғалім осы мамандыққа қатысты суреті бар карточкаларды (дәрігер, мұғалім, суретші, аспаз) үстелдің үстіне қояды. Бірінші оқушы бір карточканы көрсетіп, сұрақ қояды. (Бұл кім?) Екінші оқушы жауап береді. Содан кейін екінші оқушы сұрайды, бірінші оқушы жауап береді.

Мамандықтар. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен мамандық атауларын және олардың не істейтінін сұрауды үйренеді.

Мысалы: Дәрігер не істейді? Дәрігер емдейді. Оқушылар суретке қарап, толықтырып, оқу арқылы мамандық иелерінің не істейтінін айтып үйренеді. Оқушылар мамандық атауларын

тағы бір пысықтап, оқытады, емдейді, сурет салады, тамақ пісіреді сияқты тіркестерді айтып жаттығады.

Автор туралы. Рақымжан Өтегенов журналист, ақын. 1949 жылы Құлжада дүниеге келген.

Алғашқы өлеңі – «Жас керуен».

1-жаттығу. «Мұғалім»

Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.

  2. Өлеңді QR кодпен тыңдатады.

  3. Жеке оқушыларға оқытады.

  4. Сөздік жұмысын жүргізеді. Қиын сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мысалы: мейіріммен бізге қараған.

  5. Тізбектей оқытады.

  6. Мазмұнына байланысты сұрақ қояды.

  7. Жеке оқушыларға оқытады.

Сұрақ-жауап

– Ақын мұғалімді қалай сипаттаған?


(ЖЖ) Мұғалім мамандығы туралы айтады.


Белсенді оқу тапсырмалары (топта, ұжымда)


ҚБ. «Бас бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.

ҚБ.

«Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалау.





259



260






  • Шуақты, ыстық сөздеріне сұрақ қойыңдар.

  • Осы сөздер арқылы біз мұғалімдердің мейірімді, ерекше қамқор екенін білдік. Олай болса, заттың сынын білу үшін қандай сұрақ қойдық?

Оқушылар өздері тұжырым жасап, мұғалімнің көмегімен қорытындылайды.

Ережемен таныстыру. Хормен оқу. Оқушыларға мысал келтірту. Жеке оқушыларға оқыту.

Дәптермен жұмыс

Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру.


Әріптерді байланыстырып жазу.

Көркем жазу

Мейірімді, ұстаз сөздерін көркем жазады.







2-жаттығу. Сөйлемдерді жеке оқушыларға оқытады. Тақтаға жазғызады. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызғызады.

Басқа оқушылар орындарында отырып, көшіріп жазады.

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызады.




Фонематикалық естуді дамыту:

Ім-ім-ім – мұғалім. Ші-ші-ші – суретші. Ші-ші-ші – биші.

Шы-шы-шы – құрылысшы. Ер-ер-ер – дәрігер.

Сергіту сәті. «Қолтырауын» ойыны

Шарты: бірінші топтан бір қатысушы парақтағы сөзді (мамандық иесін) екінші топқа іс-қимыл арқылы жасырады. Екінші топ табу керек.

Топтар кезектеседі.

Аспаз, суретші, хатшы, даяшы, журналист, заңгер, мұғалім, құрылысшы, медбике, әнші мамандықтарын жасыруға болады.


Дыбыстарды дұрыс айту жаттығуын айтып береді.


ҚБ. «Бас

бармақ» арқылы бір-бірін бағалау.





Артикуляциялық жаттығу. «Әткеншек» 3-жаттығу. Жаңылтпашты QR кодпен

тыңдатады. Мағынасын түсіндіреді. Қол ұстас

сөзін қимылмен көрсетеді. Жаңылтпаштың мазмұнына сай қимылдар жасатады. Жеке оқушыларға үш реттен айтқызады. Тыныс белгісіне назар аудартады. Дәптерлеріне жатқа жазғызады.

Қол ұстас (қолдарын ұстасады)

Бұл ұстаз

Жас ұстаз (қолдарымен көрсетеді).


Артикуляциялық жаттығу жасайды.

3-жаттығу. Жаңылтпашты тыңдап, жатқа жазғызады.







Соңы

«Маманға не қажет?» ойыны

Шарты: тақтаға мамандық иелерінің суреті ілінеді. Тыңдаушылар екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңіске жетеді.

Аспаз, мұғалім, әнші, дәрігер. Тест жұмысын жұпта орындау.

Дәрігер… а) оқытады ә) емдейді

б) үй салады

Ойын ойнау арқылы әр мамандық иесі туралы мағлұматтар айтады.
Тест орындап, жұпта тексереді. Дұрыс жауаптары тақтада ілулі тұрады.




Топтық тапсырмалар




Мұғалім... а) емдейді ә) оқытады

б) киім тігеді

Құрылысшы... а) үй салады ә) оқытады б) тігеді








261



262






Тігінші... а) оқытады ә) тігеді

б) тоқиды

Ұшқыш... а) ұшады ә) тігеді б) салады

Сақшы... а) ұшады ә) бағады

б) қорғайды










Кері байланыс

Бүгінгі сабаққа «Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс береді.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.

«Жетістік баспалдағы»

Кері байланыс тақтайшасы