Файл: Еркіндік философиясы таырыпа арналан кейс I. Теориялы материалды оу.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 21
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Еркіндік философиясы» тақырыпқа арналған кейс
I. Теориялық материалды оқу
1 мақсат. Еркіндік адамның мәні ретінде түсінудің негізгі мазмұнын білу және түсіну
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша түсінікке ие болу (әдебиеттермен жұмыс істеу және ақпаратты іздеу)
2 мақсат. Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру
Студенттер ерік еркіндігі әртүрлі теорияларына салыстырмалы талдау жасай алады
Тақырыптың мазмұны (оқуға арналған сұрақтар)
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
Абайдың "толық адам" концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары
Әдебиеттер:
Серік Мырзалы. ФИЛОСОФИЯ. Оқулық баспа, 2008
https://www.youtube.com/watch?v=VXOofil6_Ls
file:///C:/Users/Asus/AppData/Local/Temp/Temp4_29-01-2020_12-12-34.zip/1235_zagiparov_k.f_filosofiya_sulbalar_sizbalar_jane_tusindirmeler._okhu_khurali_k.f._zagiparov.pdf
https://helpiks.org/7-1406.html
file:///C:/Users/Asus/Desktop/фф%20каз/filosofiya_tarihy%20(4).pdf
http://iph.kz/doc/ru/635.pdf
https://www.youtube.com/watch?v=pMIM-xr6nzQ
II. Практикалық сабақ (кесте бойынша)
Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру
Келесі сұрақтарға жауап береніз:
1. Ерік еркіндігі деп философияда нені түсінеміз?
2. Сіз теріс және оң еркіндік айырмашылығын қалай түсінесіз, нені қалайсыз және неге?
3. Либералды еркіндікке қандай құндылықтар жатады? Қазіргі қоғам либерализмге ұмтылуы керек пе?
4 Абайдың он жетінші қара сөзінің қандай мағынасы бар?
«Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай
болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.
- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.»
5. Философтардың еркіндік туралы бір дәйексөзін таңдап, оның мағынасын түсіндіріңіз.
6. "Адам адамға дос. Өйткені бәрі өмірде. барлығы бірдей, бәрі де өлім.». "Барлық адамдар бір — біріне қонаққа барады, адамның өзі-бұл өмірдегі қонақ, сондықтан жала жабу, байлық үшін дұшпандық, біреудің бақытына қызғану, ұсақ-түйектерге байланысты бір-біріне қол тигізу керек пе?"(34 сөз).
Абайдың осы жолдарын "адам адамға қасқыр" тезисімен салыстырыңыз. Оларда қандай қарама-қарсы дүниетанымдық принциптер көрініс табады